Киелі Маңғыстаудан дұғай сәлем немесе Редактордың семинар туралы пікірі


 

28.12.2016 жылы Маңғыстау облысы, Шетпе кенті, Шетпе мектеп гимназиясында семинар болып өтті. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар материалдары Республика көлемінде ұстаздарға таратылды. Семинарға редакция өкілі Серік Нагиев қатысып, ұстаздарға семинар қатысушы сертификатын табыстады. 45minut.kz, Серпіліс газеттерімен таныстырылым жасады.

2016 жыл соңын қорытындылаған семинардан редакцияға және редакторға рухани мағыналы сәлемдеме келді. Киелі Маңғыстау өңірінен келген сәлемдемені тек қана редакцияға арналған сәлемдеме емес, барлық ұстаздарға арналған сәлемдеме ретінде қабыл аламыз.

Сәлемдеме туралы кеңінен айтып өтсем деймін. 

Біріншісі: Киелі Маңғыстау өңірін таныстыратын керемет өнер туындысы.

Бұл картинада «АДАЙ АТА-ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ көрсетілген. 

«АДАЙ АТА-ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ туралы: http://danakaz.kz/aday-ata-otpan-tau-tarihi-tanymdyk-etno-mdeni-ortalyktyn-ornalaskan-zheri-otpan-tau-tarihi-mekeni арқылы таныс болыңыздар.

Маңғыстаулықтар Амал мерекесін Отпан тауында тойлайды. Аталмыш мейрам «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде басталады. Маңғыстаудың биік шоқысы-да осы Отпан тауы (Балтық теңізі деңгейінен 532 м). Оның басында Адай — батыр мен тарихи тұлғаға — арналған 37-метрлік ескерткіш орнатылған. 2007 жылы Адай батырдың құрметіне «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені ашылды. Мұнда-да екі стела бой көтерген, олар Адай атаның (Адай руының бабасы) екі ұлын (Құдайбеке мен Келімберді) бейнелейді. Сонымен бірге, Ұлы қаншық қасқырдың мүсіні орнатылған. Аңыздарға сенетіміз болсақ, ол бүкіл түркі халқының бабасы болып табылып, күш пен рухтың еркіндігінің бейнесі болып саналады.

Ақпарат үшін: http://e-history.kz/kz/publications/view/1014 © e-history.kz

Екіншісі: «Есен-қазақ»  кітабы. («Арыс» баспасы, 2006 жыл. Алматы)

img-20161230-wa0019

Авторы: Серікбол Қондыбай (1968 – 2004) – ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы.

 

 

 

 

Серікбол Қондыбай туралы ақпараттар:

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Серікбол_Әділбекұлы_Қондыбай
  2. http://old.el.kz/blogs/entry/content-3241 
  3. http://old.abai.kz/node/39818
  4. Серікбол Қондыбай ФБ парақшасы
  5. Серікбол Қондыбай әлемі ФБ тобы

Ұстаздарға рухани сәлемдеме жолдаушы Шетпе семинарын ұйымдастырушыларға, Шетпе мектеп гимназия ұжымына, Шетпе мектеп гимназия басшысы Гүларша Нурмагамбетоваға және  «Мемориалдық мұражайы» МКҚК мұражай директоры Бердиева Рима Канатбаевнаға алғыс білдіремін. 

Шетпе семинарынан келген рухани сәлемдеме Республика ұстаздарына шабыт және серпін берсін деп тілек білдіремін.

Құрметпен: Редактор Нағиев Ізгілік 

Advertisements

Семинар материалы. Коучинг Тақырыбы: Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау


«Шетпе гимназиясы» ММ Коучтер: Буданбаева Оразбибі Құдайбергенқызы. І (ілгері) деңгей мұғалімі Ахметова Айымгүл Болатовна. Оқу ісінің меңгерушісі 2016-2017 оқу жылы. 28.12.2016 Коучинг тақырыбы: Білім мазмұнын жаңарту аясында… Читать далее «Семинар материалы. Коучинг Тақырыбы: Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау»

Семинар материалы. Тақырыбы: «Мәңгілік елдің – бақытты ұрпағымыз» Шағын көрініс


28.12.2016 жыл. Шетпе гимназиясы ММ Тақырыбы: «Мәңгілік елдің – бақытты ұрпағымыз» Шағын көрініс 1 акт. Интерактивті тақтада 1991 жыл Жас отбасы Әкесі: Балаларым, келіңдер, отбасымыз, еліміз үшін… Читать далее «Семинар материалы. Тақырыбы: «Мәңгілік елдің – бақытты ұрпағымыз» Шағын көрініс»

Семинар материалы. «Мен бейнесі» тренингі


«Шетпе гимназиясы» ММ-ің психологі: Есбергенова Жансая Ұстаз – адам жанын терең түсінетін, адамдармен қарым –қатынаста жоғары адамгершілік құндылықтарды көрсете білетін, жүзінен жылылық, мейірімді күн нұрындай шуақ шашып,… Читать далее «Семинар материалы. «Мен бейнесі» тренингі»

Семинар материалы. Сабақтың атауы Б. Ысқақов. Қыс та қызық жұмыс бар


Пәні:Әдебиеттік оқу Күні:28.12.2016 ж Кабинет:15 Мұғалімі: Кокишева Гулзира Комшабаевна Сабақтың атауы Б. Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар Мақсаты Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте сақтау, өз… Читать далее «Семинар материалы. Сабақтың атауы Б. Ысқақов. Қыс та қызық жұмыс бар»

Семинар материалы. ТАҚЫРЫБЫ: «Оқу мен оқытуда қол данылатын тиімді әдіс-тәсілдер»


Өткізген: Елеуова Акбала Байназарова Кама 28.12.2016жыл ТАҚЫРЫБЫ: «Оқу мен оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер» МАҚСАТЫ:Оқыту мен оқудағы жаңа әдістерді меңгерту және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау. Әріптестердің заман талабына… Читать далее «Семинар материалы. ТАҚЫРЫБЫ: «Оқу мен оқытуда қол данылатын тиімді әдіс-тәсілдер»»

Семинар материалы Тақырыбы: Балқу және кристалдану. Сублимация


Мұғалімі Ордабаев Мансур Пәні : физика Сыныбы: 10 Күні: _28.12.2016ж_ Тақырыбы: Балқу және кристалдану. Сублимация Мақсаты Заттардың фазалық ауысуының тағы бір түрін өту. Балқу және кристалдану графигімен… Читать далее «Семинар материалы Тақырыбы: Балқу және кристалдану. Сублимация»