Жаңа сабақтар

Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау


Коучинг жоспары. Өткізуші коуч: Шайкибекова А.П

Коучинг Өткізу мерзімі:
Коучинг тақырыбы Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау
Жалпы мақсаты Ұстаздардың тәжірибесін жетілдіру мақсатында оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды үйрету, теориялық және практикалық жағынан кәсіби қолдау көрсету.
Күтілетін нәтиже Оқыту үшін бағалау не екенін мұғалімдер біледі. Оны іс жүзінде қолдана алатын болады. Өз бағалау критерияларын құрастыра алатын болады.
Құрал-жабдықтар Плакаттар, маркерлер, презентация, интерактивті тақта
Коучинг барысы
Коучинг-сессияны жүргізу кезеңі Уақыты:

45 мин

Коуч пен қатысушы мұғалімдердің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. Мәдениет саудасы «Сатамын, сатып аламын»

Түрлі суреттер арқылы топқа бөлінеді.(от,су,күн,ай) Топ ережесімен таныстыру.

Ой шақыру кезеңі. 2 мин. От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдеріннасихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жанықұмар адамдар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпенжұмыс жасайтын топ.

Ай. Ойшыл да арманшыл,қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.

Тақырып, түсінік, идея себетін толтыру 3 мин. 1)Бағалау жайлы не білесіз?

2) Бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз?

3) Бағалау не үшін қажет?

Стикерлерге толтырып, себетке жабыстыру.

Тренинг 5 мин.

3 мин.

А) өз беттеріменүйдің суретін салады (жеке жұмыс)

Б) екі қатысушы бір-бірінің суретін бағалайды (жұптық жұмыс).

— Сіз неге осылай бағаладыңыз? (мұғалімдердің қойған баға бойынша жауаптары).

— Қандай қиыншылықтар кездесті:

а) осы тапсырманы орындаған кезде?

б) бір-біріннің жұмыстарынды бағалаған кезде?

В) суретті критериялар арқылы бағалау:

— Ал енді осы суреттерді мына бағалау критериялары арқылы бағалаңыздар

Критериалды бағалау: слайд арқылы көрсету.

— өзін бағалау;

— бір-бірін бағалау;

— критериялар арқылы бағалау;

— қойылған бағаларды салыстырып, қорытынды жасау.

Сергіту сәті 2 мин.
Теориялық материал 5 мин Презентация «Оқуды бағалау, оқыту үшін бағалау»
«Табысқа жету, жетпеу» жағдайларын ұйымдастыру 7 мин Коучинг қатысушылардың ішінен ең нашар сурет салатын екі мұғалімді сыныптан шығуын сұрайды, ал қатысушыларға бірінші мұғалімді қалайда қолдауды, екінші мұғалімді керісінше, қолдамауды айтады. Екі мұғалімге де бір сурет – үйді салуды ұсынады, сосын суреттеріне баға қояды.

1,2-топ қолдау көрсетеді. 3,4-топ критерий құрастырады.

Мұғалімдерге сұрақ:

Оқушыны қолдау, мақтау – қандай нәтиже береді? Қолдау, мақтау – бағалаудың қай түріне жатады? Оқыту үшін бағалау не үшін керек? Коуч: оқыту үшін бағалау кері байланыс туғызады, оқушылардың өз оқуында белсенділігін арттырады, яғни өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау.

Топтық жұмыс 7 мин. «Мен армандаған мектеп» критерийлер арқылы шығармашылық жұмыс орындау, жоба қорғау.
Кері байланыс 5 мин. Сауалнамаға жауап.

  • мен нені түсіндім?
  • Бағалудың қай түрін қолданғың келеді?

Қатысушылар өздеріне ұнаған жақтарымен, келешекте сабақта қолданатыны туралы ой қорытады.

Мәтін үлестіріп береді.

1-топ

Бағалау– одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалауформативтінемесеоқыту үшін бағалауболып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалаужиынтықболып табыладыжәне кейде оныоқуды бағалаудеп атайды.

2-топ

Оқыту үшін бағалау– бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқыту үшін бағалау балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша,оқыту үшін бағалауқорытындысы ары қарай дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.

3-топ

Оқуды бағалаудыңмақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау тақырыбындағы коучинг сабағының жоспары

(Ассорти ойыны)

7мин

«Ассорти» Ойыншыларға шеңбер болып тұрады. Оларға әр түрлі жемістердің аттары беріледі (5-6 жеміс). Жемістердің аттары аталған кезде олар орын ауыстырулары керек. Сөйтіп жемістер араласады.

