Геометриялық фигуралар Заттардың қандай айырма шылығы бар?


БҚО, Орал қаласы
№37 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Василевская Инкар

Сабақ жоспары

Тақырып: Геометриялық фигуралар

Заттардың қандай айырмашылығы бар?

Күні : Мұғалімнің аты-жөні: Василевская Инкар
1 -сынып Қатысып отырғандары Келмегендер саны
Оқу мақсаты Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрады және жіктейді.
Сабақтың мақсаттары Жасалған материалдары бойынша заттарды салыстыруға үйрету.
Тілдік мақсаты Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушылармен ойын ұйымдасытырыңыз . Жүргізуші затты таңдап алып, тірек сөзді айтады. Оқушылар көрсетілген заттың қандай материалдан жасалғанын айтады. Дұрыс жауап берген оқушы ойынды жүргізуші қызметін атқарады. Ол тірек сөзді айтып ойынды жалғастырады.

Жоспар
Жоспарланған мерзімдер Жоспарланған шаралар Ресурстар
Басы

Ортасы

Соңы

Сабақтың шеңбері

Таңғы шеңберде тұрған оқушылармен амандасамын.

Армысың, досым!

Кел, маған қосыл!

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық.

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық.

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.

Оқушыларды алма, алмұрт, банан, киви, мандарин жемістерді таңдаулары бойынша топқа бөлемін. Сабақ “Өзім туралы” тақырыбы аясында қарастырылады, сондықтан баланың күнделікті өмірде тұтынатын заттарды пайдаланамын.

Әр топта отырған жемістердің пішіндерін, түстерін салыстыруды сұраймын.

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өтемін. Cабақ заттың жасалған материалын анықтауға бағытталған. Сабақта оқушылар тәжірибе жасау арқылы заттардың жасалған материалы бойынша айырмашылығы болатынына көздерін жеткізеді. Осы белгілері бойынша заттарды топтастыруды және қарама-қарсы белгілері бар заттарды салыстыруды үйренеді.

Оқушылар топпен стаканның, қасықтың, телефонның, гүлдің айырмашылықтарын анықтап айтады. Оқушылардан бұл қандай заттар екенін біліңіз және олар өмірде не үшін керек екенін сұраймын.

Заттарды дайындалған материалдары бойынша ажыратуға болатынын қорытындылап айтыңыз.

Қораптағы әрбір заттың қандай материалдан жасалғанын анықтауды өтініңіз.

Оқушылардың жауаптарын қорытындылаңыз, кеңсе қағазқыстырғышының металдан, ойыншықтардың пластмассадан, пазлдың қағаздан жасалғаны жайлы қорытынды жасаңыз. Сыныптан әртүрлі материалдан жасалған заттарды мысал ретінде табуды өтініңіз.

Оқушыларға ойын ойнауды ұсыныңыз.

Ойын шарты: Егер жүргізуші ағаштан жасалған затты көрсететін болса, оқушылар алақандарын соғады, егер темірден жасалған затты көрсетсе — аяқтарымен еденді тарсылдатады, қағаздан жасалған зат болса — орындарында үндемей қалады.

Суреттерге қара. Бұл заттарды қандай белгілері бойынша салыстыруға болады? Оқушыларға оқулықтағы суреттерге қарап шығуды және тапсырманы орындауды ұсыныңыз.

Оқушылар суреттерді талдап, берілген заттарды жасалған материалы бойынша салыстыруға болатынын айтады.

Жауабы:

металдан жасалған заттар: шанышқы, кіртасы, қайшы, ине; ағаштан жасалған заттар: сызғыш, қоршау, бөшке, орындық.

Шығарып көр. Тапсырманы оқушылар өмірден көргендеріне сүйеніп орындайды.

Суреттерді қарап, әр заттың қандай материалдан жасалғанын анықтауды ұсыныңыз. Суреттен көргендерін сараптай келе, оқушылар кейбір заттардың әртүрлі материалдан дайындалатыны жайлы қорытындыға келеді. Мысал ретінде ойыншық автомобильді алыңыз. Оны пластмасса, резеңке, шыны сияқты бірнеше материалдан дайындайды.

