Жаңа сабақтар

Ілияс Жансүгіров «Домбыра» өлеңі


Күні: 14.12.2016 жыл
Сыныбы: 6 «Ә» сынып
Пәні: Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Ержигитова Анар Сабыровна
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Домбыра» өлеңі.
Сабақтың мақсаты: І.Жансүгіров өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту.
Оқу нәтижесі 1. Өлеңнің ой – түйінін жан – жақты аша отырып, идеясына көз жеткізеді.

2. Әдебиет теориясынан түсінік береді.

3. Шығармашылыққа баулу, халық өнері туралы, ана тілі туралы оқушылардың өз ойын ашық айтып, өзіндік көзқарасын қалыптастастыруына ықпал етеді.

Сілтеме Оқулық, хрестоматия 6-сынып.
Сабақ түрі Шығармашылық сабақ
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, өнер, музыка
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл, 9 ромб әдісі, жуан және жіңішке сұрақтар.
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Блум таксономиясы Мұғалімнің іс-әрекеті Уақыт Модуль-дер Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау
Психологиялық ахуал:

Білу:

Түсіну:

«Жунглидегі жаңбыр»

Нұсқау: Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглиде жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді. (арқаны қаттырақ басамыз).

Қатты дауыл соқты. (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді. (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды. (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды. (арқаны қаттырақ соғамыз).

Дауыл соқты.

Дауылдан қорғанайық алты-алтыдан тұрайық. Топқа отыра қалайық.

Миға шабуыл (сұрақ- жауап)

1.Біздің асыл қазынамызға, рухани құнды мұраларымызға нелер жатады деп ойлайсыздар?

2. Неліктен олай ойлайсыңдар?

3. Мысал келтіре аласыңдар ба?

Қазақ әдебиетінде осындай асыл мұраларға жыр шумақтарын арнаған ақындар жеткілікті. Соның бірі де бірегейі І.Жансүгіров.

Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы видео көрсетіледі.

«9 ромб» әдісі. Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтары әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады.

Топтарға тапсырма.

І топ: Ақынның өміріндегі елеулі жылдар. (жылдармен жұмыс)

ІІ топ: Ақынның қызметі.

ІІІ топ: Ақынның өлеңдері (табиғат лирикасы, азаматтық лирика)

IV топ: Ақынның поэмалары.

3 мин

2 мин

3,5 мин

5 мин

Жас ерекшелік

Сын тұрғысы

нан ойлау

АКТ

Сынып оқушылары берілген нұсқау арқылы орындайды.

Оқушылар

алты-алтыдан бірлесе келіп,

4 топқа отыра қалады.

Кітап пен қосымша берілген мәліметтер

ді әр торға ең маңызды-ларын ретімен орналасты-рып, талдау жасайды.

Қошеметтеу (формативті)

Өзара бағалау (ұнаған жұмысты өзара бағалау)

Қолдану: Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ–домбыра,-демекші ақынның келесі өлеңі «Домбыра» деп аталады.

Ақынның «Домбыра» өлеңін тыңдап көрейік.

Жуан және жіңішке сұрақтар

1. Домбыра қандай аспап? (Қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізінен, екі ішекті немесе кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау» т.б. )

2. Өлеңнің негізгі ойы қандай?

3. Өлең арқылы ақын не айтпақ болды?

3 мин

2 мин

Жас ерекшелік

АКТ

Сын тұрғысы

нан ойлау

Ақынның өлеңін тыңдау.

Домбыра аспабы жайлы оқушылардың пікірін тыңдау.

Қошеметтеу

(формативті)

Талдау: Топтарға тапсырма:

І топ: Өлеңді өлең құрылысына талдау.

ІІ топ: Өлеңнен көркемдеуіш құралдарын табу.

ІІІ топ: Өлеңнің тілдік ерекшелігіне тоқталу. (антоним, омоним, синоним)

ІV топ: Түсініксіз сөздерді анықтау. (интернеттен табу)

«Домбыра»

1. Жанр түрі: Лирика

3. Идеясы: «Тіл жоқ деуге бола ма,

Тілден анық үн барда?

3.Шумақ саны: 4

4. Тармақ саны: 33

5. Бунақ саны: 2-3

6. Буын саны: 7-8

7.Ұйқас түрі: аралас ұйқас

8. Әдеби- теориялық ұғымдар

9.1 Троп- сөзді құбылту

а) омоним- тіл,күй,мін, шек,өр,ақ

ә) метафора- арыстан, жолбарыс, күй найзасы

б) көнерген сөз – найза

10.2 Фигура

а) градация – сыңғырады, сылдырады, жеделдеді, шу басты

ә) арнау — риторикалық сұрау

Домбыра, сенде мін бар ма?

Мінсіз болсаң – тіл бар ма?

11. Түсіндірме сөздік:

дабыс –

Cең – өзен мен көл бетіндегі мұз кесектерінің (негізінен қоңыржай және биіктік белдеулерде) ағыстың, желдің, судың температурасының әсерінен қозғалуы.

Cел – (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.

Cарын – ән жанрының речитативті саласының бір түрі. Поэзиялық және музыкалық әуен бірлестігінен туған халық шығармашылығы. Сарын жыраулардың философиялық толғауларында (Қорқыт пен Асан Қайғы сарындары) кеңінен қолданылған. Сарын күй Сарыны, бақсы Сарыны, терме-толғау Сарыны болып бірнеше түрге бөлінеді.

