Жаңа сабақтар

Жаңартылған білім беру мазмұны: қиындықтары мен мүмкіндіктері


№110 мектеп-лицейінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі,
бастауыш сыныптар бірлестік жетекшісі Әлжанова Жұмагүл Ергешқызы

Жаңартылған білім беру мазмұны: қиындықтары мен мүмкіндіктері

Жуырда Жаңақорған кенті, №110 мектеп-лицейінде «Жаңартылған білім беру мазмұны: қиындықтары мен мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық Семинар практикум болып өтті. Бұл семинарға облыс мектептерінің және аудандағы магнитік мектептердің 1-сыныпқа сабақ жүргізетін мұғалімдері қатысты. Семинар-практикумды өзкізуіміздің мақсаты: жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 1-сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу және толғандырып жүрген мәселелер бойынша ой бөлісу болды.Күтілетін нәтижеміз: Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 1-сынып мұғалімдері өз тәжірибелеріндегі оқу мақсатына сәйкес құрылған қысқа мерзімді жоспардың құндылығы мен бірізділігін, жаңа «Жаратылыстану» пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қиындықтарын, оқушы білімін қалыптастырушы бағалу үшін табыс критерийлерін дайынду әдістемелерін ұсынды. Семинар практикумды мектеп-лицейіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жармахан Дариха Исабекқызы ұйымдастырып, мектеп-лицей директоры Әділмырза Таждинов Хайруллаұлы мен аудандық білім бөімінің әдіскері Асмагүл Құлымбетова ашып берді.


Сонан соң семинарға қатысушылар көрмеден оқушылар портфолиосы мен әдістемелік құжаттар және әзірлемелермен таныс болды. ІІ кезең «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» аясында ашық сабақтармен жалғасты. Мектебіміздің тәжірибелі маманы Есенбекова Гүлпарида Құттыбайқызы Сауат ашу пәнінен «Үү дыбысы мен әрпі» , Әлжанова Жұмагүл Ергешқызы Жаратылыстану пәнінен «Қозғалыс дегеніміз не?» , Айсынова Гүлмира Қуанқызы Математикадан «Басқатырғыштар мен ребустар», Айтымова Зина Ниязбекқызы Дүниетанудан «Қала мен ауыл» тақырыбында үлгілі сабақтар көрсетсе, Жас мамандарымыз Қалдыбаева Айгерім Өзін-өзі тану пәнінен «Бір бірімізге көмектесеміз», Сәрсенбеова Гүлайна Сыныптан тыс жұмыстан «Мен – елімнің патриотымын» тақырыбын үш тілде өткізе білді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Кудиярова Жазира Ерзатқызы «Поход в магазин за покупками» және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Арыстанбекова Қарлығаш «My pets» тақырыбында керемет сабақ үлгісін көрсете білді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ағылшын және орыс тілінде оқушыларымыздың тілді жақсы меңгеріп жатқаны айқын байқалды. ІІІ кезең «Мұғалім – өз тәжірибесінің зерттеушісі» бөлімінде лицейіміздің жоғары санатты, тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімі Берженбаева Әсемкүл Райқызы «Математика пәнінен қалыптастырушы бағалауға тапсырмалар әзірлеу тәжірибемнен» және Мырзаметова Ақмарал Бейсенбекқызы « Сауат ашу пәнінен қалыптастырушы бағалауға тапсырмалар әзірлеу тәжірибемнен» атты шебер сыныптарын семинарға қатысушылармен ой бөлісті. Семинар соңында Ашық микрофон арқылы ой бөлісу жүрді. Қатысушы ұстаздар семинар-практикумның жоғарғы дәрежеде өткендігін баса айтты. Мектеп-лицей ұжымына сәттілік тілей отырып болашақта тәжірибе алмасамыз деген ыстық тілектерін жеткізді.

макала Жанакорган.docx

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s