Орындап көр. Тапсырма оқушылардың заттарды қасиеттеріне байланысты салыстыру бойынша алған білімдерін жалпылауға арналған. Заттардың ішінен артығын табуды ұсыныңыз. Жауаптарын дәлелдеуді сұраңыз. Сыныптағы заттарды пайдала-нып, осындай ойын ойластырып, тапсырманы күрделендіруді ұсынуға болады.

Жауабы:

а) егер пішіні бойынша салыстыратын болса, артық зат сызғыш болады, өйткені қарындаш және қаламның пішіндері бірдей. Егер заттарды жасалған материалы бойынша салыс-тырса, артық зат қалам болады, өйткені ол пластмассадан жасалған, ал қарындаш пен сызғыш ағаштан жасалған;

ә) егер пішіні бойынша салыстырса, артық зат теректің жапырағы. Егер түсі бойынша салыстырса, артық зат — сары түсті үйеңкі жапырағы;

б) егер түсі бойынша салыстырса, артық зат — сары үшбұрыш, егер пішіні бойынша салыстырса, артық зат — жасыл шаршы.

Артық затты тап. Оқушылар берілген суреттер бойынша заттардың қандай материалдан жасалғанын анықтайды. Бірдей материалдан жасалған заттарды айналдыра сызып, әр қатардағы артық затты сызып тастайды.

Жауабы:

Белдемше мен шалбар матадан жасалған, артық зат — қағаз батпырауық;

Құмыра мен стақан шыныдан жасалған, артық зат — темір кастрөл;

Дәптер мен қойындәптер қағаздан жасалған, артық зат — шыныдан жасалған ыдыс.

Заттардың суретін сал. Тапсырма заттардың дайындаған материалына байланысты қасиеттері туралы білімін кеңейтуге бағытталған. Оқушылар естеріне сүйікті ойыншықтарын түсіреді немесе өздерін қоршаған заттарды қарап шығып, олардың неден жасалғанын анықтауы тиіс. Оқушылар өз заттарын дәптерінде бейнелейді, егер шамасы жетсе, заттың атауы суреттің астына жазуына да болады. Сонымен қатар өз суреттерін парталас көршісіне жұмбақ-сурет ретінде жасыруына болады. Сонда өзара тексеру барысында жұптарда диалог құрылуы тиіс: менің суретіме қара да, тауып айт: қандай зат ағаштан, металдан, шыныдан жасалған? Оқушылар бір-біріне жасырылған суреттің түсін, пішінін, көлемін анықтайтын үш қосымша сұрақ қоя алады. Сурет дәлірек бейнеленсе және жеткілікті деңгейде қосымша сұрақтар қойылса, жұмбақ-суреттің авторы суретті салуда шеберлік көрсеткені болып саналады.

Оқушылар әртүрлі материалдан жасалған заттарды анықтауы мүмкін. Сіз оларды кішігірім жаңалық ашқаны үшін маұтап, қазіргі кезде бір затты жасау үшін әртүрлі заттардың қасиеттері өте жиі пайдаланатынын айтып қорытындылаңыыз.

осы тақырыпты бекіту үшін оқушыларға үйлерінде шағын зерттеу жүргізуді ұсыныңыз және келесі сабаққа әртүрлі материалдан жасалған кез келген үш зат әкелуді ұсыныңыз.

Үйде зерттеу жүргізуді жалғастыруға арналған тапсырма: неге металдан жасалған заттар суға бататынын, ал ағаштан жасалған заттар батпайтынын ата-аналарымен талқылауды ұсыныңыз.

Жемістер

Қағаз, пластмасса, шыны стакан, ағаш, пластик, металл қасық, матадан, пластиктен, резинадан жасалған ойыншықтар, ойыншық телефон мен ұялы телефон.

оқулық

дәптермен жұмыс

Бағалау Рефлексия

Оқушылар сабақ соңында:

заттарды жасалған материалы бойынша салыстыруды;

заттардың негізгі қасиеттерін жасалған материалы бойынша ажыратуды меңгереді.

Оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Парта қандай материалдан жасалған?

— Дәптер мен оқулықты қандай белгілеріне қарап салыстыруға болады?

Әртүрлі материалдан жасалған үш затты мысалға келтіруді сұраңыз.

Қорытынды бағалау.

Оқушылар сабақтағы жұмысын жұмыс дәптеріндегі «Жетістік баспалдағы» бойынша бағалайды.

заттардың қандай айырмашылығы бар.docx

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s