Қазақстан ғылымның бірнеше саласында үздік ондыққа кірді


ҚР Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев оқушылар мен мұғалімдерді математика және жаратылыстану бағытында өткен TIMSS халықаралық зерттеудің нәтижелерімен құттықтады. Біздің оқушылар жаратылыстану-математикалық сауаттылығы бойынша Ресейлік құрдастарының нәтижелеріне ұқсас көрсеткіштерге қол жеткізіп, АҚШ, Англия, Германия, Канада, Автралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және бірқатар басқа мемлекеттерде тұратын құрдастарынан озып шықты.
TIMSS – (Trends in Mathematics and Science Study) – жаратылыстану-математикалық білім беру сапасын бағалайтын халықаралық зерттеу. TIMSS аясында 4-ші және 8-ші сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымдары мен математикалық сауаттылығының мониторингі жүргізіледі.
Бұл жобаның ерекшелігі – 4 жыл сайын өткізілетін зерттеуге 4 сынып оқушылары екі рет қатысуында. Демек, 4 жылдан кейін 8 сыныпта (негізгі мектеп) оқитын биылғы 4 сынып (бастауыш мектеп) оқушыларының білім деңгейлеріндегі өзгерістерді байқау мүмкіндігі туындайды.
.
Зерттеуді IEA (International Association for the Evaluation Educational Achievement) Білім беру жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығы үйлестіреді (www.iea.nl).
IEA зерттеулеріне дәстүрлі түрде 60 астам мемлекет қатысады. TIMSS жобасы Бостон колледжінің халықарлық оқыту (ISC — International Study Center, Boston College), Білім саласының тестілеу қызметі (ETS — Educational Testing Service, АҚШ), Мәліметтерді өңдеу (DPC IEA — Data Processing Center IEA, Германия) және Канадалық статистика орталықтары (Statistics Canada) сияқты белгілі ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп жүргізіледі.
.
Қазақстанның осы зерттеулерге қатысуы арқасында әлемдік білім беру жүйесінің ең үздік үлгілері жөнінде толық ақпарат алу мүмкіндігі туындайды. Бұл, өз кезегінде, еліміздің білім беру мазмұнын жаңарту бағыттарын айқындауға септігін тигізеді.
.
Қазақстанның TIMSS 2011 зерттеуіне қатысуы
TIMSS 2011 зерттеулеріне 63 мемлекеттің 600 000 жуық оқушылары қатысты. Солардың ішінде 8775 бала – Қазақстанның 154 мектебінің 4-ші және 8-ші сынып (4390 бала) оқушылары .
Жаратылыстану ғылымдары мен математика пәндері бойынша жоғары жетістіктерге Корея, Сингапур, Финляндия, Жапония, Ресей Федерациясының оқушылары жетті (TIMSS 2011 International Results in Mathematics/Science: http://timssandpirls.bc.edu/isc/publications.html)
Қазақстандық 4-ші сынып оқушылары математикадан орташа 501 балл (50 мемлекет арасында 27 орын), ал жаратылыстану пәндерінен 495 балл (50 мемлекет арасында 32 орын) алды.
8-ші сынып оқушылары математикадан 487 балл (42 елдің арасында 17 орын) және жаратылыстану пәндерінен 490 балл (42 елдің арасынан 20 орын) (TIMSS 2011 International Results in Mathematics/Science: http://timssandpirls.bc.edu/isc/publications.html).
.
Қазақстанның TIMSS 2015 зерттеулеріне қатысуы
TIMSS 2015 Қазақстан атынан 179 мектептің 9 579 оқушы бағын сынады (4 710 төртінші және 4 869 сегізінші сынып оқушылары). 179 мектептің 96 – қалалық, 83 – ауылдық, 78 – қазақ, 29 – орыс және 72 – аралас мектептер.
.
2011 жылғы нәтижелермен салыстырғанда, біздің 8-сынып оқушыларының нәтижелері математика бойынша 41 және жаратылыстану ғылымдары бойынша 43 ұпайға жақсарды. Бұл Қазақстанның әлемнің 39 мемлекеті ішінен 7 және 9 орындарды иеленуіне мүмкіндік берді.
Қазақстандық төртінші сынып оқушыларының нәтижелері де таң қалдырды. Орташа көрсеткіштің өсуі жаратылыстану ғылымдары бойынша 55 және математика бойынша 43 ұпайды құрады. Бұл – зерттеуге қатысқан 49 елдің арасынан 8-ші және 12-ші орындар.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s