03.12.2016 жылы өткізілген семинарға қашықтан қатысқ ан ұстаздар пікірлері


Бериккалиева Лидия Куанышбековна

М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі І санатты. БҚО, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

3 желтоқсанда өткен Қостанай облысындағы «Білім болашаққа бастар жол» тақырыбында өткізілген республикалық қашықтық семинарының өту барысын өзімнің почтама келген, материалдар арқылы оқып танысып отырдым. Фейзбук арқылы ауданда және фейзбук желісіндегі достарыма тараттым.

Болашаққа қадам басу үшін ұстаз өзі ізденуі керек. Ауылдық мектепте жұмыс жасай жүріп, бізде интернет желісі арқылы қашықтық семинарларының бағыт-бағдарын байқап жүрміз. Негізі ұстаздарға берері мол. Бізде өз мектебімізде семинарлар өткізіп тұрамыз. Алдағы уақытта осындай қашықтық семинарын өз мектебімізде өткізсек деген ойымыз бар.

Қостанай облысы, Таран ауданы, Новоильинов мектебіндегі әріптестеріміздің шығармашылық белсенділігі жоғары дәрежеде екені көрініп тұр. Бұл мектептегі әріптестеріме тек сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін.

—————————————

Қостанай облысы Таран ауданы Новоильинов орта мектебінде «45 минут.kz» редакторы Изгилик Байдрахманұлы бастамасымен откізілген бұл бір өте үлкен қуантарлык іс-шара деп білеміз. Семинар барысында эл. почтамызға келіп түскен көптеген материалдармен өз ұжымымызда және әлеуметтік желілердегі топтарда бөлісіп, көптеген әріптестеріміздің алғысына бөленіп, алдағы өтетін семинарларға олар да қатысып, өз тәжірибелерімен бөліскісі келетінітуралы осы желілердегі жазған пікірлерінен де айқын байқалуда.
Ал, қостанайлык әріптестерімізге алғысымыз шексіз. Әрбір өткізілген ашық сабақболсын, сыныптан тыс іс-шара, ауызша журнал, шеберлік сынып бәрі де сөзсіз үлкен шеберлікпен, өте жоғары деңгейде өткізілген. Атап айтсақ, Жумабаева Т.М.- ашық сабағы, даярлық тобының музыка сабағы, шеберлік сынып сабақтары, ауызша журнал 9 сынып оқушысы Анищенко Верониканың Елбасына арнап жазған өлең шумақтары өте қатты әсер қалдырды.
Редакция ұжымына бастаған игі істеріңіз одан әрі қарай жалғасын тауып, мыңдаған ұстаздар қауымының қуаныштарына бөлене беріңіздер дегіміз келеді.
Карағанды облысы Жанаарқа ауданы Ералиев ауылы
О.Алибаев орта мектебі. Алин Досбол Галымулы Амиралина Жулдыз Сапиевна
Абильдина Сауле Калиакпаркызы

—————————————

Желтоқсанның алғашқы сенбісінде Қостанай облысы,Таран ауданы, «Новоильинов орта мектебі» КММ-де республикалық мұғалімдерді қолдайтын, ұстаздардың сабақтары мен тәжірибелік жұмыстарын БАҚ және Интернетте жариялауғаарналған. «45минут.kz» порталының жетекшісі Ізгілік Байдырахманұлы Нағиевтың басшылығымен «Білім болашаққа бастар жол» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық педагогикалық

семинар материалдарымен өзім оқу ісі бойынша мектеп директоры болып жұмыс жасайтын Атырау қаласы №32 орта мектеп ұжымы да танысты.

Бүкіл еліміз бойынша Республикамыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған « 25 жұлдызды күн » әдістемелік айлық жүріп, онда мұғалімдеріміз өздерінің шеберліктерін , оқушыларымыздың білімін көрсететін әртүрлі ашық сабақтармен тәрбиелік шараларын жүргізіп жатқан бұл шақта осы семинар материалдарымен танысу үлкен қызығушылық оятып, мұғалімдеріміздің жұмыстарында серпіліс болды деп айта аламын.

