9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа кү рес күні


Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа күрес күні Түркістан қаласының Хамза мектебінің Акт залында білім қызметкерлерінің қатысуымен аталып өтілді. Түркістан қалалық білім бөлімінің бас маманы, заңгер Орынбасарова Жансая Әбілқасымқызының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға Түркістан қалалық прокуроры Баймурзаев Азизхан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның ОҚО бойынша департаментінің Түркістан аймағы бойынша жемқорлыққа қарсы ауданаралық басқармасының аға офицері Енбаев Нұрмахан Бахтиярұлы және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Н.Мейманханқызы қатысты.

Алдымен сыбайлас жемқорлық жөнінде адам тағдырының аяусыз қатыгездігін суреттейтін видео ролик көрсетілді. Адамшылық тұрғысында ой салған видео ролик жан-дүниені бір қозғады. Бұл оқиға өмірде болып жатқан құбылыстың бірін суреттеген.

Түркістан қалалық білім бөлімінің бас маманы, заңгер Орынбасарова Жансая Әбілқасымқызы жиналған қауымды Тәуелсіздігіміздің 25жылдығымен құттықтап, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында баяндама оқыды. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресудің жолдарын таратып айтып берді. Яғни, сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда айғақты дәлел, бұлтартпас шешім қабылдап шұғыл түрде сенім телефондарын т.б. пайдаланудың қажеттілігі айтылды.

Сөз кезегін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның ОҚО бойынша департаментінің Түркістан аймағы бойынша жемқорлыққа қарсы ауданаралық басқармасының аға офицері Енбаев Нұрмахан Бахтиярұлы алды. Сыбайлас жемқорлық туралы мәлімдеген адамның заңды тұрғыда қорғалатынын тілге тиек етті. Немқұрайлық танытпай, дер кезінде хабарлау керектігін шегелеп айтты.

Түркістан қалалық прокуроры Баймурзаев Азизхан да көпшілікке өз тарапынан сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда, онымен күресе білудің тиімді жолдарын айтты. Мүмкіндік болса, әрине, осындай жағдаяттар орын алмаса екен деді. Қоғамда адаспай, тура жолды таңдап жүрулеріне бағыт-бағдар берді. Видео роликте көрсетілген адамның тағдыры ешкімді алаңдатпай қоймайтынын айтып, осындай жағдаятқа ұшырағандар, өмірлеріне өшпес сызат түсіреді деп, пайымдауын жеткізді.

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Н.Мейманханқызы да өз тұжырымын жеткізе білді. Ықылым замандағы бабаларымыздың Дала заңындағы «Жеті жарғының» ерекшелігіне тоқталды. Яғни, сыбайлас жемқорлық деген айыптауларды сотқа жеткізбей, бұрынғы ата-бабаларымыздың тәжірибесіне сүйене отырып шешуге болатынын да айтып өтті. Сөз соңында «Пара- лаң» деген өлең жолдарын оқып берді.

Көзі қарақты, көкірегі ояу жандар Түркістан қалалық білім бөлімінің бас маманы, заңгер Орынбасарова Жансая Әбілқасымқызына және оған қолдау көрсеткен «Ұстаз» газетінің тілші-корректоры Ақмарал Ғаниқызына осындай тақырыпта келелі жиын ұйымдастырғандары үшін рахмет айтып, тұщымды ой түйіп тарқасты.

Несіпкүл Өтебаева,

Түркістан қаласы.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s