Ата — бабаларымыздан қалған салт — дәстүрдің бірі — «Ерулік» салты


Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№ 1 жалпы орта білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі
Оразымбет Алма Наурызбайқызы

Тақырыбы: Ата — бабаларымыздан қалған салт — дәстүрдің бірі — «Ерулік» салты
Мақсаты:
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт — дәстүрлері, ырымдары өте көп.

Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт — дәстүрлерімен,

ырымдарымен, той — мереке, әдеп — ғұрыптарымен талай елді таң қалдырып

келеді. Тәуелсіз елімізде ата – бабамыздың қалдырған асыл мұрасын

қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақ

— біздің қолымызда.
Көрнекілігі: Елдіктің бір белгісі – Ерулік

Алыс туыстан жақын көрші артық

Ата салтың – асыл қазынаң

Міндеттері:
1. Қазақтың салт – дәстүрлерінің бірі -«Ерулік» тарихына зер салу.

2.«Еру», «Көрші», «Айрылысар көже» салттарын ажырату
3. Еруліктің бала тәрбиесіндегі маңызы
Қазақ — көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып — дәстүрі бар, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Ата — бабаларымыздың салт — дәстүрлері, соның ішінде «Ерулік» салты жайлы білу

Ата дәстүрін ардақтау — қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.

Ата дәстүрі бойынша ең әуелі әкені, содан соң атаны, ата — бабаны құрметтеп, солардың алдында ұрпақтық қарыздарды өтеу – кейінгі ұрпақтың міндеті.

Ол ұрпақтық борыштар: ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерін құрметтеп, одан әрі ол дәстүрлерді жалғастыру, адамгершілік қағидаларды қалтқысыз орындау болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізде ата – бабамыздан қалған қазынаның бірі салт – дәстүрлерді ұмыту мүмкін емес. Ендеше осы елдің ертеңі жасөспірімдерге салт — дәстүрімізді насихаттай отырып, ғасырдан – ғасырға жалғасып келе жатқан тәрбие көзін мақсат ету. Әр жұмысты ұлттық негізде құра отырып, халқымыздың тамаша салт — дәстүрінің бірі «Ерулік» жөнінде кейінгі ұрпақ жан – жақты білуі тиіс.

Салт — кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет — ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан — ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Салт — кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет — ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан — ұрпаққа ауысып отырады.

Дәстүр — ұрпақтан — ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол — қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез — құлқының, іс — әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай.

Ата — ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Қасиетті қазақ халқының салт – дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі кезде ұмытылып бара жатқан салт – дәстүріміздің бірі –«Ерулік» . Ата — бабаларымыз ұлттық дәстүрінде жолы түсіп, үйіне ат басын тіреген жолаушы — құдайы қонаққа мал сойып, кең дастарқан жайып, дәм — тұзын татқызатын. Жаңа қонысты бетке алып, ауыл тұсынан өтпекші көш адамдарына ақ жаулықты аналар зереңдері толы ақ — қымыз, шұбат, айран ұсынған. Түстендіріп не қона жатқызып сыйлы мейманға лайық кәделі қонақасы берген. «Көш көлікті, көрікті болсын» десіп аттандырған. Ауылға, үйге қоңсы қонған отбасына ерулік атаулы дәмдестік сыйлы дастарқан жайылған. Жаңа ғана шаңырақ көтерген жас жұбайлар да көрші — көлемін шақырып, «Тана тағар» атаулы алғашқы қонағасын ұсынған.

Тақырыбы: Ән жұлдызы — Шәмші аға

Мақсаты: Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірі, өнері және шығармашылық

жолымен таныстыру. Сазгердің әндерін көпшілік назарына ұсыну,

сазды әуенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Түрі: Әдеби сазды кеш

Барысы:

1 -слайд

1-жүргізуші:

Отырарда өзінің туа біткен дарын, талантымен ел жүрегін жаулап алған, сөзімен де ісімен де, қоғамдық асқақ ойымен, бүкіл болмыс тірлігімен келер ұрпақ, кейінгі біздің бәрімізге де өнеге болған исі күллі адамзатқа ортақ заңғар тұлға аз емес.