Семинар материалдарын талқылай келе ұжымымызда әрбір сабақтан, тәрбиелік шарадан жақсы жақтарын үйренудеміз. Осы аталған сабақтардан бізге өте жақсы әсер қалдырған сыныптан тыс іс-шара, яғни «Біздің көшбасшы» тақырыбында тәжрибелі мұғалімдер Куламбаева Гүльшат Айтановна мен Байсапақова Ақмарал Жусуповна Қазақ елінің

550 жыл бұрынғы тарихынан бастау алатын оқиғалар мен қазіргі дамыған, әлем таныған Мәңгілік еліміздің игі істеріне тоқталған ауызша журнал және « Мұғалім біліктілігі…» туралы шебер- сынып. Ондағы назар аудартатын жәйт мектеп мұғалімдері мен мектептің ата-аналар комитетінің өкілдерінің бірігіп жұмыс атқарғандығы.

Семинар материалдарымен әлеуметтік желіде, ватсап желісі бойынша, мектептің әдістемелік кеңесінде талқылап, әсіресе, жас мамандар арасында таратып отырмын.

«45 минут.kz» порталының жетекшісі Ізгілік Байдырахманұлы Нағиевқа алғысымыз шексіз. Мұғалім еңбегін ескеру, бағалау бұл болашағымыз болған жас ұрпақ тәрбиесіне қосылған үлкен үлес деп білеміз.

—————————————

Қостанай облысы Таран ауданында өткен семинар туралы ақпараттарды жүйелі алып, оқып отырдым. Бізге осындай мүмкіндік туғанына қуанышытмын! Басында дұрыстап түсіне алмадым. Сондықтан көптеген адамдарға тараттым деп те айта алмаймын. Өзімнің мектебім мен шағын орталыққа айтып хабарладым (құрамы 15 адам).Сонымен қатар ВК желісіне де семинардың өтіп жатқанын, тіркелуге болатынынжазып қойдым. Әлі де әріптестеріме дұрыстап хабарлап, бірге жұмыс істеуге шақырамын деген үміттемін.
Бурибаева Назгуль Омирхановна

—————————————

Ембергенова Айнур Калдыбаевна

Мектеп: Жамбыл атындағы мектеп-лицейі

Облыс: Оңтүстік Қазақстан облысы Аудан:Отырар Село :Шәуілдір

Онлайн семинарға қатысу туралы пікір: Я хочу выразить огромную благодарность сайту 45 минут и главному редактору за возможность участия в онлайн –семинаре. Семинар в таком формате-это новое веяние в образовательном процессе. Благодаря вашему сайту я ознакомилась с материалами информационного научно — практического республиканского

семинара — « Білім болашаққа бастар жол ».Вместе с коллегами на заседании секции мы обсудили видеоролик «Краткий обзор республиканского семинара», программа семинара была насыщенной.Мы особо отметили работу учителей-априори Галиевой Эльмиры и Жумабаевой Татьяны, которые также как и мы филологи. Нам понравились фотографии с с открытых уроков, внеклассного мероприятия.

Материалы семинара распечатала и ознакомила коллег. Также сделала публикации материала на личной странице в социальных сетях, в «фейсбук», «в контакте»,и по ватсапу разместила в группах. Все мои друзья впо интернету просматривают, делятся материалами семинара. На заседании секции с материалом ознакомились 24 учителя, по ватсапу более ста человек ,и в социальных сетях активно голосуют. Желаю Вам творческого успеха и всего самого найлучшего.

—————————————

ШералиеваЖанар Мадумаровна

Мамандығым: Әлеуметтік педагог

Жамбыл облысы Қордай ауданы Беріктас ауылы

28 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

Жиырма бірінші ғасыр –жоғары технологиялар, жаңашыл өзгерістер, білім ғасыры болып тұр. Олай дейтін себебім сонауҚостанай облысы, Таран ауданы, Новоильинов орта мектебінде өткен«Білім болашаққа бастар жол» тақырыбында республикалық педагогикалық семинардың куәсі болдық. Бұл өтіп жатқан онлайн семинарлар маған әдістемелек көмек жәнеде жұмыс жүйесін ретке келтіруге көмегі тиіп жатыр. Онлай семинар туралы ақпараттар поштаға келіп тұрды. Қостанай облысындағы Новоильинов орта мектебінде өткен «Білім болашаққа бастар жол»тақырыбында«45 минут.kz» порталының жетекшісі Ізгілік Нағиев Байдырахманұлының ұйымдастыруыменөткен семинар жайлы оқып, суреттерімен танысып ,семинардың материалдарынжүктеп, отырдым. Семинар материалдарын Mail.Ruжәне ватсап арқылы басқа қаладағы өз таныстарыма , мұғалімдерге таратып отырдым. Бірақ, онлайн семинарға бұл жолы да ешкімді тіркей алмадым. Осындай семинар ұйымдастырып отырған «45 минут.kz» ұжымына үлкен рахмет!

