Тақырыбы: Сыбайлас бұрыштар


ШҚО Семей қаласы Новобаженово ауылы

«А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

математика пәнінің мұғалімі Токай Зауреш

Пәні: Геометрия

Сыныбы: 7 «А»

s
Тақырыбы: Сыбайлас бұрыштар
Мақсат:
Жаңа білім • Сыбайлас бұрыштардың ұғымымен танысып, олардың қасиеттерін білу.
Жаңа түсінік • Бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғасы толықтауыш сәуле болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталатынын түсіну.
Қолданым әрекеті • Сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін амалдарды қолдана есептер шығару.
Талдау әрекеті • Сыбайлас бұрыштар жөніндегі теорема, теореманы дәлелдеу.
Шығармашылық әрекет • Сыбайлас бұрыштарға сыныпта есептер шығару.
Бағамдау әрекеті •Сыбайлас бұрыштарды және оның ұғымдарын қорытындылау.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ.Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV.Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V.Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: • фронтальді, жұптық, топтық.
Оқыту әдісі: • репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
•оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
•сыбайлас бұрыш, сәуле, қабырға, түзу, теорема, аксиома
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу.
Ақпарат көздері:
1. Ж.Қайдасов, Г.Досмағанбетова, А.Абдиев “Геометрия” 7сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012.
Оқушы жетістігін бағалау:
• оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады
Үй тапсырмасы:
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:

Есеп шығару сабағына дайындық ретінде, алдыңғы тақырыптарды қайталап кел.

САБАҚ БЛОКТАРЫ s
і. аҚПАРАТ алмасу

Тақырып жоспары:

Кіріспе:

1. Сыбайлас бұрыштар

  1. Сыбайлас бұрыштар жөніндегі теоремасы
  2. Теореманы дәлелдеуі

Слайдтар:

1-слайд Сыбайлас бұрыштар
2-слайд

} Бұл тақырыпты оқу кезінде сыбайлас бұрыштар туралы білімдеріңді кеңейтіп, тереңдете түсесіңдер; сыбайлас бұрыштар ұғымымен танысып, олардың қасиеттерін үйреніп, оларды қолданып, есептер шығаруды үйренетін боласыңдар.

3-слайд

} Анықтама. Бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғасы толықтауыш сәуле болып келетін екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.

4-слайд

∙ Суретте BOD және DOA сыбайлас бұрыштары OD қабырғасы ортақ, ал OB мен

OA қабырғалары толықтауыш сәулелер, бірін-бірі түзуге толықтырып тұр.

5-слайд

} Теорема. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180°-қа тең.

6-слайд

} Дәлелдеу. Үшінші топтың екінші аксиомасы негізінде былай жаза аламыз:

∠AOD+∠DOB=∠AOB

∠AOB-жазыңқы бұрыш

онда ∠AOB=180°

ендеше, ∠AOD+∠DOB=180°

Теорема дәлелденді

іі.алғашқы бекіту

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Сыбайлас бұрыштар Сыбайлас бұрыштар теорема Сыбайлас бұрыштар дәлелдемесі

Қорытынды:___________________________________________________________

ііі.құзырлылық қалыптастыру

+Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Сүйір бұрыш сызыңдар. Осы бұрышты ABD жазыңқы бұрышқа толықтырыңдар. Пайда болған бұрыштарды жазыңдар.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s