Елін сүйген Елбасы!


Барша Қазақстандықтарды 1 желтоқсан тұңғыш президент күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Бүгінгі таңда Қазақстан мен Нұрсұлтан ұғымы егіз ұғым іспеттес. Елін сүйген, елі сүйген елбасына халқы үлкен сенім артады. Жас ұрпақ өзінің болашағын елбасының салған дара, әрі дана жолымен байланыстырады. Еліміз ауыр да, сынагы ол жылдарды артқа тастап, егеменді ел болғанымыздың арқасында қанатын кеңге жайды. Ендігі жылдар жарқын болашақтың жылдары болмақ.
Елбасының әрбір шетелдерге сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей екені даусыз. Қазіргідей әлем мойындаған тәуелсіз Қазақстан Республикасы болып отырғанымыз тұңғыш президентіміздің ерең еңбегінің жемісі.

Н.Ә.Назарбаев әлем мойындаған жаҺанға атағы таралған, қазақ елін әлемге әйгілі етіп жүрген бүгінгі заманның көшбасшысы, туған халқының бәйтерегі, көсемі, кемеңгері, елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі. Кезінде түркі жұрты қағаны қара терін төгіп, жан аямай еңбек етіп, мәңгілік ел іргесін қалап кетті. Дәл осыны жаңа дәуірде Елбасымыз ХХl ғасырда жалғастырып отыр. «Мәңгілік ел»ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдардан бергі асыл арманы. Ол арман-тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Елбасымыз арманды ақиқатқа айналдырды.

Жас ұрпақ ХХl ғасыр «АЛТЫН ҒАСЫР»болатынына кәміл сенеміз! Себебі,біздің көкейімізде егемендік алған жылдары Н.Назарбаевтың айтқан мынадай сөзі сақталған: «Біз ұлы жолға шыктық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда — тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға апарар қанатты пырағымыз бар!
Шаттыққа,қуанышқа көңіл толсын,
Бұл өзі арман еткен заман болсын.
Мендегі жалғыз тілек жүрекжарды,
Елім де,Елбасым да аман болсын!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s