—————————————

Молдабекова Айгуль Рысбековна
Мектеп:»№2 Ақсуат орта мектебі»КММ, математика -информатика пәндерінің мұғалімі
Онлайн семинарға сырттай қатысуға мүмкіншілік жасаған 45 минут сайтына үлкен рахметімді айтамын. Онлайн семинар туралы ақпараттар мен жаңалық тар почтама келді. Материалдармен танысып, оқыдым.
Мектептегі әріптестеріме, бірлестік жетекшілеріне семинар болып жатқандығы туралы хабарлама жасадым. Интернетке қосылуға мүмкіндігі бар әріптестерім материалдарды көшіріп алып,танысты. Семинарды ұйымдастырушыларға үлкен рахмет, еңбектері жемісті болсын. Семинардан үйренгеніміз өте көп.Осындай қашықтық семинарлар жиі болып тұрса.

—————————————

Кожабаева Гульжан Калуадиновна.

Павлодар облысы. Екібастұз қаласы. № 36 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. I- санатты.Бірінші (ілгерлі) деңгейлі. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша біліктілікті арттыру б/ббағдарламасынан өткен. Облыстық «Шығармашыл ұстаздар» тобының мүшесі.

Онлайн семинарға қатысу туралы есеп: «45 минут.kz» порталының жетекшісі Ізгілік Байдырахманұлы Нағиев мырзаның бастамасымен Қостанай облысы,Таран ауданы, «Новоильинов орта мектебі» КММ-де республикалық семинар өтті. Семинар басталған

күннен ақпараттық құралдардарға көз тігіп жаңалықтарды асыға күткеніміз рас. Семинардағы әр бір өткізілген сабактар мен сыныптан тыс іс-шаралардын жоғарғы деңгейде өткізілгеніне көзіміз жетті. Себебі ақпаратты дұрыс тарата білу жақсы жолға қойылған. Алдындағы өткізілген семинарда жасалған ұсыныстарды елеусіз қалдырмады. Тікелей эфирден көрмесек те өткізілген іс-шаралардың бейнесін (видеосын) көруге мүмкіндік болды.

Сайтта жариаланған әрбір бір сабақтар мен іс- шараларды мектептегі әріптестеріммен талқылап,жас мамандарға өз іс –тәжірибелерінде пайдалануға ұсыныс білдірдім. Бірнеше рет фейзбуктағы әріптестеріммен бөлістім. Облыстық «Шығармашыл ұстаздар» тобының почтасына да материалдарды тараттым. Маған қатты ұнағаны сеиинарға тек ұстаздар мен

оқушыларды ғана қатыспай ата-аналардың да қамтылуы. « Қазіргі кезде ата-ананы мектеп өмірінен тыс қалдырмай үштік одақты нық ұстаған білім ошағы ғана жетістіктерге жете алады»- деп ойлаймын. Семинардың сапалы да нәтижелі өткізілуіне мектеп ұжымы мен

әріптесіміз Жумабаева Татьяна Маратовна көп еңбегі сіңгені байқалады. Еңбектеріңіз еленіп, жана берсін!

—————————————

Тусэвхаан Гульжавхар
Мектеп: Кеңес негізгі жалпы білім беру мектебі
Облыс:Павлодар Аудан:Павлодар ауданы Ауыл:Новоямышево
Құрметті игі шараны бастап отырған Ізгілік Нағиев ағайға және де осы онлайн семинарға қатысуға мүмкіндік берген 45 минут сайтының ұжымына бүкіл Қазақстан ұстаздары үшін қолайлы әрі тиімді,ұтымды, берері мол ізгі іс жасап жатқаны үшін алғысымды білдіремін.Алланың нұры жаусын. Мен осы «білім болашаққа бастар жол» атты семинарға қашықтықтан қатысып жарияланған материалдармен танысып өзімнің әріптестеріме және де интернеттік желілер арқылы барлық мүмкіндігім болғанша жариялап басқа ұстаздарға біз үшін осындай семинар ұйымдастырылып жатқаны туралы айтып түсіндірдім.түсіндірме жұмыстар бойынша 38 әріптестеріме ауызша түсіндірме жұмыс жүргіздім желілер арқылы 80-дей адамдарға ақпарат бердім.Сіздерге зор алғыс білдіремін.

