«Эстафеталық сұрақ»


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр. 1 — санат

Құрметті әріптестер. Сабақ беру барысында жаңа әдіс ойлап таптым. Атын «Эстафеталық сұрақ» деп қойдым. Бұл әдіс тәсілім үй тапсырмасын еске түсіру мен талдауда, жинақтауда сәтті нәтижесін көрсетті, үш сабақта Блум бойынша және үш бөлімінде де сынап көрдім. Нәтижесі керемет болды. Бұрынғы үйренген әдіс тәсілдерден шаршаған оқушыларға жаңалық болды.

«Эстафеталық сұрақ «

Бес топқа оқушыларды бөліп отырғызамыз. Яғни бірінші топтан бір оқушы сұрақ қояды, қалған топтан кім бірінші жауап берсе сол топтың жауабын айтқан оқушысы келесі өзінің сұрағын қояды. Оның сұрағына жауап берген бес топтан қайсысы бірінші жауап берсе, сол топтың жауап берген оқушысы өз сұрағын қояды. Осылай эстафеталық сұрақ қою алмасып жалғаса береді.

Топ басшылары қай топтың оқушылары көп жауап бергенін тіркеп отырады. Бір сұрақ қойып және оған жауап бергендер қайтадан сұрақта қоймайды, жауап та бермейді. Өзінің ұпайын алып эстафеталық сұрақ бойынша ойыннан шығып отырады. Тек жауап бермегендер ары қарай ойынды жалғастыра алады.

Ескерту: бір сұрақ қайта қайталанып қойылмауы тиіс және де берілетін жауапта қайталанбайды. Нәтижесінде бүкіл сыныптан бірде бір оқушы сабақтан тыс қалмай қатысады. Қызығушылығы артады. Тағыда ескертерім, жұмыс барысында оқушылардың шуылы туындайтын болады, яғни оқушылардың белсенділігінің әсерінен деп біліңіздер.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s