Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Онлайн семинар қалай өткізілді. Ұстаз пікірі


«Бір адамның жаққан отына мың адам жылынады «деген дана халқымыз. Осы тұрғыда Республикалық Серпіліс газеті, 45minut.kz газеті басылымының редакторы Ізгілік Байдрахманұлы Нағиевтің атқарған еңбектерін өз тарапымнан ерекше тұрғыда атап өткім келеді.

Әлеуметтік желі жүйесі арқылы таңдау өз еркіңде. Жақсыны көремін дегендер, жарықты көреді, һәм оны игереді дер едім. Бұрын соңды мұндай көзді ашып-жұмғанша жылдам хабар тарататын, уақытты созбай, ұстаздардың еңбегін дер кезінде сараптама жасай отырып әділ бағалайтын, тіпті республикалық семинар өткізетін басылым көрмегенмін. Уақытысында қамданбасаң, кеш қаласың.

45minut.kz сайтында жарияланатын ұстаздар еңбегі, оның кең көлемде әлем деңгейінде таратылымы жанды жадыратады. Желі арқылы ҚР бойынша ұстаздардың басын қосып қаншама ұстаздардың достасуына, ізгі іс-тәжірибелерін ортаға салып қарым-қатынас жасауына ықпал жасап жүрген шығармашыл, ойы жүйрік, өз ісінің хас шебері, майталманы, сөздің емес, істің адамы Ізгілік Нағиевтің іскерлігін атап өту бізге парыз дер едім. Бас редактордың идеялары ұстаздардың ізденістеріне жол ашуда.

26.11.2016жылы Түркістанда Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда Республикалық семинар өте жоғары деңгейде өткізілді. Семинардаың барысын көзі қарақты желі қолданушылар бақылап отырды.

03.12.2016 жылы Қостанай облысы, Таран ауданы, Новоильинов мектебінде Республикалық семинар өткізілді.

Айтпағым, Қазақстанның әр аймағында өткізілген семинар көшінің жылдам бір жетіден кейін жалғасуы.

Айтпаса да түсінікті, үлкен қажырлы еңбекті, ақыл-ойды, қуат -күшті, білімділікті, жылдамдықты, сергектікті талап етеді. Бұл ауқымды семинар көші жалғасын таба бермек.

Енді мен де болып жатқан жақсы істердің таратылымына ат салыстым, жақсыны бөліскенге не жетсін. Қостанай облысы, Таран ауданы, Новоильинов мектебінде әріптесім Татьяна Жумабаеваның жауапкершілігімен өткізілген Республикалық семинарды 45minut.kz жарияланғанды көшіріп VK-ға, мой мирге, фейсбукке және оның Ұстаздар ортасы, Мұғалім мәртебесі т.б бөлімдеріне, одноклассникке, твиттерге таратып отырдым. Еңбектеріне куә болдық, көрдік, үлгі алдық, тамсандық. Осы аталған мектепке шығармашылық толағай табыстар тілеймін.

«Күш – білімде» екені айдан анық, ал, оны Республика деңгейінде көрсете білу де өнер дер едім. Осындай перспективасы ашық мектептердің іс-тәжірибесін таныстырып, Республика көлемінде көрсете білуге ұйытқы болып мүмкіндік жасаған редактор Ізгілік Нағиев мырзаға денсаулығыңыз мықты болып ойға алған мақсаттарыңызбен бірге биік белестерге жете беріңіз дегім келеді.

Жақсының жақсылығын айтайық, нұры тасысын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Несіпкүл Өтебаева,

Түркістан қаласы.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s