Жаңа сабақтар

«Білімді ұрпақ — ел тірегі» сайысы


Ақмола облысы,
Астрахан ауданы,
Старый Колутон орта
мектебінің биология, химия
пәнінің мұғалімі
Кожахметова Жарқын Алтаевна

Тақырыбы: «Білімді ұрпақ — ел тірегі» сайысы
Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа тәрбиелеу
1 — жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
2 — жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!
1 — жүргізуші:
Физика — табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап
Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Космос кораблі, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр
Бәрінің бағынары физика ғой!
Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге: оқып, зерттеп, білем, көрем,
Демесең болсын егер еңбегің еш
Әуелі физиканы оқы дер ем!
2 — жүргізуші: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»- деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Білімді ұрпақ — ел тірегі» атты сайысқа қош келіпсіздер! Бүгінгі сайыста 8 «а» сынып оқушылары білімдерімен, тапқырлығымен, іскерліктерімен сынға түскелі отыр.
1 — жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты ол
Еңбектену, жалықпау
Сәт – сапар тілеп бәріңе
Сайысты енді бастайық
2 — жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. «Танысайық» (топтардың өздерін физикалық тілде таныстыруы)
2. «Кім жүйрік ойға, сол алда» (логикалық сұрақтарға жауап беру)
3. «Сырлы сұрақ», (басқа пән мұғалімдерінің сұрақтарына жауап)
4. «Бұл фокус емес, бұл физика», (үйден дайындап әкелген тәжірибелер сайысы)
5. «Физика қиын, ашиды миың», (берілген әріптерден формула құрастыру)
6. «Кім білімді?» (жанкүйерлерге арналған сұрақтар, топ мүшелері формула құрастырып жатқан кезде жауап береді)
7. «Білім керек мұндайда», ( таңдап алған сұрақтарға қосымша көмек арқылы жауап беру)

8. Ойын «Жер — Теңіз — Ауа»

9.Ойлан, тап.

10. «Терминдердан құралған ақ тілектер» топ мүшелерінің тілектері

11. Қорытынды.
1 — жүргізуші: Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер
2 — жүргізуші: Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – деп,
әділқазы алқаларымен таныстырайық:
1.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s