«Сіріңкенің шиі» Мотивациялық әдістеме


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр. 1 — санат

Мотивациямның шығу тарихы: Мектепте кабинетіме кіріп келсем, 9 сыныптың екі оқушы қызы бір бірін ренжітіп ұрсысып жатыр екен. Сыныптың барлық оқушысы қой десе де қоймайды. Сосын екеуіне қарап тұрдым бұларға бір бірін ренжітпейтіндей, ынтымақта жүретіндей не істесем болады екен деп.сөйтіп қолымды қалтама салсам ойланып тұрып ,қолыма магазинде здачаға берілген сіріңкенің екі қорабы ілінді. Басыма бір ой сап ете қалды. Бұл мотивациялық ойымды сіріңкенің шиі деп атадым.

«Сіріңкенің шиі» Мотивациялық әдістеме

Бір-бірін ренжіткен екі оқушыға екі сіріңкені бердім де, бір бір шиден шығарып ұстап тұрыңдар дедім екеуінде оқушылардың алдында тақтаға шығарып.
Екеуі шығып қолдарындағы сіріңкенің қорабынан бір шиден шығарып ұстап тұрды. Мен оларға енді өз қолдарыңдағы шиді бір біріңнің қолында тұрған қорапқа үйкеп жағыңдар дедім, аяулым аружанның қолындағы қорапқа барып бірінші жақты ,ал аружан аяулымдағы қораптың сыртына үйкеп жақты да ұстап тұрды. От жанып қолына жете бергенде екеуі де үрлеп өшіріп алды, сосын екеуіне енді жанған шиді қалыпына келтіріңдер дедім. Екеуі де бүкіл сыныпта ағай жанған ши қалай қалпына келеді деді. Бұдан ештеңе түсінбегені көз жанарларынан ақ біліп тұрдым да былай дедім. Оқушылар адам көңілі мына кішкентай ши сияқты, бір біріңнің көңіліне қаңқу сөз айтып тисең, мазақтасаң, ренжітсең бір біріңнің көңіліңде өздерің туралы қайта қалпына келтіре алмайтындай сіріңкенің күліндей етіп үрлеп бір бірлеріңе деген құрметті үрлеп өшіріп қара дақ қылып қалдырасыңдар. Сондықтан бір бірлеріңді ренжітпей жүріңдер дедім. Ал Аружан ағай бұлай біз енді бір бірімізді ренжітпейтін боламыз деді, ал Аяулым болса Аружан кешірші қатты сөздер айтсам енді бір бірімізді ренжітпейік деді, де ағай сіздің бүгінгі мейрамыңызда көңіліңізге тиетін іс әрекет жасадық сізден де кешірім сұраймын , басқа мұғалімдер болса екеуімізге де ұрсатын еді, ал сіз ешқашан ұрыспайсыз, тек осындай ақылмен тоқтатасыз рахмет сізге деп басын иді. Міне осындай ойдан қорытынды шығарған оқушыларымнан үлкен үміт күтемін дедім.
Бір үзік ой бұл дұрыс па , бұрыс па бұны сіздерге қалдырдым, пікірлеріңізді қалдырасыздар деген ойдамын: Сол кезде Нұрбол деген тоғызқұмалақтан республикалық деңгейде жарыстардан алдыңғы үштіктен орын алып жүрген ойы жүйрік оқушым, сыныптастарына мынандай үндеу тастады: Егер кімде кім сыныпта біреуді ренжітсе бүкіл сыныпқа сникерс әперетін болсын деп еді бүкіл сынып қуана келісеміз деп қолдап кетті де бүгіннен бастаймыз деді.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s