ҰБТ-ның жаңа форматының ерекшеліктері


Үкіметте Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан отырыста ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-ның жаңа форматының ерекшеліктері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Е.Сағадиевтің айтуынша, министрлік қорытынды аттестациялауды бөлу жұмыстарын жүргізген.
Енді түлектер мектепті бітіру сынағын және ЖОО-ға қабылдау емтиханы ретінде ҰБТ тапсырады.
Мектептегі қорытынды аттестация 5 пәннен тұрады, оның 4-еуі – міндетті, 1 пән — таңдау бойынша. ҰБТ ЖОО-ға қабылдау емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде сақталады, бірақ оның форматы өзгереді. Бұрын 5 пәннен 125 сұрақ беріліп, оның ішінен 4 пән бойынша 100 сұрақ есептелетін. Ал 2017 жылғы ҰБТ форматында 120 сұрақ қарастырылып, барлығы есептеледі. Кейбір сұрақтардың жауабына 2 балл берілетіндіктен, ең жоғарғы көрсеткіш – 140 балға тең. Сауалдар 5 пәннен қойылады, олардың 3-еуі – міндетті, 2-еуі талапкер жоспарлаған ЖОО-дағы мамандыққа байланысты бейіндік пән болады. Тестілеу уақыты да өзгермейді – 3 сағат 30 минут. Өту балы да өзгерген жоқ — 50 балл. 2017 жылы ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, сондай-ақ түлектерге оны 2017 жылдың тамызы мен 2018 жылдың қаңтарында қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/149720-bt-zha-a-formaty-t-lekterdi-bilim-de-gejin-na-tyra-any-tau-a-zhol-ashady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде http://www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на http://www.24.kz

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s