Түркістан сапары немесе Редактордың семинар туралы пікірі


baqҰстаздарға қызмет ететін БАҚ ұйымдастырған Республикалық семинардың маңызы ерекше. Негізі, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген семинарларымыздың ұйымдастыру, таралым, кәсібилік негізде сапасы артуда. Бұл ұстаздарымыздың БАҚ-пен байланысты игеріп, қызметінде кәсіби дәрежеде пайдалануда шеберліктерінің артқандығының және редакцияның жұмыс тәжірибесінің белгісі.

Ақпаратты сауатты игеру, ақпаратпен жұмыс істей білу және шәкірттеріне де ақпараттануды тиісті дәрежеде үйрету қазіргі заман талабы.

Ел болашағын тәрбиелеуші ұстаздарымыз ақпараттану саласында маманданған кезде ғана еліміздің ақпараттық қауіпсіздігіне сенімділік артады. 

Ұстаз болу және ұстаз болып білім саласында еңбек ету кез-келген адамның қолынан келмейтін жұмыс. Ұстаз әрқашанда ізденістегі шығармашыл тұлға. Ізденімпаздығымен тек қана өзін тәрбиелемейді, өзгелерге де үлгі бола алады.

Ұстаздарға қызмет ететін БАҚ-тың өзге басылымдардан да ерекшелігі ақпараттық қызметін ерекше жандар үшін атқаратындығында. Сондықтан Ұстаздардың өздерінің төл басылымдарынан ерекше қызмет күтулері де заңдылық.

Ұстаздар тарапынан Республикалық семинар қалай ұйымдастырылады және өткізіледі, іс-тәжірибе таралымы қалай жүргізіледі, ұстаздар үшін қандай пайдасы бар, қашықтан қатысу дегеніміз қалай т.б. — деген көптеген сұрақтар Интернет арқылы қойылуда.

Осы сұрақтарға жауап және Семинар туралы Редактор пікірін жазайын:

БАҚ деген сөздің тура мағынасы Бұқаралық ақпарат құралы. Ал, түсінікті және қарапайым түрде айтсақ, Біздің ақпаратты қараңыз деген сөз. Яғни, кез-келген басылым осы мақсатта жұмыс атқарады. Сондықтан, өзге басылымдар оқырмандары мен таралымын арттыру үшін түрлі тақырыптарды қамтып, жаңалықтар, сұхбат, сенсация, шоу жариялайды.

Ұстаздарға арналған 45minut.kz және serpilis.kz басылымдарында білім және экономика тақырыбында жаңалықтар, әдістемелік материалдар және кәсіптік ақпараттар жарияланады. Ұстаздар үшін ақпараттарды жариялап және Республика көлемінде кең таралымға жеткізеді.

banner

Ұстаздардың іс-тәжірибесі мен жаңалықтарын көпшілікке таратудың бір нәтижесі ғылыми практикалық ақпараттық семинардың өтуі. Семинар кезінде өткізуші білім мекемесі өзінің жетістіктері және ұстаздарының іс-тәжірибесін Республика деңгейінде көрсетуге мүмкіндік алады.

Қазіргі Интернет дамыған кезеңде ақпаратты жариялау мүмкіндігі шексіз. Ал, күнделікті аудиториясы 20 мыңнан астам сайт қолданушылары, ФБ,ВК, Майлру, Ватцап т.б әлеуметтік желілер арқылы оқитын жүз мыңдаған оқырманға тарайтын Ұстаздар басылымдары арқылы ақпаратты жариялау білім мекемесі және ұстаздар үшін керемет мүмкіндік деп есептеледі.

Жарнамалық үзіліс: Семинар өткізгіміз келеді деген білім мекемелері Редакторға хабарласып ұйымдастыруға болады. Семинардың белгіленген жоспары негізінде өткізу уақыты келісіледі.

Семинар ұйымдастырған кезде Редакция тарапынан қатысушыларға сертификат, алғыс хат тегін беріледі. Білім бөлімі және білім мекемесі туралы газет бетінде ақпараттық материалдар тегін жарияланады. Семинардың топтама кітабы сұраныс бойынша жинақталады және баспахана шығыны есептеліп, ақылы негізде шығарылады.

serpilisСеминар материалдары Серпіліс ақпарат тарату тобы негізінде таралады және семинарға қашықтан қатысуға мүмкіндік жасалады.
Семинарға қашықтан қатысу дегеніміз, семинар ақпараттарын оқып, танысып, ақпараттармен өзге де ұстаздарға таратуға әрбір қатысушының өз деңгейінде атсалысуы. Шындығында, семинарға тікелей қатысқан ұстаздар да өз деңгейінде таратады.
Ал, қашықтан қатысушылар арнайы сайт бойынша тіркеліп, семинар материалдары электронды почталарына жеткізіледі.

