Жаңа сабақтар

Формулаға есептер шығару


ШҚО Семей қаласы Новобаженово ауылы

«А. Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

математика пәнінің мұғалімі Токай Зауреш

Пәні: математика

Сыныбы: 5 «А»

Мерзімі:_________

Тақырыбы:

• Формулаға есептер шығару

Мақсат:
Қолданым әрекеті: • Есептерді шығаруда формулаларды пайдалана отырып әріпті өрнектерді санды өрнектерге көшіруді түйіндейді.

Шығармашылық әрекет: • Геометриялық бірнеше фигураларды құрастыру және бөлшектеу арқылы логикалық ойлауды дамытады, шығармашылықтарын қалыптастырады.

Тақырып жоспары:

1. Аталмыш тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру

2.Тақырып бойынша дайындалған денгейлік тапсырмаларды орындау

3. Тақырып бойынша дайындалған топтық жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. ABCD тік төртбұрышының ұзындығы а см, ені одан 3 есе кем. Тік төртбұрышының периметрін табыңдар. Мұндағы а = 18.

2. ПетропавлменКөкшетау қалаларының арасы176 км.Петропавл қаласынанКөкшетауға қарай 48 км/сағ жылдамдықпен бір мотоциклші шықты. Онымен бір уақытта Көкшетаудан Петропавлға қарай 40 км/сағ жылдамдықпен екінші мотоциклші шықты. Олар неше сағаттан соң бір-бірімен кездеседі?

3. Массасы р кг жәшікке n пакет кәмпит салынған. Бір пәкет кімпит m кг. Барлық кәмпит неше килограмм?

4. Бөлменің көлемі V м3, биіктігі 3 см. Бөлменің еденінің ауданын табыңдар. Мұндағы V = 120.

ІІ деңгей тапсырмалары

1. Тік төртбұрышының периметрі р см. Оның ұзындығы а см. Тік төртбұрышының енін табыңдар. Мұндағы р = 28, а = 8.

Жауабы : 6 см.

2. 1-суреттегі квадраттың қабырғасы 6 см. АВС үшбұрышының ауданын табыңдар.

С D

А В

1-сурет

Жауабы : 18 см2

3. Екі поезд бір қаладан бір уақытта шығып, қарама-қарсы бағытта жүрді. t сағаттан кейін олардың бір-бірінен ара қашықтығы s км болды. Поездардың біреуінің жылдамдығы 58 км/сағ, екінші поездың жылдамдығын табыңдар.

Мұндағы t = 3, s = 426. Жауабы : 84 км/сағ

ІІІ деңгей тапсырмалары

1. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Автобус пен автомобиль 42 км қашықтықтан бір –біріне қарсы жүріп келеді. Автомобильдің жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 300 м/мин артық. Олар 20 минуттан кейін кездесті. Автобустың жылдамдығы мен автомобильдің жылдамдығы табыңдар.

Шешуі: Автобустың жылдамдығы – х,

Автомобильдің жылдамдығы – х + 300 м/мин,

42 км = 42 000 м,

(х + х + 300) · 20 = 42000, 40х = 36 000, х = 900

Жауабы : 900 м/мин, 1200 м/мин.

2. Сағат 14-те аялдамадан 60 км/сағ жылдамдықпен автобус шықты.1сағат өткен соң оның соңынан 90 км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина шықты. Жеңіл машина автобусты сағат нешеде қуып жетеді.

Шешуі: S = vt, 60(х+1) = 90х, х = 2(сағ) Жауабы : 1700-де

Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.

Әр топ есептің шартына сәйкес формулаларды қолданып, қорытындылайды .

І топ: 1) 2-суреттегі №1, №2, №3 және № 4 –квадраттар. Ал № 5 –тік төртбұрыш.

№1 квадраттың периметрі 32 см;

№2 квадраттың периметрі 24 см;

№3 квадраттың ауданы 25 см2;

№5 –тік төртбұрыштың ауданы 133 см2;

№4 квадраттың ауданын табыңдар.

2-сурет

Жауабы : 144 см2

ІІ топ: 1) 3-суреттегі фигурада қыры 4 см кубтың үстіңгі жағына әрқайсысының қыры 1 см-ге тең екі куб жапсырылған. Фигураның бетінің ауданын табыңдар.

3-сурет

Жауабы : 108 см2

Үй тапсырмасы:

1) Сурет бойынша есеп құрастырыңдар.

2) Ернат ағаштан ұзындығы 21 см, ені 15 см, биіктігі 9 см тік бұрышты параллелепипед жасады. Параллелепипедті қыры 3 см кубтарға бөлді. Бөлген барлық кубтарды бірінен кейін бірін қойып, тізбек жасады. Осы тізбектің ұзындығын табыңдар.

Қорытынды:_______________________

Тексерілді: _______________________

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s