8 санын қосу және азайту. Қайталау 2-сынып


Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»ММ-сі
бастауыш сынып мұғалімі Қилыбаева Жадыра Сағидоллақызы

Тақырыбы: Қайталау ±8

Мақсаты:

Білімділік: 8-ге қосу, азайтуды қайталай отырып, қосу, азайту әдістерін бекіту. Тірек білімдерін пысықтау. Берілген тапсырмаларды орындау.

Дамытушылық: Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, слайд

Әдісі: саяхат сабақ, сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік, эстафеталық ойын.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып-білім аламыз

ІІ. Өткенді пысықтау.

Үй тапсырмасын тексеру. 79-бет №6

6+6=12 12-6=6

16+6=22 22-6=16

26+6=32 32-6=26

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 8 санын қосу және азайтуды қайталау

Жаңа сабақ: Оқушылар біз әр тапсырмаларды орындай отырып, Қазақстан Республикасының алғашқы астаналарымен танысатын боламыз

№1.Ауызша орындау(дәптерге қосу кестесін пайдаланған есептерді жаздырту)

8+8=16 16-8=8 9+8=17 17-8=9 8+9=17 17-9=8

Жақсы балалар, біз бірінші есепті шығардық енді, Қазақстан Республикасының алғашқы астанасы-Семей қаласы. Семей қаласы 1917-20 жылдар аралығынды астанамыз болған. Семей қаласы аталғанда біздің есімізге Абай атамыз түседі. Абай атамыздың туған жері біздің алғашқы астанамыз. Абай Құнанбайұлының қандай өлеңдерін білеміз?

-Адам болам десеңіз, Қыс

Әрі қарай 2ші астанамызбен таныс болу үшін №3 есепті шығаруымыз керек

№3.Есептерді шығар. (Нұсқа бойынша шығару)

1-нұсқа: 2-нұсқа:

Қоян-3 ?сонша тауық Қаздар – 4

Үйрек – 4 Үйрек -4 ?

Тауықтар-20

Шешуі: 3+4=7 Ш: (4+4)+20=28

Жауабы: 7 тауық Ж: 28 құс

Ал, балалар біз үшінші есепті шығардық, енді ҚР екінші астанасы қай қала екенін білетін боламыз Ол-Қызылорда қаласы.1925-1929 жылдар аралығында ҚР астанасы болды. Қызылорда қаласында Қорқыт ата дүниеге келген. Қорқыт ата ойлап тапқан аспап?

-Қобызды ойлап тапты

Ұқсас есептерге уақыт үнемдеу мақсатында ауызша орындату

№5. Есептерді шығар. (Ауызша орындау,суреттермен түсіндіру)

1-нұсқа: 2-нұсқа:

Шарты: Шарты:

Бұзау-3 Сиыр-4 ?сонша жылқы

Қозы-3 ? Бұзау-3

Лақ-4

Шешуі:(3+3)+4=10 Шешуі:4+3=7

Жауабы:10төл Жауабы:7жылқы

Біз 5 есепті дұрыс шығардық, енді үшінші астанамызбен таныс боламыз. Бұл-Алматы қаласы.1929-1996жылдар аралығында ҚР астанасы болған. Алматыны еске алсақ біздің есімізге не түседі? Аты айтып тұрғандай-алма түседі. Байырғы аты-Алма-ата, 1996жылғы бұйрыққа сәйкес Алматы деп өзгертілген. Алматы қаласына биыл 1000 жыл. Алматы қаласның көрікті жерлері туралы айтып өту

Сергіту сәті

Поэззия минуты

Күләш Ахметова апамыздың «Астана» өлеңін тізбектей оқыту

№4. Өрнекті жаз және оның мәнін тап(Нұсқа бойынша бөлу)

1. 8+ а, а=20; 21; 9 8+20=28; 8+21=29; 8+9=17

2. а-8, а=28;29;17 28-8=20; 29-8=21; 17-8=9

Жақсы, біз 4 есепті де дұрыс орындадық. 4-ші астанамызбен танысатын боламыз, ол қазіргі-Астана қаласы. 1997 жылы 17 желтоқсанда ресми Астана атанып,1998 жылы 10 шілде де халыққа танылды. Астана қаласы болашақтың қаласы. Астана қаласында әлемді өзіне қарататын жиын өтпек,кім біледі?
-expo-2017
Бәрекелді,оқушылар. Қызықты ақпарат: әлемде екі мемлекеттің астанасы Астана деп аталады. Соның бірі біздің меклекет, екіншіci Оңтүстік Корей елі, астанасы Сеул-өз тілдерінде «Сеул-Астана» деген мағына білдіреді.

№ 6.Фигуралар сызу, салыстыру. Жіппен фигуралар құрастыру(тақтайшаға шегелер қағып,оқушы сол шегелерді пайдалана отырып,фигура құрастырады)

1-Төртбұрыш-төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын төрт кесіндіден тұратын фигура

2-Тік төртбұрыш-қарама-қарсы қабырғалары тең болады

3-Шаршы-барлық қабырғалары тең болады

Не ортақ? 4 қабырғасы және 4 бұрышы бар.

Шығармашылық тапсырма:

Тақтаға 14 бөлікке бөлінген ҚР картасы ілінеді. Әр бөліктің астында 14 сұрақ болады(пәнаралық байланыс)

1. Қазақтың үш биін ата:Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

2. Жердің ауа қабаты? Атмосфера

3. «Отан туралы» өлеңінің авторы? М.Мақатаев

4. 5+20=25

5. Тұстарды ата: солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс

6. (5+5)+15=25

7. 7 саны ағылшынша-seven

8. «Кімнің мекені жақсы» әңгімесіндегі негізгі ой: жерін сүюге баулу

9. (40-10)-5=25

10. Егер есепте жақша берілсе, алдымен қай амал орындалады:жақша

11. 30-5=25

12. 8 саны ағылшынша-eight

13. 7+7=14

14. 10+15=25
Оқушылар бүгінгі сабақты саяхат сабақ ретінде өткізіп,шығармашылық тапсырмамыздың астарынан ҚР картасының шығу себебі, Қазақстан Респубикасына 25 жыл

VІ.Қорытынды: 8+8=16

1.Үйге тапсырма: № 2 , 80 бет.

2.Оқушылардың жұмысын талдай отырып бағалау

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s