Уақытты өлшеу. Секунд


4 облыстық шипажайлы мектеп-интернатының

бастауыш сынып мұғалімі

Альдешова Эльмира Балғабайқызы

Математика

2 «б» сынып

Уақытты өлшеу. Секунд

Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық;

Мерсер мен Литлтон (2007) диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар, олардың өсуіне үлес қосады;

Блум таксаномиясы

Барнс (1971) –сыныпта тіл қаншалықты қолданылса оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді;

Марта Бронсон (2002) өзін-өзі реттеудің теориялық негізі;

Орта мерзімдік жоспар,оқулық. СТО стратегиялары

Жалпы мақсаттар Уақыттың жаңа бірлігі секунд туралы мағлұмат беру, уақыт бірліктерінің арасындағы қатынастарды анықтау, күнделікті өміріміздің өзі уақытқа тәуелді екенін өздігінен меңгеріп, қолдануын ұғындыру.
Оқыту нәтижесі -Уақыттың ең кіші өлшем бірлігін ажыратып, білімін бекітеді.

— Ізденіс жұмысы арқылы теорияны түсінеді.

— Т — — Топтық жұмыста біліктілік белсенділігі артады.

-Нәтижелі қорытынды жасауға дағдыланады.

Түйінді идеялар: «Уақытты үнемді пайдаланып, қадірін біл!»
Оқытуда қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау.Диалогтік оқыту.
Оқытудағы әдіс-тәсілдер: «Сұрақты тап», «Өзіңді тексер», топтастыру, суретпен жұмыс,

жұптық жұмыс, сыни ойлау, электронды оқулықтар, стратегиялар: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау,бағалау әдістері…

Көрнекіліктер: Топтың аты, постер, ертегі желісі кейіпкерлерінің суреттері, стикер, тілек ағашы.
Сабақтың барысы:

Психологиялық

дайындық

  • Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Бүгінгі күн тамаша! Ал өздерің көңіл-күйлеріңді суреттеңдерші.

(күн, бұлт, жаңбыр)

  • Менің сендерге тілерім – жарқыраған күн сендердің жандарыңды жылытсын және сендер күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды болыңдар. Сендердің шашқан шуақтарың қонақтардың жанын жылытсын!

Оқушылар мен бүгін сендердің көктемгі балауса гүлдей құлпырып отырғандарыңды көріп,қуанып отырмын. Бүгін сендер менімен бірге көп жаңалыққа тап боласыңдар-деп ойлаймын. Дұрысталып отырып, менімен бірге қайталаңдар.

Мен мектептемін. Менің зейінім артып жатыр. Есте сақтау қабілетім мықты. Мен бәрін білгім келеді. Мен осыған дайынмын. Олай болса, іске сәт!!!

Білу

Үй тапсырма

сын сұрау

«Жаңа сабақтың құпиясы»

Сыни тұрғыдан талдау (екі топ оқушылары берілген жауаптар бойынша қорғап дәлелдейді)

1.Тұйықталған сынық сызықтан құралған фигура (көпбұрыш)

2.Алыс қашықтықты өлшеу үшін қолданылатын ұзындықтың ірі өлшем бірлігі (километр)

3.Құрамында әріптері бар өрнек (әріпті өрнек)

4. 6+3=9 3+6=9 (қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді)

5.Құрамына енетін әріптің мәнін табу керек болатын теңдік (теңдеу)

6.Оның барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысына тең (шаршы периметрі)

7. азайғыш – азайтқыш = айырманың мәні (Азайтудың компоненттері)

8. Қосу амалына кері амал (азайту амалы)

9.Өрнектің сол және оң жағы теңсіздік белгісімен байланысатын өрнек (теңсіздік)

10.Теңсіздіктің >, <, = таңбалары (қатынас таңбалары)

11. 15 15 (санның құрамы)

Жаңа тақырыпқа дайындық

Мақсат қою кезеңі

Елестету

-Нені байқадыңдар? (сағат түрлері)

-Бұл көрсетілген нәрселер нені білдіреді?(сағат,қол сағат,секундамер,таймер,су сағаты,апта,ай,жыл,күнтізбе)

-Олай болса оқушылар, біз бүгін қандай тақырыпты өтеміз?(уақыт)

Оқушылар бүгінгі тақырыптың атын болжап, сабақтың мақсат-міндеттерін айтуға талпыныс жасайды.(сағаттың жылдам жүретін тілі,ең кіші өлшем,дене тәрбиесі сабағында жүгіргенде, әдебиеттік оқудан минутқа оқығанда,т.б.)

Түсіну

Жаңа тақырып

Ендеше,бүгінгі жаңа сабағымыз «Уақытты өлшеу. Секунд.»

Секунд- уақыттың ең кіші өлшем бірлігі.Сағат бізге уақытты өлшеу үшін қажет.Уақыт-өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалын сипаттауда және нәрселердің қозғалысын сипаттауға пайдаланылатын маңызды мүшесі.

Электронды оқулықтан уақыт өлшем бірліктерін тыңдата отырып, «Есіңе сақта!» айдарымен дәптерлеріне жаздыру.

Есіңе сақта!

60 с = 1мин

60 мин = 1 сағ

24 сағ = 1 тәул.

100 жыл = 1 ғасыр

Оқулықпен жұмыс Диалогтік әдіс бойынша оқулықтың 188-бетіндегі кестеде көрсетілген уақыт бірліктерін қолдануға мысал келтіру.

Ұшақ сағатпен; поезд тәулікпен; автобус сағатпен немесе минутпен; адамның дене қозғалысы секундпен; қойын кітапша аймен,жылмен өрнектеледі.

Қолдану Жұптық тапсырма.

Нүктелердің орнына сәйкес уақыт бірлігін қойып,сөйлемдерді оқы:

Біз- 21 … өмір сүрудеміз.

Пойыз- 48 … жолда болды.

Ұшақ- 3 … ұшты.

Сабақтың ұзақтығы- 45 … .

Оқушы 60 м қашықтықты жүріп өтуге 38 … уақыт жұмсады.

Талдау 3-тапсырма. Ауызша

Жыл мезгілдерінде келетін мерекелер туралы тоқтала отырып, олардың бір- бірінен ерекшелігі мен осы ұғымдардың мән — мағынасын ашу.

Сергіту сәті Би ырғағымен қимыл қозғалыс жасау.
Жинақтау Тақтамен жұмыс.

Оқушылар біз манадан бері айтылып жатқан нәрселердің немесе мысалдардың барлығын қайдан алып жатырмыз?(өмірден)

Оқулықта берілген тапсырмалар,мысалдар,шамалар,геометриялық фигуралар,есептердің барлығы өмірден алынады екен.

4- есеп берілген екен.

Бекіту Топтық жұмыс.

Екі топқа тізбек шам тапсырмасын беремін.Онда мысалдарды шығара отырып,уақыт пен білім сөзін шығарамын.Ой бөліседі.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Иә,жоқ ойыны
Рефлексия Кері байланыс

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s