“Білім болашаққа бастар жол” тақырыбындағы республикалық семинардың қорытынды материалы


Гүлмира Мұратқызы Наурызбаева,
Түркістан қаласы, Некрасов атындағы
№9 мектеп-гимназия директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

“Газет – халықтың құлағы, көзі һәм тілі”деп, А.Байтұрсынов айтқандай, әлеуметтік желі бойынша Қазақстанда (әлемде) белді, белгілі, танымдық сайттар қарқынды дамуда. Соның ішінде ұстаздардың төл басылымына айналған Серпіліс газеті, 45minut.kz газеті мен сайттарының атқарған өрелі істерін ерекше айтып өтуге болады. 45minut.kz  сайтында ұйымдастырылатын байқаулардың, Акцияның ҚР бойынша қатысушы мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, танысып, достасып ара жіктері ажырамай қарым-қатынастары өз ара нығаюда. Осы жылдың қаңтар, ақпан айында өткізілген байқау мұғалімдердің еңбегін кең тұрғыда таратып, сабақтан бөлек оларды ғылыми мақала және баяндама жазуға баулып, БАҚ-та жариялауға үйретті.
Редакция тарапынан орасан зор еңбектің жемісін бағалап, нәтижесінде белсене қатысқан мұғалімдерді «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз» төсбелгісімен, диплом, Алғыс хаттармен марапаттады.