Сондай өнер айдынындағы алыптардың бірі, әрі бірегейі, «Вальс королі»атанған әйгілі сазгер, ғасыр сыйлаған қайталанбас тұлға Шәмші Қалдаяқовтың туғанына биыл 86 жыл толғалы отыр. Бүгінгі өткелі отырған әдеби сазды кешімізді мына өлең жолдарымен бастағалы тұрмыз:

2 – жүргізуші:

Жаралған аға еліңе әсем ән үшін,

Әсем ән екен тағдырдың берген бағы шын.

Еркіндік сүйген еңселі дархан даламен,

Әніңе қостың сыңсыған Сырдың ағысын.

Уа, Шәмші аға, көңілің неткен кең еді,

Берері мол еді алыпты ажал бөгеді.

Алыстаса тау асқақтай түседі емес пе,

Жыл өткен сайын асқақтап Шәмші келеді.

1- жүргізуші:

«Шәмші аға» Асылбекова Дәметкен 9 «б» сынып оқушысы өз туындысын ұсынады

2- слайд

1-жүргізуші:

Шәмші Қалдаяқов 15 тамыз 1930 Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген.

Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі

сіңген қайраткер, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі,

Қазақстанның халық әртісі

( Деректі фильм)

Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған

шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз

жұмды.

3 – слайд

2-жүргізуші:

Бала кезінен бойындағы бар талантын алқалы жиын, аламан бәйгелерде көрсете білді. Әсем да ақылды көкөрім жасты ғана емес, ересек, егде қауымның да, сан түрлі мамандық, алуан ұлт адамдарының да көңілін баурап алды.

4 – слайд

1-жүргізуші:

  • 1951 – 1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды.
  • 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка теориясы факультетіне қабылданды.
  • 1956 – 1962 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факультетінде (профессор В.В. Великановтың класы бойынша) оқыды.

    ( Деректі фильм)

    5 — слайд

    1-жүргізуші:

    2005 жылдан «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан Республикасының

    Мемлелкеттік әнұраны болып бекітілді

    ( Деректі фильм)

    6- слайд

    2- жүргізуші:

    Халық арасында әсіресе күллі отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан «Менің

    Қазақстаным» туындысы айрықша мәшһүр болды. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне

    қатысушы ұл-қыздар Алматы алаңдары мен көшелерінде Шәмшінің осы әнін ұрандай

    шырқап шықты. 2005 жылдан «Менің Қазақстаным» туындысы Қазақстан

    Республикасының Мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.

    ( Деректі фильм)

  1. — слайд

1-жүргізуші:

Шәмші әндері ғажайып саздылығымен, сылдырап аққан бұлақ суындай тап-таза

сыңғырымен, лирикалық наздылығымен ерекшеленеді. Халық арасында әсіресе күллі

отаншылдық, елшілдік нотасын тап басқан «Менің Қазақстаным» туындысы айрықша

мәшһүр болды. Арттыратын Шәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта

тартатын еді

8- слайд

1-жүргізушісі:

Ақ маңдайлым, Қайықта, Еркежан

әндерінің орындаушысы, халық әртісі , қаһарманы Роза Бағланова

“Шәмшінің кеудесінен күмбірлеп туған әр әнін әуелетіп шырқаған сайын жайлауда жүргендей жарқын әсерге бөлендім” деген екен.

( Деректі фильм)

9-слайд

2-жүргізуші:

Әндерін алғаш орындап, бағын ашқан әншілердің біріеңбек ері, халық әртіс

Бибігүл Төлегенова

«Тау бұлағындай таза әуенімен ән –жырға сусаған халқының мейірімін қандырады» деген екен

10 – слайд

1-жүргізуші:

Халық әртісі Мақпал Жүнісова

Орталық концерт залында өткен Шәмші ағаның 60 жылдық мерейтойында ұлы компазиторды бірінші және ақырғы рет көрдім.

Бақыт құшағында”,“Бәріненде сен сұлу ” әндерін орындағанымда Шәмші аға бата берді. Шәмші ағаны көзі тірісінде көріп, ақ батасын алуым – мен үшін үлкен бақыт!

11 -слайд

2- жүргізуші:

Арманға құлаш сермеген, Арайлап таңның атқанын

Кеудесін жыр кернеген, Бұлақтың сыбдыр қаққанын

Шәмші аға қазақ елінің, Ұнатқан жан өзгеше,

Бағына туған ер ме екен? Шәмшіге теңеу таппадым.

1- жүргізуші:

Есінде ұрпақ сақталдың, Аяулы асыл анаға,

Санасында сақталдың. Баға жетпес дараға.