—————————————

Шорабекова Жансая Абдалиевна

Мектеп: №20 жалпы орта мектеп

Облыс: Оңтүстік Қазақстан облысы Қала: Түркістан қаласы

Онлайн семинардан соң түйген ой немесе менің есебім: Онлайн-семинар десе, компьютер алдында телміріп, өтілген сабақтарды қимылсыз бақылау деп ойлайтынмын. Әсілінде, солай

өткізілетін. Бірақ Қостанай облысы, Таран ауданы, «Новоильинов орта мектебі» КММ-де «45 минут.kz» порталының жетекшісі Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев мырзаның қатысуымен ұйымдастырылған семинар менің көзқарасымды 360градусқа өзгертті десем, артық айтқандық емес.

«Білім болашаққа бастар жол» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық педагогикалық семинар материалдарымен танысып шыққан соң, сол семинардың басы-қасында жүргендей әсерде болдым. Оңтүстік пен солтүстік арасындағы алшақтық бұл жолы сезілмеді. Салт-дәстүр мен менталитет екі басқа болса да, дәстүрлер сабақтастығы бұл аймақта жалғасын тауып жатқандығын фотосүреттерден көріп, қуанып қалдым. Өзге ұлт өкілдері балаларының «елім» деп соққан жүректерінің дүрсілін қағаз бетіне өлең етіп өрнектегенін көріп, тіпті ерекше әсерге бөлендім. Татьяна Жумабаева апайдың өткізген сабағы сәтті шығып, шеберлігіне сүйсіндім.

5000-нан астам мұғалім мүше болған бастамасын бағдарлап, белсенділігіне тәнті болдым.

Мектепке дейінгі орталық балаларымен бірге өткізілген музыка сабағы болашақта дарынды жеткіншектердің өсіп келе жатқандығын айғақтады. Алған әсерлерімді «фб», «вацап», «майл.ру» әлеуметтік желілері арқылы көпшілікпен бөлісіп отырдым. Әріптестерімнің қызығушылығы артып, алдағы семинарлар жайлы хабардар етуімді өтінді.

Поштама келген хаттар, яғни, әдіс-тәсілдер туралы материалдар алдағы уақытта кәдеге жарары анық. Дайын «азық» болып, қоржынымда сақталады. Керек кезде ашып жіберіп, пайдаланамын.

45 жылдық тарихы бар мектеп пен «45 минут.кз» редакциясының ұйымдастыруымен өткізілген семинар 45 минут сабақта қаншама әдіс-тәсілдермен танысып, байқалмас байланыс орнатуға болатынын дәлелдеп берді. Алдағы сапарларыңызға сәттілік, жұмыстарыңызға жаңашылдық, істеріңізге игілік тілеймін. Ізгілік ағай, ізіңізден ілестірер болсаңыз, қарыштап қадам басуға даярмыз!

—————————————

Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы

Атырау обл, Индер ауданы, Индербор кенті, Махамбет көшесі 15 үй

Жұмыс орны: Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы

Лауазымы: Жоғары санатты, қосымша білім беру педагогі

Сәлематсыздар ма Онлайн семинар жұмысы жөнінде Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы қосымша білім беру педагогтары арасында қызу пікірталас өткіздік. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру жүйесіндегі озық педагогикалық идеяларды насихаттау тұрғысында, тәжірибелі ұстаздар Гүлжан Жеңісқызының, Берік Төлеуғалиұлының жас мамандардың арасына кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған іс-тәжірибелерін таратуға ұсыныс жасалды және «НОВОИЛЬИНОВ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАР ЖАЙЛЫ хабарлама жасадым.

Новоильинов орта мектебінде өткізілген ашық сабақтармен танысып отырмын, семинар туралы ақпараттар мен редакция жаңалық хабарлары электронды почтаға келді.

Семинар жұмысының басты бағыты қазіргі кездегі тәжірибе алмасудың басты тетігі – ғаламтор арқылы мұғалімдерге дем беру, рухани қолдау, жұмыс жүйесін таныстыру болғандықтан мейілінше ақпарат көздерімен жұмыс жасау, бүгінгі таңда елімізде орын алып отырған білім беру жүйесінің жаңаруы, осы саладағы кәсіби мамандардың назарын аударып,

толғандырып жүрген өзекті мәселенің бірі болып отыр. Реформаның басы-қасында болып жатқан күнделікті өзгерістердің ізін суытпай хабардар болып отыру, алдағы жұмыстың бағытын айқындауға көмектесетіні анық.

