Құттықтау


Түркістан қаласы Некрасов атындағы
№ 9 мектеп-гимназия басшысы
Орынбаева Жаңыл Әнішқызын
27 қараша туған  күнімен құттықтаймыз!

Некрасов мектебінің директоры,
Көшті бастап жүргізеді ілгері.
Байқалады кәсібилік деңгейі,
Атқарылған істерінен сүбелі.

Гимназия статусына мектеп ие,
Жаңа бағыт, жаңа жол, жаңа жүйе.
Күннен күнге жанданып, өркендеуде.
Еңбек етер әр ұстаз ісін сүйе.

Арманымен мақсаты айқын ұжым,

Бір жердің ас-нанын жеп, татқан тұзын.

Талай асу-белесті бағындырған,

Күн артынан өтуде күндер ұзын.

Білім ошағын жарқыратқан, маздатқан,

Бір мектептің шамшырағын ол жаққан.

Бір ұжымды салиқалы басқарып,

Елбасының әр жолдауын қолдатқан.

«Үздік» болып, дүйім жұртқа танылған,

Дара туған ұжым риза дарыннан.

Басшысынан тәлім алып әр ұстаз,

Жаман ойдан басы бүтін арылған.

Әр ұстазды биік шыңға шақырған,

Әріптесім деп мерейін асырған.

Мектебім деп шыр-пыр болып жүретін,

Ұжым риза сондай жаны асылдан!

Құтты болсын, Жаңыл ханым, туған күн

Ұжым сізге алғыс айтар бүгін шын.

Ұстаздардан болсын бір-ақ ақ тілек:

Басыңызға бақыт нұры төгілсін!

Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназия

ұжымы, Түркістан қаласы.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s