Қайықта жүріп ән салған, Жүректі тербер сыздатып,

Өзіңе теңеу таппадым. Сыйладың әнді «Анама»

(Деректі фильм)

Ән «Ана туралы жыр» орындайтындар 10 «б» сынып оқушылары

12-слайд

2-жүргізуші:

Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі

Шәмші әлемі. Әндер, А., 2000.

  • «Ақ ерке – Ақ Жайық»,
  • «Арыс жағасында»,
  • «Сыр сұлуы»,
  • «Жарқырайды Жезқазған»,
  • «Қарқаралы»,
  • «Фосфорлы Жамбыл»,
  • «Байқоңыр»,
  • «Талдықорған – әнім менің»,
  • «Ырысты өлке – Шардара»,
  • «Отан»,
  • «Теріскей»,
  • «Мойынқұмда»,
  • «Отырардағы той»,
  • «Көгілдір Көкше»,
  • «Өмір өзен»

    13-слайд

    1-жүргізуші:

    Ән өмірінің жарық жұлдызындай сәуле шашып, айрықша із қалдырған Шәмші Қалдаяқов — күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Сондықтан да қырық жыл бойы біздің аспанымызда махаббат пен сағынышқа толы Шәмші әуендері әуеледі. Бірде — бір қуанышты дастархан Шәмшінің әуезді әуендерінсіз өтпейді. Оны шырқаған әншілер де, тыңдаған тыңдаушылар да ерекше ләззат алып жігерленіп, рухына рух қосады

    14-слайд

    2-жүргізуші:

    Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар

    Ән «Бақыт құшағында» орындайтындар 10 «б» сынып оқушылары

    15 -слайд

    2-жүргізуші:

    Әлемге әйгілі сазгердің есімін мәңгі есте қалдыру ісі де өз жалғасын табуда. Атап айтқанда бүгінгі таңда

    Шымкент қаласында облыстық филармония, Бір көше,

    Алматы қаласында бір көше,

    композитор туған өлке Отырарда бір музыка мектебі,

    Бір орта мектеп,

    Бір ауыл Шәмші ағамыздың есімімен аталады.

    16-слайд

    1-жүргізуші:

    Шымкент филармониясының алдында даңқты сазгердің ескерткіші орнатылған. Туған жері Шәуілдір ауылындағы Ш. Қалдаяқов орта мектебінің ауласына орнатылған Шәмшінің ескерткіші 2006 жылы 22 қыркүйек күні салтанатты жағдайда ашылды.

    Сол сияқты 1991 жылы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым»деген деректі телефильм түсірілді. 2005 жылы Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің ұйымдастырылуымен Алматыдағы Республика сарайында Шәмшіні еске алу кеші өткізілді.

    17-слайд

    2-жүргізуші:

    Ш.Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер ретінде көрінді. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Композитор шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы аса кең. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік – Шәмші шығармаларының басты тақырыбы.Оның азаматтық лирикаға тұнған, республикамыздың кең байтақ жерін жырға қосатын:

    18- слайд

    1-жүргізуші:

    Балаларымен

    (Деректі фильм)

    19 -слайд

    2-жүргізуші: «Ән салдырған мәңгілікке өлмейтін»

    ұлы сазгерге арналған жыр — шашу

    « Отырардың ерке ұлы Шәмші ағаға » оқитын Нұралиева Гүлдана

    Артында өнер өшпес мұра қалды,

    Әніне табындырып барша жанды.

    Қазақтың сазгер ұлы, сал — серісі,

    Ғасырдың ұлы елдің маңдай алды.

    Ел аузында айтылар өзге қыры,

    Дайын тұрды кімге де әзіл, шыны.

    Ақ пейіл көңіліне берген шығар

    Әнұранға айналып отты жыры.

    Ұлылықты өзің — ақ дәлелдедің,

    Жарқырадың ұлыдай кемеңгерім.

    Әнмен тербеп әлемді сен тұрғанда,

    Мүмкін емес ұлы аға төмендеуің.

    Аты аңызға айналды Шәмші бүгін,

    Тиісті еркелеуге елге дүйім.

    Жүректен орын алған сазды әуенің,

    Көтерер алты алаштың көңіл күйін.

    Вальстің королісіз — ақ, өзі алтын,

    Бағалай білген қазақ өнер парқын.