Технология бойынша сұрақ-жауап.

Сұрақтар:

Топтар негізгі сөздерді стикерға жазады және талқылайды. Бірінің айтқанын бірі қайталамай, жазған стикерларын себетке жапсырады.

Рефлексия

3мин

Себеттегі топ жұмысын жинақтау және тұжырымға келу.

Теориялық материал

10мин

Презентация (Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау жайлы анықтама және оның мақсаты)

«Ғажайып бақ» әр тыңдаушы өздерінің қиялдарындағы гүлді салады.Салған суреттерін өздері бағалайды. Келесі көршісі бағалайды. Бағалап болған соң бағалау критериін құрады. Осы критериилерге қарап салынған сурет қайта бағаланады.Топ мүшелері талдап,бағалаудың қай түріне жататынын анықтайды.

Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері бағалау арқылы оқытуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс қарапайым бес түйінді факторы

  • Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
  • Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.
  • Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

ресурсын мұғалімдерге ұсынып, өздерінің бір сабақтарын зерделей отырып жұмыс істеу ұсынылады.

«Меняется мир»фильмінен үзінді көрсету

ргіту сәті

Жағымды көңіл күй туғызу мақсатында «Австралия жаңбыры» ойынын ойнатуЦель: обеспечить психологическую разгрузку участников.

Время проведения: 5 мин.

Ход упражнения

Участники встают в круг. Инструкция: Знаете ли вы что такое австралийский дождь? Нет? Тогда давайте вместе послушаем, какой он. Сейчас по кругу цепочкой вы будете передавать мои движения. Как только они вернутся ко мне, я передам следующие. Следите внимательно!

  • В Австралии поднялся ветер. (Ведущий трет ладони).
  • Начинает капать дождь. (Клацание пальцами).
  • Дождь усиливается. (Поочередные хлопки ладонями по груди).
  • Начинается настоящий ливень. (Хлопки по бедрам).
  • А вот и град – настоящая буря. (Топот ногами).
  • Но что это? Буря стихает. (Хлопки по бедрам).
  • Дождь утихает. (Хлопки ладонями по груди).
  • Редкие капли падают на землю. (Клацание пальцами).
  • Тихий шелест ветра. (Потирание ладоней).
  • Солнце! (Руки вверх).

Вопросы для обсуждения:

  1. Легко ли вам было выполнять это упражнение?
  2. Не запутывались ли вы в ходе выполнения заданий?

«Құбыр» жаттығуы

Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай)
Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады.
Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады

Өз-өзіңді білгің келсе…» Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол сақина, гүл,жылан.

Егер күн дәл ортасына салынса, жастық шағы қызықты, ал шыгысқа салынса, жастық шағы қызықты, батысқа салынса кәрілік шағы қызықты болатыны.

Тау дөңгелек салынса мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса, басында қар болса,өзгермелі адам.

Үй – суретте ағаш үй салынса арманы орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын өсекқұмар адам.

Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, сұлулыққа құштар.

Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса еңбекқор адам.

Жол – үйге жақын жатса- жолы жеңіл, алыс болса керсіше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керсінше болса шашпа адам айналасына тарататын адам.

Сақина көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.

Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады үйдің жиегінде болса – қызықты күндерің алыс.

Жылан үйде алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмушылар айналаңда болғаны. Суретте не үлкен салынса сенің өмірің үшін аса зор.

, Әрбір қатысушы бүгінгі тренингтен алған әсерін, ұсынысын қалдыру ұсынылады.

Біз бір ұжымбыз деп қызығы мен қиыны мол еңбегіміздің жемісін көріп, жанұямызда да татулық, береке болсын. Тренингке қатысқандарыңызға көп рахмет!

  • Алманың суретін салу

(Мұғалімдерге кішкентай парақшалар үлестіріліп беріледі)

  • Қатар отырған мұғалімдерге салған суреттерін ауыстырып бағалау тапсырылады. Осы салынған суретке байланысты коуч бағалау критерийін ұсынады, критерий бойынша қайта бағалатады.
  • Бағалау критерийі:
  • Алманың суретінің парақшаның ортасында болуы – 1 ұпай
  • Жапырақтарының болуы– 1 ұпай
  • Түстердің үйлесімділігі– 2 ұпай
  • Көлемінің үлкен болуы– 1 ұпай

Әр топ «Джигсо» тәсілін пайдаланып өздерінің оқыған мәтіндерін басқа топқа түсіндіріп береді.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s