Жаңа сабақтар

Семинар қалай өткізіледі немесе Қостанай облысы, Таран ауданында өткізілген семинар туралы Редактор пікірі


Әлеуметтік желілердегі белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік, жазған пікірлер мен топ (басшыларының) редакторлық жауапкершілігі туралы барлығы біледі деп айтсам қателеспеймін. БАҚ туралы заң бойынша да әлеуметтік желідегі жазба, пікірлер жауапкершілігі артты. Әлеуметтік желілер БАҚ теңестірілді.

Негізі, көпшілік білетін осы жауапкершілік туралы неге жазды деп ойласаңыздар жауабын төмендегі мақаламда жариялайын. Мақала «Редактор пікірі» деп аталады.

Әрине, әрбір семинардан соң редактор ретінде өзімнің жеке пікірімді жазып отыру тұрақты үрдіске айналды. Себебі, семинар материалдары мен суреттерін, видеосын семинар болған білім мекемесінің ұстаздары әзірлейді. Сайтқа жариялайтын және әзірлейтін редакция қызметкерлері. Ал, редактор ретінде менің жұмысым жалпы басшылық және жұмысты ұйымдастыру, бағыттау. Осы кәсіби жұмысымды атқару кезінде семинар болатын білім мекемесі туралы көптеген материалдар келеді. Ал, семинар кезінде өзім барып, қатынасып білім мекемесі туралы толық ақпарат ала аламын.

Кезекті республикалық семинар 03.12.2016 жылы Қостанай облысы, Таран ауданы, Новоильиновка орта мектебінде болып өтті. Семинарды ұйымдастыруға ұсыныс білдірген мектеп басшылығына және мектептің ұстазы Татьяна Маратқызына айрықша алғыс білдіремін.

Көпшілік ұстаздар атап өткеніндей мектепте үштілділік пен салт дәстүр сабақтастығы тиісті дәрежесінде орындалуда. Мектеп басшылығының арнайы қарсы алуы және қонақтарды күтуі ерекше. Ал, мектепте оқушылар сабақ басталғанда үш тілде амандасып, сабақ соңынан да үш тілде аяқтайды екен. Бұл дегеніміз жаңа бағдарламаны нақты қолдаудың белгісі деп білемін.

Семинар материалдарымен Интернет арқылы көпшілік ұстаздар таныс болды. Ал, мектептің «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 25 сабақ» идеясы көпшілік қолдауына ие болып, көптеген білім мекемелерінде қолдау тапты.

Семинар аяқталған соң семинар туралы фото, видео әзірлеп мақала жариялауы қазіргі заман талабына сай атқарылған жұмыс. Бұл кейбір уақытта БАҚ журналистерінің де орындауға қиналып қалатын жұмысы. Яғни, мектеп ұжымы жаңа форматта білім беру үдерісіне сай білім ордасы болып қызмет атқаруда.

Семинардағы ең маңызды атап өтетін мәселе ол мектеп басшылығының ұжыммен бір отбасындай болып қарым-қатынас жасауы және жаңашылдыққа бейімділігі деп атап өтер едім. Осындай ұжымдық сыйластық білім ордасын жаңа белестерді бағындыруға негізгі себеп болады. Келесі жылы мектептің 45 жылдық мерейтойын да тиісті дәрежесінде атап өтеді деп сенім білдіремін.

Бір жағынан қарасаң қарапайым ауылда орналасқан мектеп, ал ұжымы мен басшысының атқарған еңбегі үлгі тұтарлық дәрежеде.

Семинар қорытындысындағы психологиялық тренинг сабағына қонақтар, ұстаздар және ата-аналарды қатыстыруы семинар ерекшелігін көрсетті. Бұл тренингтің әсіресе, қонақтар мен ата-аналарға әсері ерекше болып білім мекемесі және ұстаздар туралы өзгеше ойлауына серпіліс бере білді.

Бір жағынан білім мекемесінде семинар өткізу дегеніміз ол өзінді таныстыру және өзгені тану. Яғни, тәжірибе арқылы ұстаз шыңдалады және кәсібилігі артады.

Қостанай облысы, Таран ауданы Новоильинов мектебінде өткізілген семинар жаңашылдығымен және кәсібилігімен есте қалды. Алдағы уақытта өткізілетін семинарларға үлгі ретінде көрсетуімізге болады. Яғни, семинар қорытындысында міндетті түрде тренинг өткізу және семинар аяқталған соң міндетті түрде фото, видео презентациясын жариялауға әзірлеп беру. Бұл екі жұмысты қарапайым ауыл мектебі орындауына мүмкіндігі болғаны өзге де білім мекемелеріне серпін береді.

Редакцияның семинар өткізіп, ұстаздардың іс тәжірибе алмасуына жағдай жасау ең негізгі жұмысы. Редакция БАҚ болғандықтан, семинарды өткізетін білім мекемесі, жаңалықтары мен іс-тәжірибесін Республика көлемінде таралымға шығару редакция қызметі болып табылады.

Республикалық семинар өткізу шарттары

1. Білім мекемесі атынан Редакцияға Семинар ұйымдастыру туралы ұсыныс хат жіберу. Семинардың өткізілу күні мен орны көрсетілу керек.  Жергілікті білім бөлімі мен Нұротан партиясына семинар өтеді деген ресми хатты редакция жібереді.
2. Редакциядан ұсыныс хатқа жауап келеді. Семинардың тақырыбы, жалпы бағдарламасы және өткізілу күні, жауапты қызметкер нақтыланады.
3. Жергілікті білім бөлімі мен Нұротан партиясына семинар өтеді деген ресми хатты редакция жібереді.   Семинарға әзірлік жұмыстары жүргізіледі. Хабарландыру сайтта жарияланады. Қашықтан қатысушыларға хабарландыру жіберіледі.
4. Семинардың өткізілуі және қорытындысы

Міндетті талаптар:

  1. Семинар ұйымдастырған кезде міндетті түрде жергілікті білім бөлімі мен Нұротан партиясы өкілі қатысып, баяндама жасауына бағдарламада уақыт бөлу керек.
  2. Редакция өз тарапынан білім бөлімі мен білім беру мекемесі ұжымындағы ұстаздарды марапаттау үшін төсбелгілерді тегін береді. Білім бөлімі мен білім беру мекемесі ұжымы туралы газетке материалдары тегін жарияланады. Сертификат және алғыс хаттар тегін беріледі.
  3. Семинар ақпараттары Республика бойынша кең таратылып, Серпіліс ақпараттық тобы арқылы онлайн семинарға қатысушылар да таратылым жасайды. Семинар кітап топтамасын шығару жасалған еңбектің нәтижесі ретінде саналады.
  4. Семинар қорытындысында міндетті түрде тренинг өткізу
  5. Семинар аяқталған соң міндетті түрде фото, видео презентациясын жариялауға әзірлеп беру.

2016-2017 оқу жылындағы семинар тақырыбы:
«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ақпараттық ғылыми практикалық республикалық семинар

Ұстаздарымызға сәттілік.

P.S. Құрметті Ұстаздар! Осы ақпаратты барлық ұстаздарға таратыңыздар.
Семинарларға тікелей және қашықтан қатысып өзара тәжірибе алмасайық.

IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s