    Әуеннен күмбез салған өзіңізді,

    Құрметпен тағзым етер сізге халқым.

    Шәмшіге арнау оқитын Асарбаева Айшолпан

    Отырарда туып, өсіп, ержетіп

    Жалауын әннің көтердің аға өрге тік.

    Сіз де өттіңіз опасыз мына жалғаннан

    Ғашықтардың жүрегін әнмен тербетіп.

    Кетті аға, әнің қазақтың жерін шарықтап,

    Көгершін болып көк аспанында қалықтап.

    Байлық пен мансап бақытқа бастар жол емес,

    Қоныпты сол кез басыңа аға, анық бақ.

    Әніңе қосып Ақжайық, Каспий, Арқа елің

    Ғашықтардың жүрегін аға өртедің.

    Жалаң аяқ көбелек қуған сәбиін

    Іздейді бүгін кіндік қан тамған Сарыкөлің.

    Ол рас аға өмірден сыйды аз көрдің,

    Қиындыққа сыр бермей өтті жаз көңілің.

    Қайыққа мінген Сыр сұлу күтіп жүр ме екен

    Бір соғар деп оралмай кеткен сазгерін.

    Жабыны жоқтап, тұлпарды көзге ілмеген,

    Санасыздар қызғаныш отын үрлеген.

    Бүгіндер жүр бармағын шайнап өкініп,

    Уағында қадіріңізді білмеген.

    Әніңе бөлеп бозторғай ұшқан қырқаны,

    Ән салдың аға таңға ұрып тағы бір таңды.

    Әлемнің қазір төрінен биік дауыспен,

    Әніңіз сіздің Ән ұран болып шырқалды.

    Күніңіз туды төріне өнер өрлейтін,

    Ерлер де шықты, намысын ердің тербейтін

    Өлді деп сізді кім айта алар жан аға,

    Ән салдырған мәңгілікке өлмейтін.

    19-слайд

    1-жүргізуші:

    1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым менің»

    (реж. Т.Ахметов) деген деректі телефильм түсірілді. «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді (2002)

    19-слайд

    2- жүргізуші:

    Халқының несібесіне туған перзенті жөнінде кең байтақ Қазақстанда өз құрмет — ықыласын, ой — пікірін жинақтаған небір абзал азаматтар әншінің өнерін қадір тұтатын отандастарымыздың естеліктеріне тоқталсақ:

    2002 жылы «Шәмші ғұмыр»атты естеліктер мен мақалалар жинағы,

    Жазушы Оралбек Бодықовтың «Шәмші Қалдаяқов» атты повесі,

    Жазушы Құттыбек Баяндиннің «Ән ғұмыр»атты деректі кітабы.

    «Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы» Қаламгер Ә. Телғозиевтің Шәмші жайлы жазған деректі мақаласы, «Шежірелі Отырар»кітабында сазгердің ғұмырнамасы тереңірек сыр шертеді.

    Бұдан басқа да «Әндер», «Бақыт құшағында», «Сағынышым менің», «Менің Қазақстаным», «Шәмші әлемі» атты әндер жинағы жарық көрді.

    20-слайд

    1- жүргізуші:

    Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор

    Республика жастар сыйлығының иегері болд(1965).

    Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртисі.

    21-слайд

    2-жүргізуші

    Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Қазір оқушылық кезеңде мектеп партасында ақ бантик тағып қамсыз оқушымыз. Бізде ертең мектепті аяқтап үлкен өмірге жолдама аламыз мектепті сағынамыз. Осындай оқушылық кезді , балғын балалық шақты аңсаудан туған Шәмшінің керемет , бәрімізге таныс ән Ақ бантикті қосыла шырқайық

    Ән : «Ақ бантик» бәріміз бірге

    1-жүргізуші:

    Осымен ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовқа арналған сазды кешіміз аяқталды.

    Қорытынды сөзді тәрбие ісінің меңгерушісі Жұмағалиева Маржан апайға береміз

  • Тақырыбы: « Өткен күннен бір елес !»

    (Ардагер ұстаздармен кездесу кеші)
    Мақсаты:
    а) Ардагерлер ұстаздар жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді,

    үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету.
    ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту. Белгілі бір мамандыққа

    баулу. Өзін – өзі ұстау әдебін қалыптастыру.