Бұрын тек қана 45minut.kz басылымы бойынша жұмыстар жүргізілсе, қазіргі уақытта Серпін, Серпіліс жобаларымен бірлесе отырып қызмет ауқымы, деңгейі, таралымы да жаңа деңгейде жұмыстар атқарылуда.

Түркістанда семинар өтеді деген хабарландыру оншақты күн бұрын ғана сайтта жарияланса да, Республика бойынша барлық ұстаздарға хабар таралды. Түркістан қаласы, Некрасов атындағы № 9 мектеп- гимназия ұйымдастырушылары редакциямен тығыз байланыста болып, жақсы дайындық жасады. Күнделікті атқарылған жұмыстары туралы тікелей пікірлесіп отырдық. Біз де семинар өтетін білім мекемесінің кәсіби ұстаздар екенін білдік. Білікті басшы және кәсіби әдіскерлер мен ұстаздары бар ұжым деп сеніммен айта аламыз.

Семинарға Алматы Түркістан бағытында ауа райы қолайсыздығына байланысты кешігіп қатыстым. Семинардың басталуы мен өткізілу туралы сайтта тікелей жарияланып жатқан ақпараттар арқылы хабардар болып, таныстым. Мектепке кіргеннен бастап семинар үшін қандай әзірлік жасалғанын және жоғары деңгейде өткізілгенін байқадым.
Семинарда Ұстаздарға БАҚ және Ұстаздардың Интернет пайдалану  ережесі бойынша презентация өткізілді. Серпін бағдарламасы бойынша видеоролик көрсетілді. Қатысушыларға Серпіліс газеті, 45minut.kz газеттері таратылды.

Семинар қорытындысында қатысушылар сертификат, алғыс хаттармен марапатталды. Түркістан қалалық білім бөлімі және мектеп басшылығы тарапынан ұсынылған ұстаздарға 45minut.kz басылым редакциясы атынан әзірленген «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз» төсбелгілері табысталды.

45minut.kz басылымы БАҚ болғандықтан «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз» төсбелгілерін әзірлейді. Төсбелгі алатын ұстаздар жергілікті білім бөлімдері мен мекеме басшылары ұсынысы бойынша марапатталады.

Семинардан соң мектеп ұжымы және семинар қатысушыларымен дөңгелек үстел басында білім саласындағы жаңалықтар туралы пікірлесу болып өтті.

Семинар туралы толық ақпарат мектеп ұжымы тарапынан әзірленуде.

Құрметпен: Редактор Нағиев Ізгілік Байдрахманұлы

One comment

  • Омаралиев Шабден

    Құрметті Игілік! Жақында ғана Түркістанда өткізілген Республикалық семинардың барлық жұмыстарымен танысып отырмын.Бастама өте жақсы. Мақсатымыз: Мәңгілік ел — ұрпағын тәрбиелеу. Мұғалімдердің білімін жетілдіру, озат ұстаздардың еңбегін насихаттау.Бұл тұрғыда атқарып жатқан жұмыстарың баршылық, мақтанарлық нәрсе. Мен Республикалық барлық ұстаздарға арналған бұқаралық ақпарат құралдарын жібермей оқып отырамын. Мұғалім күнделікті ізденіс үстінде болатын тұлға. Сондықтан өзім жұмыс істейтін Меркі ауданы №44 орта мектептің мұғалімдер ұжымына өзің басқарып отырған 45 минут сайтын таныстырдым. Мектеп басшылары мен кәсіподақ комитеті, жалпы барлық ұстаздар қызығушылық танытып отыр. Сол сияқты ауданымыздың көптеген мұғалімдерін Түркістанда өткен семинар жұмысымен таныстырып, электрондық почта арқылы олармен бөлісіп отырмын.
    Құрметті Игілік! Еңбектеріңе табыс тілеймін!

    Нравится

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s