Осы тұрғыда Түркістан қаласынан да біраз мұғалімдер шет қалмай, үздіксіз мақалаларын жариялап, сертификаттармен, Алғыс хаттармен марапатталып, басылыммен өзара тығыз қарым-қатынас орнатты. Осы жүйе бойынша жүлделі орынды иеленген Несіпкүл Мейманханқызы Өтебаева Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия басшысы Жаңыл Әнішқызы Орынбаеваға осы басылым редакциясы өткізген байқаулар жөнінде мағлұмат берді.
Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия басшысы Жаңыл Әнішқызы Орынбаева 45minut.kz басылымының редакторы Ізгілік Нағиевпен «Республикалық семинар» өткізу жөнінде келісімге келді.
Ы. Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ж. Ә. Орынбаева өз тарапынан қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ақмарал Үсенқызы Батырбекова және қалалық білім бөлімі әкімшілігіне осы жоспарланған республикалық семинарды өткізуді ұсынып уақытын 26.11.2016 ж. деп белгіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда «БІЛІМ — БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» тақырыбында ақпараттық ғылыми практикалық республикалық семинар өте жоғары деңгейде өткізілді.
Түркістан ҚББ әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Ү.Батырбекова, Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия директоры Ж.Ә.Орынбаева және семинарды ұйымдастырушы мұғалім Н.М.Өтебаева құттықтау сөздерін айтып, семинардың маңызына тоқталып, республикалық семинар барысына сәттілік тіледі.
Негізгі бөлімде Г.Т.Өскенбаева қазақ әдебиеті пәнінен 8 «Д» сыныбында Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» толғауы тақырыбында, М.А.Жукова орыс әдебиеті пәнінен 10»Г» сыныбында «Чтоб душа жива была» тақырыбында, С.Ш.Атаханова ағылшын тілі пәнінен 1»З» сыныбында «My colorful toys» тақырыбында, Г.П.Турганбаева тарих пәнінен 11 «Д» сыныбында «Новая экономическая политика 1921-1925 гг» тақырыбында, Н.Р.Шимпулатова география пәнінен 10 «В» сыныбында «Религиозный состав населения мира» тақырыбында ашық сабақтар көрсетті.
Семинарға қатысу үшін келген қонақтар мектеп психологтары – А.Алёхина, Ж.Куббосынова дайындаған «Дарынды оқушылардың шығармашылық» көрмесін тамашалады. Балалар ғылыми еңбектері бойынша ізденістерін дәлелдеп көрсетті.
М.И.Жумадуллаева математика пәнінен 11 «Д» сыныбында «Решение иррациональных уравнений» тақырыбында, К.Н. Расулов физика пәнінен 9»Е» сыныбында «Колебательное движение» тақырыбында, А.С.Бижанова биология пәнінен 10» Ж» сыныбында «Вирус СПИДа особенности строения и процессов жизнедеятельности» тақырыбында, В.С.Абдураимова өзін-өзі тану пәнінен 5 «А» сыныбында «Отбасы жарастығы» тақырыбында ашық сабақтар берді.
Мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогы — М.Сәулебаева дайындаған «Мұғалімдердің шығармашылық» көрмесін де келген қонақтар бір шолып өтті.
Шеберлік сабағына да кезек келіп жетті. Г.Т.Халилова, Т.Л.Попова, А.Н.Сырлыбаева «Интерактивные объединение сообщества в образовательном процессе» тақырыбында, А.Ж.Сайдуллаева , А.Т.Бейсекова, В.М. Батыркулова «Оқушыларды диалог арқылы сын тұрғысынан ойландыру» тақырыбында, Г.О. Божбанбаева, А.Д.Неметова, В.А.Герасимова
«Эффективные приемы используемые на уроках в начальной школе» тақырыбында, Г.М.Муратова, Б.К.Сабден, Ж.И.Молданова «Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі жоспарланған мақсатқа жету нәтижесі» тақырыбында, З.Б.Ертаева, Н.С.Қалтаева «Компетенция – учителя – успешный ученик» тақырыбында, Л.М.Кубанова, О.С.Аллашова, О.А.Бекенова «Развитие функциональной грамотности учащихся через критическое мышление» тақырыбында шеберлік сабақтарын берді.
Сыныптан тыс іс-шаралар бөлімінде К.Ережепова, Ш.Абдуллаева Б.К.Омар, М.Ш. Валиева 2-3 сыныптар аралығында «Білім – болашаққа бастар жол» тақырыбында интеллектуалды ойын, Г.Еділбаева, Б.Б.Рахматуллаева Д.Балтабаева 9-11 сыныптар арасында «Шекспериада. Пьеса Шекспира «Сон в летнюю ночь» тақырыбында әдеби кеш, Г.А. Михайлина, Р.Х.Мухашева, Ш.К.Тайтенова, Н.С. Ибадуллаева 10,11 сыныптар арасында “Годы, равные векам, эпоха, равная столетиям” (25-летие Независимости Казахстана) тақырыбында пресс-конференция өткізді.
Акт залында С.К.Жорықбаева, Г.М.Наурызбаева, А.Сұлтанбековалардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама тамашаланды. Келген қонақтардың көңілдері көтеріліп шаттыққа бөленді..
Қорытынды бөлімде семинарға қатысушы ізденімпаз, шығармашыл мұғалімдердің еңбектеріне талқылау- сараптама жүргізді. Семинарды ұйымдастырушы мектеп көшбасшылары – мектеп директоры Ж.А.Орынбаева және директордың орынбасарлары- Г.Т. Халилова, Г.А.Михайлина, Г.М.Муратова, Г.О.Божбанбаева, А.Ж.Сайдуллаева, С.К.Жорықбаева, Г.М.Наурызбаева мен республикалық семинарды ұйымдастырушысы мектеп мұғалімі Н.М.Өтебаеваға жылы лебіздерін білдірді. Түркістан қаласы мектептері тарапынан қатысқан бір шоғыр мектеп директорларының орынбасарлары және мұғалімдері семинарға жоғары баға берді. «Дарын» мектебінің орыс тілі пән мұғалімі А.Е.Атчабарова т.б. қонақтар қатысқан сабақтары бойынша талдау жасап, кәсіби деңгейлері жоғары мұғалімдерге ризашылығын білдіріп семинарда еңбегін көрсеткен мұғалімдердің марапаттауға әбден лайықты екенін айтты. Бірқатар семинарға қонақ ретінде қатысқандар кәсіби-құндылық бағдарларын арттырғандарын айтып өз тәжірибелеріне осы жаңашыл қадамды батыл енгізетіндерін тілге тиек етті.
Республикалық «45minut.kz» басылымы, Республикалық «Серпіліс» газетінің редакторы І.Б. Нағиев «БІЛІМ- БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» тақырыбында тұщымды баяндама жасады. Әлеуметтік желінің бірқатар этикалық пайдалану көздерін дұрыс пайдалануын тарқатып айтып берді.
Марапаттау кезеңі Акт залында ерекше тұрғыда өткізілді. Республикалық «45minut.kz» басылымы, Республикалық «Серпіліс» газетінің редакторы І.Б. Нағиев пен Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия басшысы Ж.Ә.Орынбаева семинарға қатысушы барша мұғалімдерді Алғыс хатпен марапаттап, білім саласындағы 10 қызметкердің кеудесіне «Шығармашыл, тәжірибелі ұстаз» төсбелгісін жарқыратып тақты. Олар: білім бөлімінің әдіскерлері — Нұржакиева Жанна Сайранбекқызы, Бакиров Максат Сматуллаевич, Бегасилов Талгат,Ташметова Патима Паччахановна, Сарманов Бабанқожа Мырзахметович және Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасарлары — Михайлина Галина Александровна, Халилова Гульнара Турахановна, Муратова Гулжан Муратқызы, Божбанбаева Гульжахан Оразбековна, Сайдуллаева Алия Жуанышовналар осы аталған төсбелгіге ие болды. Акт залында көрермендер, арнайы келген қонақтар марапаттауға ие болған қызметкерлерге ұзақ ду қол шапалақтап құрмет көрсетіп, олардың қуаныштарымен бөлісті.
Осы семинарды тұжырымдасақ, педагог өзін эрудит, қабілетіне сай маман, шебер, диагност, гуманист, өзін-өзі диагностикалаушы, жаңашыл, педагогикалық ынтымақтастықтың қатысушысы, кәсібилік пен кемелденудің жоғарғы деңгейлеріне өтудің акмеологиялық технологияларын меңгерген зерттеуші ретінде көрінері хақ.
Семинардан соң пікірлесу ұстаздар және ата-аналармен Республикалық «45minut.kz» басылымы, Республикалық «Серпіліс» газетінің редакторы І.Б. Нағиевпен дөңгелек үстел басында жалғасын тапты. Білім мекемелерінде үш тілді оқыту жүйесі, бірыңғай мектеп формасы, 12 жылдық білім беру стандарттары тақырыптары талқыланып, «45minut.kz» басылымы, Республикалық «Серпіліс» газетінде жарияланған материалдар негізінде ақпараттық жұмыс жүргізілді.
Қалалық білім бөлімінің әдіскері М.З.Ибраева, Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназия басшысы Ж.А.Орынбаева, ұйымдастырушысы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.М.Өтебаева семинардың өтуіне өз ықпалын тигізген Республикалық «45minut.kz» басылымы, Республикалық «Серпіліс» газетінің редакторы І.Б. Нағиевке ҚР бойынша білім саласында өзіндік қолтаңбасымен атқарып жатқан ауқымды іс-шараларына сәттілік тілеп, шын ықыласты алғыстарын айтты.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s