    в)Ұстаздардың дүниетанымын тереңдігін, жан-жақты білімділігін, ең озығын анықтау.

    Ұстаздардың кәсіби құлшынысын арттыру

    Түрі: кездесу кеші
    Әдісі: пікір алмасу, сұрақ – жауап, образға ену, зерттеу
    Көрнекілігі: Ардагерлерге байланысты жазылған қанатты сөздер. Техникалық құрал
    Барысы:

    1-жүргізуші

    Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

    10 сынып оқушыларының қатысуымен «Өткен күннен бір елес !» тақырыбындағы ардагер — ұстаздармен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
    2- жүргізуші:
    Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
    Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, өздеріңнен бастау алар бар арман.
    Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, қолыңда шәкіртіңнің бала

    шағы.
    Өмірді алға қарай өрлететін, сіздер де Ұлы Отанның болашағы.

    Ісім оңсын десеңіз,
    Сол істің маманы болыңыз.
    Даңқым шықсын десеңіз,
    Көпшіліктің адамы болыңыз, — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі кеш қонақтары осы мектептің ардагер ұстаздарынмен таныс болайық.

    Былшықова Шоқанова Мағзымова

    Жансая Нысан Сәнекеш

    1- Жүргізуші: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
    Зерделеп өнегені бала жастан,
    Ұстаз болып жаралған әуел бастан.
    Жылы жүрек, жүзінде мейірім – шуақ,
    Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан

    2-Жүргізуші:

    Ұстаз — ол, қырық жылдай еңбек еткен,
    Ұрпағы үшін аянбай терді төккен
    Қаншама шәкірттерге білім беріп
    Бар өмірі баламен бірге өткен.

    Айта берсек ұстазға тіл жетпеген,
    Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
    Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,
    Ұстаздарға қарыздар болып өтпеген.

    Ән. Орындайтын 10 «в» сынып оқушысы Ускенбаева Айшолпан «Ұстазым»

    1- Жүргізуші «Мектеп — білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» — деп ғұламалар айтқандай, кез келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық — өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
    Келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейік. Өз өмір жолдары, ұстаз болуының қыры мен сыры туралы айтып берсе.
    Оқушылардың сұрақтарына кезек беру.

    1. Ең алғаш еңбек жолы қайдан бастадыңыз?
    2. Мектепке келген кезіңіз есіңізде ме?

    3. Ең жақсы көрген оқушыңыз?

    4. Ең жақсы көретін тақырыбыңыз?

    5. Ең сәтті өткен ашық сабағыңыз?

    6. Ең жақсы көрер ұстазыңыз?

    7. Ең қатты ренжіген оқушыңыз?

    8. Ең жақсы сыныбыңыз?

    9. Ең қызықты күндеріңіз?

    2-жүргізуші: Күй: Орындайтын 10 «а » сынып оқушысы Темірбеков Нұрлан

    Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Әлқиса»

    1-жүргізуші:

    Ендігі кезекте ардагер ұстаздарымызбен сұрақ қойып соған сәйкес мақалдап жауап беру керек.

    «Әдемі сөйле» 3 топқа 8 сұрақ мақалдап жауап беру керек.

    1. Сәнекеш апай

    1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар да жанады)

    2. Адамның төбесі аспанға жете ме? (Төбесі көкке жетті)

    3. Адамның қай жеріне нан піседі? (Кеудесіне нан піседі)

    4. Қай ас тәтті? (Еңбекпен тапқан дәм тәтті)

    5. Аурудың жаманы не? (Ұмытшақтық)

    6. Нені жасыруға болмайды? (Ауруын жасырған өледі)

    7. Кім қартаймайды? (Халық қартаймайды)

    8. Сиырдың сүті қай жерінде? (Сиырдың сүті тілінде)

    2. Нысан апай

    1. Түкіріктен көл құрала ма?

    2. Тауық түс көре ме? (Аш тауықтың түсіне тары кіреді)

    3. Адамның қанаты бар ма? (Ұшарға қанаты болмау)

    4. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)

    5 Адамда арқау бола ма? (Ас- адамның арқауы)

    6 Қайтсең тегін ішесің? (Ексең егін, ішерсің тегін)

    7 Ердің атын не шығарады? (Ердің атын еңбек шығарады)

    8. Адамның көркі не? (Адамның көркі — шүберек)

    3. Жансая апай

    1 Сөз анасы не? (Сөз анасы — құлақ)

    2Тәуекел түбі не? (Тәуекел түбі — желқайық)

    3Қай уақытта айнаға өкпелемейсің? (Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме)

    4 Өтірікші өзін не істейді? (Өтірікші өзін күлкі етеді)

    5 Елдің құлағы нешеу? (Ел құлағы елу)

    6. Қандай кілт аспанда ? (Кісідегінің кілті аспанда)

    7Басынан шіритін не? (Балық басынан шіриді.)

