Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Қазақстан»


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні: 14.12.2016ж.

Әдебиеттік оқу 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Қазақстан»

Сабақтың мақсаты: Қ. Аманжоловтың поэзиясының ерекшелігін, идеясын таныта отырып, өлеңнің мән — мағынасын ашу арқылы, оқушылардың өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру.
Сабақтың нәтижесі: Білімді өздігінен меңгеріп түсінеді, талдау жұмыстарын жасап, пікірталаста өз ойын еркін жеткізіп, дәлелдей алады, шығармашылыққа ізденуге ынта пайда болады.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру.

Құрал жабдықтар: Оқулық авторы Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова 4 – басылымы, өнделеген. – Алматы «Атамұра» 2013. -98 бет Интербелсенді тақта, стикер, маркерлер, бағалау парағы,карта, рефлексия (жетістік ағашы,)

Кезең Уақыт Қолданылатын модуль Әдіс — тәсілдер Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Психология

лық ахуал туғызу

1 мин Өлең жолдарын айтқызу.

Көңіл-күйлерін сұрау

-Көңіл-күйлерін қалай?

Керемет (қолдарын көтеру)

-Сабаққа дайынсыңдар ма?

— Мен де сендердің қабақтарыңның ашық болуына тілектеспін! Рахмет,балалар отыра қойыңдар.
Ендеше,сөз асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиеттік оқу сабағымызды бастайық.

-Сабағымызға келгендер,
Сәлем бердік,бәріңе.
Ізгілікке сенгендер,
Сәлем бердік бәріңе!
Өз бақытын өзгемен
Тең бөлісе білгендер
Сәлем бердік бәріңе!
Бір-біріне қарап: Сәтті өтсін сабағымыз,
Ашық болсын қабағымыз!
Білу 3 мин Сын тұрғысынан ойлау «Миға шабуыл»,

«Ой толғаныс»

— Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады? Қазақстан

-Қазақстан жері қандай?Қазақстанның жері кең, әсем, әдемі.

— Қазақстан қандай мемлекет? Тәуелсіз,дербес

-Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды? 1991 жылы

-Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? Астана.

-Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?

« Отан – оттан да ыстық»

« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

« Отанды сүю отбасынан басталады».

« Жері байдың елі бай».

-Оқушылар осы тапсырманы орындау барысында бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы шығады.

«Ой қозғау» Осы суреттерді орналастыру арқылы, басқы әріптерінен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

Ауызша сұраққа жауап береді.

Оқушылар суреттерді ретімен орналастырып, Қазақстан сөзін шығарады.

Түсіну 7 мин СТО, оқытуды басқару және көшбасшылық,

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

АКТ Қасым Аманжолов өміріне тоқталу

1-топ: Қасым Аманжоловтың өмірі?

2-топ: Өлеңдерін топтастыру

3-топ: Қасым Аманжолов кім?

-Балалар,бүгін біз тағы бір отансүйгіш ақынмен танысамыз. Халқымыз «Қыран қанатты» деп баға берген Қасым Аманжолов аталарыңның поэзиядан үзінді берілген «Қазақстан» өлеңімен танысамыз.
Марал Анарбек Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» поэзиясына түсірілген бейнебаяны көрсетіледі.

Дайын мәлімет бойынша 3 топ постер құрады.

Топ ішінде талқылайды, топтарға түсіндіреді

Қолдану 5мин «Оқушы үні» Оқулықпен жұмыс.

Сөздікпен жұмыс жүргізу.

Балқаш-Балқаш көлі және оның маңындағы өндірісті қала.

Қас тағдырдың қиқаны-қиындықтың ауыртпалығы.

Оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
Талдау 5 мин Оқытуды басқару және көшбасшылық Өлең бойынша бірнеше сұрақтар қою

-Өлеңнің тақырыбы не?

-Азат деген сөздің мағынасы?

-Ақын неге қуанып, шаттанады?

-Ақын неге сен бақыттысың дейді?

-Неге қазақты кең пейілді, кең далалы дейді?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Жинақтау 7 мин Көшбасшылық,

СТО

Дайын ұйқас (өлеңге) Шығармашылық жұмыс:

1 топ: Эссе «Қазақстан менің Отаным»

2 топ: Хат жазу (елбасына)

3топ: Өлеңді аяқтау

Оқушылар өз ой-пікірлерін постерге түсіреді, оқиды.
Бағалау 5 мин Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау рефлексия Жетістік ағашы Әр оқушы өз-өздерін бағалайды. Топ бір-бірін бағалайды.
Рефлексия 3 мин Кері байланыс Сабақтан алған әсерлерін?

Сабақтан не білдіңдер?

Өздеріңе, әсіресе, өлеңін қай шумақтары ерекше ұнады?

Олай болса бүгінгі сабағымызды «Қазақстан бақытты» өлеңімен аяқтайық.

Өз ойларымен бөлісіп, өлең айту.
Үйге тапсырма 1 мин Қазақстан өлеңін жаттап келу. 98-бет. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s