«Құрт түскен алма» Мотивациялық әдістеме


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр. 1 — санат

 

Мотивация тарихы: Бізде оқушы көп болғандықтан тағы бір сынып ашылған. Маған 7″б» сыныбын берген болатын. Үлгерімі төмен оқушылар көп екен, сабақ барысында көрдім.

Оқушыларды қалай ынталандырсам болады, білімге, сабағыма және басқалардың сабақтарын құштарлықпен оқытатындай деп көп ойланып жүрдім.

Бір күні жеке шаруаларыммен егіс басында жүргенімде Айбек есімді оқушым кездесті. Алма бағынан қысқа сақтауға деп алма теріп келе жатыр екен. Маған, Ағай дәм татыңыз деп сөмкеден алма алуымды өтініш жасады. Сөмкеден алма алғанымда қолыма құрты көп түскен алма ілікті. Оқушым да ыңғайсызданып, басқа алма алуымды өтінді.

Ал, құрт түскен алма оқиғасы маған жаңа мотивациялық әдістемеге түрткі болды. 

«Құрт түскен алма» Мотивациялық әдістеме

Кешкісін алма бақтан 3 кг құрт түскен алма мен 3 кг құрт түспеген таза алма жинап алдым.  Сабақта үстінде сыныптағы барлық оқушыларға құрт түскен алманы бір бірден таратып бердім де жеңіздер дедім, ешкім құрт түскен алманы жегісі келмеді. барлығын бақылап тұрып 1 минуттан кейін жемесеңіздер тастаңыздар оны неғыласыздар дедім. Бір оқушы тұрып ағай қоқыс жәшігіне тастасақ болады ма деді, мен өздеріңіз біліңіздер дедім. Барлығы құрт түскен алмаларын қоқыс жәшігіне тастады бірде біреуі алып қалмады. Сосын құрт түспеген алманы таратып бердім. де бір бір бірден жеңіздер деп едім барлығы жеді. Ешкім артынан жеймін демеді рахметтерін айтты оқушыларым.
Болдыңыздарма дедім болдық жеп ағай деді. Мен оларға алмалардың қайсысы жақсы құрттағаныма құрттамағаныма деп едім бәрі бір дауыспен құрттамағаны деді. Мен міне балалар білім алмаған, сабақ оқымаған адам құрттаған алма сияқты қоғамға қажетсіз болып қалады, оны ешкім құрттаған алма сияқты елемейді, керексіз етеді, ақырында өмірдің өзі ол адамды құрттаған алма сияқты тағдырдың қиын да қатал қоқыс жәшігіне лақтырады дедім де , ал құрттамаған алма қандай екен десем барлығы дәмді және әдемі әрі таза болады сырты деді. Мен міне балалар адам да құрттамаған алмаға ұқсай алады. Дәмді болса оны алған білімі деп түсініңіздер, әдемі болса тәрбиесі деп біліңіздер, тазалығын ұқыптылық пен жауапкершілікке балауға болады дедім.

Сосын топ басшыларына келесі сабақта оқымағандарға мен әкелетін құрт алмаларды тапсырмаларды оқымағандарға, орындамағандарға және құрт емес алмаларды сабақты тиянақты орындап келгендерге, айтқандарға таратып бересіздер дедім.

Нәтижесін бүгін үшінші сабағымда көрдім. Құрт алма салынған қораптың ауызы ашылмады, ал құрт түспеген алмасы бар қорап тез босап қалды. Сөйтіп бүгінгі сабағымның нәтижесінде оқымайтын оқушылардың өзі оқып келді. Сабақтың орындалуы 100 пайыз болды.

One comment

  • осындай мотивациялық жаттығулар үнемі өз нәтижесін береді деп ойлайсыз ба?

    Нравится

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s