—————————————

Түгелтаев Айболат Бердіғалиұлы жоғары санатты информатика пәнінің мұғалімі, №47 жалпы орта білім беретін мектебі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.

Космуханбетова Жайна Иманбаевна екінші санатты информатика пәнінің мұғалімі, №47 жалпы орта білім беретін мектебі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.

Нариманова Әсем Ерболқызы информатика пәнінің мұғалімі, №47 жалпы орта білім беретін мектебі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.

Есенгельдина Анара Кайратовна екінші санатты математика пәнінің мұғалімі, №47 жалпы орта білім беретін мектебі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.

—————————————

Қостанай облысы, Таран ауданы, «Новоильинов орта мектебі» де өткізілген семинарға Түркістан қаласында өткен онлайн семинар туралы ақпаратты бөлісу нәтижесінде құрамымызға әріптестеріміз қосылып отыр.

Алдағы уақытта қатысуышы санын арттыру мақсатында әлі де жұмыстанатын боламыз.

Республикалық семинар туралы видео және суретті материалдар facebook парақшада таратылды. facebook парақшасында Қазақстан ұстаздары группасы арқылы келген семинар туралы мәліметтер желі қолданушыларымен бөлісілді.

Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Даниярдың «Ақ терек— көктерек», «Эстафеталық сұрақ»

әдістемеліктері «Правовое государство», «Еліміздегі табысты адамдар», «Компетентный учитель – успешный ученик» тақырыптарындағы ашық сабақтар мен мастер кластар жоспарлары электрондық нұсқасы мен барлық келген материалдар мектептің kgu_sosh_47@bk.ru, қала мұғалімдерінің edu_sosh_uralsk1@list.ru электрондық поштасына орналастырылды.

—————————————

Абызбек Гүлнар Төлебайқызы

Мектеп: Жамбыл атындағы мектеп-лицейі

Облыс: Оңтүстік Қазақстан облысы Аудан: Отырар Село: Шәуілдір

Онлайн семинарға қатысу туралы пікір: Онлайн-семинарға сырттай қатысуға мүмкіншілік жасаған осы 45 минут сайтына,бас редакторға үлкен рахметімді айтамын.Семинардың осындай формада өтілуі біздерге яғни ұстаздар қауымына үлкен мүмкіндік беріп отыр. Алдағы уақытта да қатысамын,тәжірибе алмасамын деген ойдамын.

Онлайн семинар туралы ақпараттар мен редакция жаңалық хабарлары почтаға келді. Материалдармен танысып, оқыдым.

Семинар материалдарын тарату бойынша атқарылған жұмыстарым: Мектептегі бірге жұмыс атқаратын әріптестеріме әдістемелік кеңес отырысында семинар болып жатқандығы туралы ауызша хабарлама жасадым. Интернетке қосылуға мүмкіндігі бар әріптестерімді

тіркеп,қатысуларына ықпал еттім. Почтама келіп түскен барлық материалдарды көшіріп алып қарап, танысып шықтым. Ал семинардың жинағына сілтемені «фейсбук», «майлру», «в контакте» әлеуметтік желілердегі өз парақшама жарияладым. Аталған желідегі менің барлық

достарым ол материалдарды қарап,дауыс беруде.Қостанай облысы, Таран ауданында өткен семинар материалдарын деңгейлік курс бағдарламасын тәмамдаған әріптестеріме cpm.kz порталы арқылы бөлістім. Онда қызығушылық білдірген республикамыздың түкпір-түкпіріндегі ұстаздар қауымы семинар жайлы ақпараттар мен видеолар және суреттерге

ризашылық сезімдерін постқа пікір қалдырып білдіріп жатты.

—————————————

Кайникешева Гульнар Базарбековна

Мектеп: Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі КММ

Қостанай облысы Аманкелді ауданы Есір ауылы

Семинар туралы пікір: Қостанай облысы Таран ауданы «Новоильинов орта мектебі» КММ –де семинардың осындай формада өткізілуі заманның талабы деп ойлаймын.Бұл мектепте қызмет ететін және аталған семинарға өз үлесін қосып тәжірибелерін көрсеткен мұғалімдердің ұтары көп. Себебі бұл мұғалімдердің көрсеткен іс-тәжірибелері республиканың түкпір түкпіріне таралып басқа ұстаздарға үлгі болып отыр. Алдағы уақытта семинарларға қашықтықтан қатысу мұғалімдер үшін өте тиімді болғандықтан барлық

мектеп ұжымдары үшін бұл керемет бастама үлгі болары хақ. Біздің мектептің мұғалімдері атынан Джумабеков Данияр атты тарих пәнінің мұғалімі ұсынып отырған мотивациялық әдістемелер үшін рахмет айтқым келеді.