    8 Сөздің көркі не? (Сөздің көрікі- мақал)

    2- жүргізуші:

    Құрманғазы, Тәттімбет

    Домбырамен сайраған

    Жүректе от жансын деп

    Елге күйін арнаған

    Күй. Орындайтын 10 «в» сынып оқушысы Қанатова Ақбота

    Құрманғазы Сағырбаев «Балбырауын»

    1- жүргізуші:

    Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”

    2-жүргізуші:

    Ойын. Сурет арқылы әннің шумақтарын табу. « Ән » қалай аталады?

    1-жүргізуші

    «Ұстазым»

    1.Ғалым да, шахтер де бас иетін,
    Ұстазым, бар сенің қасиетің.
    Білім берген, ой берген, ақыл берген,
    Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.
    Қайырмасы:
    Ұстазым!
    Ақылшы дос, ой-арманым,
    Арналсын саған осы аяулы әнім.
    2.Күтеді біздерді үміт алдан,
    Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
    Үйретем деп өмірдің парасатын,
    Ағарды ғой біз үшін қара шашың

    Осы әнді ардагер ұстаздар орындап берулеріңіз сұралады

    1-жүргізуші:

    10 « а» сынып оқушысы Амангелдиев Жасқайра « Ханшайымым »

    2- жүргізуші:

    Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

    Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

    “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

    1 – жүргізуші .

    «Тапқыр болсаң тауып көр»

    Мүғалім бала көңілін таба

    білетін, бала да бола алатын

    артист десе артық емес.

    Сіздерге берілген сөздерді

    3 мин ішінде көрермендерге қимылмен түсіндіріп беру керек немесе осы оқушыларының ішінен бір оқушыны таңдап алуы керек.

    2-Жүргізуші

    «Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді», — деп ұлы орыс ақыны

    Лев. Толстой айтпақшы, адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Бірулер үшін- ол ойға алған арманның орындалуы, енді біреулер үшін ол — отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң таңдалған мамандық болып табылады. Адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақтар қойып, мамандық таңдауда қателеспеуі керек.
    Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп.

    1-Жүргізуші

    Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы — адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандықты дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі.

    Зор ықылас, шабытпен істеген іс- табыс биігіне жеткізетін қанат.

    «Кім көбірек мамандықты атайды?» ойыны
    (зоотехник, агроном, кинолог, химиялық бактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебер, үңгуші, ағаш шебері, инженер механик, сәулетші, электромонтаждаушы, құрылысшы, техник-металлург, радиомеханик, компьютер құраушы, телекоммуникациялар жөніндегі маман, дәрігер, мұғалім, психолог, шаштаразшы, менеджер, экскурсия жетекшісі, көркем ұжымның жетекшісі, аудармашы, сызушы, инженер, топограф, машинист-хатшы, бағдарламашы, : әртіс, суретші, музыкант, дизайнер, тас қасаушы, әдеби қызметкер)

    2-жүргізуші:

    Ұлы ғұлама, ғалым, ұстаз Әбу – Насыр Әл – Фараби сөзінде:
    «Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқынышпен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»
    1-жүргізуші:
    Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз..
    «Жапырағын жайған бәйтерек, тереңге тартқан тамырын» демекші, ардагер-ұстаздарымыздан
    бәйтерек ағашына оқушыларға арнап тілек қалдыруларыңызды сұраймыз.

    «Батаменен ел көгерер»

    Ел тыныш жүріп жатсыз ортамызда
    Құрметпен қол жаямыз батаңызға
    «Шүкір»дейді ақ шашты ардагерлер
    Айналар өмірі үлгі, аты аңызға.

    (ардагер ұстаздардан бата сұраймыз)

    2-жүргізуші. Хор. «Ұстазым» Орындайтындар 10 сынып оқушылары

    1-жүргізуші.

    Қорытынды.
    Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! «Өткен күннен бір елес!» атты кездесу кешіміз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s