Шек –

12. Өлеңнің түйіні: «Домбыраның күші мол

Көмейінде күй барда»

5 мин АКТ

Жас ерекшелік

Топтармен бірлесе отырып, өлеңге талдау жұмыстар

ын жүргізеді.

Мұғалімнің топтардың жұмыстарын талдауын бағалауы.
Оқулықтан тыс мәлімет: Таным деректі оқу.
Ал, «Домбыра» атауы қайдан шыққан?
1. Кей деректерде «Домбыра» сөзі арабтың «Дунбахибурра» тіркесінен, яғни «Қозы-құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген дәлел айтылған. Шындығында домбыраның тұрпаты қозының құйрығына ұқсайды.
2. Енді бір зерттеушілер домбыра атауы «Домвира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп топшылайды.
3. Аспап ішегін дәл бұра – дұрыс күйле, аспап ішегіне дем бұра, т.б. ұғымдардан келіп- дем бұра, домбыра – домбыра болып кетуі мүмкін.

Домбыра – қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы.

Домбыраны самырсын, шырша, қарағай, т.б. ағаштан жасайды.

Ал домбыраның ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасаған.

Домбыраның құрылысы:

  • Мойын
  • Ішек
  • Перне
  • Шанақ
  • Тиек
2 мин АКТ Берілген тың мәліметтер

ді дәптерлері

не жазып алады.

Сергіту сәті Домбырамен орындалаған күймен бірге бойларын сергіту жаттығу орындау. 1,5 мин АКТ Берілген видео арқылы бойларын сергітеді.
Жинақтау: Қазақ халқы қайғы мен қуанышында домбырамен күй арқылы өз халқына жеткізе білген.

І топ: Берілген аңызды өз бетіңше аяқта.

Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап -шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, дем алмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады………………………………………………

Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл «шайтан тиек» деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған шекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған.

ІІ топ:«Ақсақ құлан» күйін тыңдай отырып, домбыраның үні сендерге қандай әсер берді «Күмбірлеген домбыра үні» эссе жазу.

ІІІ топ:

Күйді тыңдай отырып, елестеткен әсерлеріңді суреттеп салыңдар. (сурет салу)

ІV топ:Домбыраны дәріптеу мақсатында дайын ұйқасқа өлең шығару.

Домбыраны қолға алып,

Ән айтамыз толғанып.

Өнерді сүйген жасынан,

Біз осындай жас ұлан.

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім.

7 мин Сын тұрғысы

нан ойлау

Дарынды және талатты балаларды оқыту.

Өз ойларын нақты білдіре отырып, берілген шығармашы

лық тапсырма

ларды топпен бірлесе отырып орындайды.

Шапалақпен бағалау (қошеметтеу)
Үйге тапсырма «Домбыра» өлеңін жаттау.

«Домбыра – қазақ халқының ұлттық аспабы» тақырыбына ойтолғау жазу.

1 мин Ойтолғау жазып келу.
Рефлексия. Х.Талғаровтың сөзіне жазылған «Домбырасыз ән қайда?» өлеңін тыңдай отырып, бүгінгі сабақта нені меңгергендіктеріңді жазып, білім ағашына іліңдер.

Домбыра

Сөзін жазған Х.Талғаров.

Әнін жазған И.Нүсіпбаев.

1. Елдің жырын жырлаған ,

Қайғысын да толғаған.

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаға

Қайырмасы:

Домбырасыз сән қайда ,

Домбырасыз ән қайда .

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?…

Кері байланыс.

1. Маған қызық болды.

2. Маған қиын болды.

3. Маған ұнады.

3 мин Тақырып бойынша берілген әнді айту.

Оқушылар бұл сабақта ненің қызық, ненің қиын, ненің ұнағанын бейне арқылы көрсетеді.

Бағалау. 5 мин Оқу және оқу үшін бағалау

  1. Жеке оқушылардың жинаған «+» есептеу. (формативті және сумативті бағалау)
  2. Топ мүшелерін бағалау, мадақтау.
  3. Топтың белсенділігін бағалау.

Бағалау парағы.

Оқушының аты-жөні Миға шабуыл сұрақтары «9 ромб» әдісі

Ақын өмірі мен шығармашылығына шолу

Жуан және жіңішке сұрақтар Өлеңді талдау Шығармашылық тапсырма Жалпы
Қорытынды сөз. «Өнер таусылмас азық,жұтамас байлық»,- дейді халық даналығы. Өнер түрлері өте мол. Соның ішінде домбырамен ән айту, күй тарту халықпен бірге жасап келеді, жасай да береді. Сондықтан домбыра аспабын атадан қалған мирас, мұра ретінде қастерлеп, құрметтеп төрімізге іліп қоялық. 1 мин
Advertisements

1 thought on “Ілияс Жансүгіров «Домбыра» өлеңі”

  1. І.Жансүгіровтың «Домбыра» өлеңі сабағының құрылымы жақсы. Сабақ Блум таксаномиясы қадамдармен жүргізілген. Әр бөлімде, әсіресе талдау, жинақтау, қолдану бөлімдерінде тапсырмалар деңгейлеп берілген. Айтар ұсынысым: рефлексияның орнына кері байланыс деп жазса, ұтымды болар еді. Рефлексия- мұғалімнің өтілген сабағы туралы өзінің ой-пікірі деп ойлаймын.

    Нравится

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s