Жаңа сабақтар

«Сертификатталмаған мұғалімдер тәжірибесіне де ңгейлік бағдарламаның енгізілу жағдайы» тақыры бында дөңгелек үстел өтті


2016 жылдың 6 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Преображенка орта мектебінде аудандық білім бөлімі ұсынысымен «Сертификатталмаған мұғалімдер тәжірибесіне деңгейлік бағдарламаның енгізілу жағдайы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудан мектептерінің 1,2 деңгейлі 21 мұғалімі және АОБ әдіскерлері Байсақалова А.Е., Садвакасова Д.К., Капчикова Н.Т. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында мектеп директоры Ниязбаев Е.К. мектептің жалпы жағдайы, мұғалімдердің деңгейлік курспен қамтылуы, жаңартылған бағдарлама бойынша оқыған мұғалімдер, сертификатталған мұғалімдердің оқу мен оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін енгізудегі білім сапасының деңгейі туралы ақпарат берді. Оқу ісінің меңгерушісі, ілгері деңгейлі сертификатталған мұғалім Окатаева Н.К. мектеп көлемінде деңгейлік мұғалімдердің жұмысын, қоғамдастық аясында жасалып жатқан шаралар, тәлім алушылармен өткізілген оқу-үйрету жұмыстарын және «Тәжірибедегі рефлексия» курсының жағдайымен таныстырып өтті.

Дөңгелек үстелден соң қатысушылар сертификатталмаған мұғалімдер: Қанапиянова С.Қ., Рейхерт А.Н. сабақтарына қатысты. Қанапиянова С.Қ. 5 «а»-сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Хандар мен билер», Рейхерт А.Н. 7 «б»-сыныбында «Формула разности квадратов двух выражений» тақырыбында 7 модуль ықпалдасқан сабақ өткізді. Қатысушылар тарапынан өтілген сабақтар жоғары бағаға ие болды.

«Мектептегі «Тәжірибедегі рефлексия» курсында сертификатталмаған мұғалімдерді оқыту мәселелері» тақырыбында ілгері деңгейлі сертификатталған мұғалім, мектеп тренері Д.А. Ниязбаева коучинг өткізді. Коучингте сертификатталмаған мұғалімдермен оқытуда кездесетін кедергілер талқыланып, мектеп тренері тарапынан ұсыныстар мен әдістемелік көмек берілді. Коучинг соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Байсақалова А.Е. атқарылып жатқан шаралар, «Тәжірибедегі рефлексия» курсы бойынша ұсыныстар мен мәселелердің шешімі бойынша ақпарат берді.

«Сертификатталмаған мұғалімдер тәжірибесіне деңгейлік бағдарламаның енгізілу жағдайы» тақырыбында өткізілетін дөңгелек үстелдің өткізілуі қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды, іс-тәжірибе аудан көлемінде таратуға ұсыныс қанағаттандырылды.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s