Мұғалім өз сабағын қалай беруді ғана ойламау керек немесе сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер туралы пікір


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр. 1 — санат

Кейбір әріптестер сабақ жоспарын жасағанда әдіс тәсілдердің ерекшелігі мен сыныптағы оқушылардың сол күнгі психологиялық ахуалын ескере бермейді. Көбінесе, бесінші және алтыншы сабақтарда өздерінің сүйікті әдіс тәсілдері постер қорғату, жигсо әдісі, қарлыкесек және де тағы басқа әдістерін қолданады. Бұл әдістер оқушы үшін қосымша жүктеме (нагрузка) болады деп есептеймін. Тәжірибемде байқағаным, оқушының төртінші сабақтан кейін психологиялық қабылдау жадысы төмендейді. Сол 5-6 сабақтарда бар болғаны менің анализ жасауым бойынша алатын ақпараттың 40 пайызын ғана қабылдайды, өйткені шаршаңқы көңіл күймен отырады. Сабақ барысындағы қосымша жүктемелер тағы кері әсерін тигізеді. Соның салдарынан оқушы шаршап шалдығады. Көбінесе бесінші алтыншы сабақтарға жеңіл әрі қысқа әдіс тәсілдерді түрлендіріп қолданғанды дұрыс деп есептеймін. Ол әрбір мұғалімнің өз методикасына байланысты.

Әдіс тәсілдерді расписания бойынша болатын сабақтарға бөліп қою керек деп есептеймін. Бірінші сабақта қолданатын әдіс тәсілдер, екінші сабақта қолданатын әдіс тәсілдер, үшінші сабақта , төртінші сабақта, бесінші сабақта, алтыншы сабақта қолданатын әдіс тәсілдер деп.

Сосын көптеген әріптестерім Блум бойынша сабақ жоспарлағанда минутқа бөліп қояды екен. Ал сол минутқа бөлген өзінің жоспары бесінші және алтыншы сабақтарда дәл солай алып шығады дегенге өз басым сенбеймін. Жеке тәжірибиеме сүйеніп айтып отырмын. Деңгейлік курсты оқып келген мұғалімдерге мүлде сай келмейді. Әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай білгенде ғана Блум бойынша алып шыға аласың, көптеген әріптестер сабақ бергенде уақыты жетпей қалады немесе асып кетіп жататыны содан. Өз басым сабақты 45 минутқа еш қашан жоспарлаған емеспін 40 минутқа жоспарлаймын бағалау кері әсер парағы бәрі осының ішіне кіреді, қалған 5 минутты резервте ұстаймын себебі тақырыпқа байланысты қызықты мәліметтер мен хрестоматиялық мәліметтерді таныстырып өтемін, өзім айтып және көпір әдісі арқылы келесі сабақтың тақырыбына таныстырылым жүргіземін.

Қорытындысында оқушылар қызығып кетеді ағай ағай келесі сабақта да осындай қызықты мәлімет айтасызба деп құштарланады, иә айтамын десең болды ура күтеміз дейді де келесі сабағына кете береді.

Бұл әдіс тәсілді мен 5-8 сыныптар аралығында қолдансам 9-11 сыныптар арасында оқудың маңыздылығы қандай екені туралы өмірден мысал келтіремін 1-2 минут, есесіне оқымай отырған оқушының өзі ойланып ну ағай оқу керек деп қалай айтқанын білмей қалады. Шаршап отырған оқушыларға осылай сергектік сыйлап келесі сабағына шығарып саламын.

Мұғалім өз сабағын қалай беруді ғана ойламау керек, ол келесі сабаққа баратын көңіл күйін де көтеріп жігерлендіріп, ынтазарларын ашып жібере білу керек. Міне осылай істегенде ғана оқушыға сыйлысың, сабағыңа ынта жігерімен кіреді. Бұны менің методикам деп білерсіздер. Сіздермен бөліскенім үшін сіздерге үлкен рахмет.

Редакциядан хабарландыру: Келесі материалдарда ұстаз Джумабеков Даниярдың оқушыларға арналған мотивациялық іс-тәжірибесімен күнделікті мақалалар жариялаймыз.

Жарияланатын мотивациялық іс-тәжірибелер тақырыптары: «Құрт түскен алма», «Сіріңкенің шиі», «Балға мен шеге » , «Эстафеталық сұрақ»

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s