Бұл семинардың мектепте өткізілуіне мұрындық болып отырған әріптесім Татьяна Маратқызына және басқа ұстаздарға өз тәжірибесін бөліскені үшін алғысым шексіз!! Семинардың үш тілде жүргізілуі білім саласындағы өзгерістерді қолдау деп білемін.

Алған төсбелгілеріңізбен марапаттауларыңыз жаңартылған білім мазмұны бойынша еңбектің еленгені екені сөзсіз!

Жалпы 45 минут сайтында бұған дейін де біздің мектептің мұғалімдері өз сабақтарын жариялап сертификаттар алып жүрді. Бұл сайт республика бойынша алдыңғы қатарлы сайт екендігін атап өткім келеді. Себебі жыл сайын ұстаздар үшін жаңа мүмкіндіктер мен жаңа формадағы іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Істеріңізге сәттілік тілеймін!!

Ізгілік Байдрахманұлы !!Жаңалықтың жаршысы ретіндегі қызметіңіз өрге жүзе берсін!! Көп рахмет!!

—————————————

Аткоов Медет Кыргызбаевич

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы.

Əйтеке би атындағы орта мектеп. Тарих жəне география пəнінің мұғалімі.

Қостанай облысы, Таран ауданы , Новоильинов орта мектебінің ұжымы жəне Ізгілік ағай!

Осы мектепте өткен семинардың суреттері, материалдары менің почтама келіп түсті. Біздің мектебіміз үлкен ұжым, онда 64 мұғалім дəріс береді. Семинар материалдарымен мектептегі өзімнің əріптестеріммен бөлістім. Бірлестіктің кезектен тыс отырысын өткізіп, семинар материалдарын көрсетіп, дарынды оқушылар жайлы мəліметтермен таныстырдым. Сонымен қатар whatsapp желісі арқылы мұғалімдерге тараттым. Əрқашан шаршамай осындай жақсы істерді атқара беріңіздер. Бұл облыстардағы, аудандардағы мұғалімдерге беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Сондықтан жаңа идеялар мен тың дүниелерді осы сайттан алдағы уақытта күтетін боламын.

Тағы да бір үлкен атқарылған жұмыстың нəтижесін көрдім. Осы сайтқа тіркелу арқылы семинарға қашықтан қатысу құқығына ие болдым. Ең бірінші почтама семинардың бағдарламасы, семинардың топтама жинағы келді. Семинардың өтілу барысындағы суреттермен танысып шықтым. Осы мəліметтермен ең əуелі өзім қызмет атқаратын мектеп ұжымының мұғалімдерін таныстырып шықтым. Топтамадағы сабақ үлгілерін , əдіс — тəсілдермен пəн мұғалімдері танысып шықты. Соның нəтижесінде бір мұғалім осы орталыққа тіркеліп, (Аткоов Медет) семинарға қашықтан қатысты. Қазіргі уақытта үш мұғалім топтама жинақ кітапқа ену үшін үздік сабағының жоспарын дайындау үстінде. Бұл да болса менің сіздердің сайттарыңызды насихаттауымның арқасында орындалып жатқан дүниелер. Қостанай облысы, Таран ауданы, Новоильинов мектебінің ұжымына алғысым шексіз. Осы мектепте өткен республикалық семинар жайлы, семинардың суреттерімен ВК жəне Инстаграм желілерінде бөлістім. Сондай -ақ WhatsApp арқылы мұғалім əріптестеріме семинар материалдарын тараттым.

—————————————

Мұғалім туралы мəлімет :

Икежанова Айжан Укибаевна.

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы. Əйтеке би атындағы орта мектептің математика пəнінің мұғалімі.

Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна — Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Шаршамай, шалдықпай осындай ұстаздарға арналған Республикалық семинар өткізген Ізгілік Нағиевқа айтар алғысымыз шексіз. Маған семинар ұнады, көптеген мәліметтер алдым, іс-тәжірбиемде пайдаланамын. семинар қатысушы әріптестер және ұйымдастырушыға шығармашылық табыстар тілеймін.
Facebook — 5 /видео, фото суреттер/
WhatsApp — 8 /ұстаздар қауымына және бастауыш группаларына/

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s