Баяндамалар, Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Мәңгілік ел ұстаздары


ШҚО Семей қаласының № 9 ЖОББМ-ң жоғары санатты
тәжірибелі ұстазы Қаламқас Қалибекқызы Тоғасбаева

Шәкірттерім, алтыным,
Бәрінен де жақыным.
Өздеріңе арналар,
Білімім мен ақылым….

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақты тәрбиелеу,білім беру — мұғалімге жүктелген қасиетті парыз. Иә, әр баланың ата-анадан кейінгі ақылшысы, сенімді тәрбиешісі, жүректері лүпілдей қаққан ең жақын адам ретінде сезінетіні, ол — ұстаз. Ұстаз-шәкірт үшін үлгі-өнеге болатын ғибратты жан. Өйткені, ұстаздың істеген әрбір ісі, айтқан сөзі, қорытқан ойы бойында бұлжымастай қаланып қалады. Шынында да, әрбір адамның өмірге деген өз көзқарасы ұстазының берген бағыт-бағдарымен қаланады. Олай болса, ұстаз — адамның өмір жолының бастаушысы. Жаратылысынан ұстаздық қасиетпен дүниеге келген адам,алдында отырған шәкіртіне бойындағы барлық жақсы қасиеттерін беруге тырысады деп білемін.

«Ұстаз болу үшін-ұстаз болып туылу керек»деген сөзді осындай сәтте еске түсіруге болады. Осындай қызығы мен қиындығы қатар жүрген мамандықты мен де таңдадым.

Ұстаз болу мен үшін талант пен жан қалауы десем еш қателеспеймін. Ұстаз болу бала кезімнен арманым еді…

Кезінде Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуіме мен бір адамға қарыздармын, ол-ұстазым Аристотель,» — десе, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп бағалаған.

Осы тұста Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады.Оған мысал ретінде айтатын болсам,менің жолымды қуып, ұстаздық мамандығын таңдаған шәкірттерім куә.Атап айтсам:Гүлназ Есщанова,Жанар Есімханова,Кристина Ткаличева (қазақшаға судай) және т.б.Байқасам,осы ұстаздық жолында жүргеніме биыл аттай отыз үш жыл болыпты.Осы уақыт аралығында талай «Жыл мұғалімі»,»Үздік ұстаз»сияқты байқауларға қатысып,жүлделі орындарды иеленген екенмін.Көптеген шәкірттерім қалалық,республикалық және халықаралық дәрежедегі түрлі олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орын алып,ұстаз еңбегін ақтаған.М.М.Жампейісованың модульдік технологиясын өз сабақтарымда түрлендіріп өткізуг әр кез тырысатынмын.Шәкірттерім жыл сайынғы ҰБТ мен ОЖСБ-дан да сүрінбей өтіп,жоғары пайыз көрсеткішін иеленіп келеді.Бұл көрсеткіштер ұстаз мерейін өсіретіні хақ Ғылыми жұмыс ғалымдар үшін нан сияқты болса,мен үшін оқушыларға білім нәрін сіңдіру-нан сияқты,онсыз өмір сүруім қиынға соғатын сияқты.

Иә,ұстаз-осы бір сөздің мағынасы қаншалықты терең десеңізші…Ол-ұлағат.Ол-ұлылық.Қиянатқа жол бермес әділдіктің,жамандыққа жол бермес адалдықтың,қараулыққа жол бермес шапағаттылықтың,парасаттылықтың асқан үлгісін танытып,үлкен абыроймен еңбек ететін асыл жан!

Ұстаздың осынша қадір-қасиетке бөленуі,өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдығымен,жауапкершілігімен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы тұрысы,мәдениетті сөзі,жинақы іс-әрекеті,білімі-анаға да балаға да өнеге.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады, — дейді.

«Педагогтык шеберлік-дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайында жазылған қағида жоқ,болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты. Біздер,мұғалімдер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ ұстаз мұратының қандай болатыны айқын.

Ұядағы балапандай жем іздеп,көкке ұшуға қанаты талпынған жас ұрпаққа орынды ықпал ете білсек,ұрпақ алдындағы, ұлт алдындағы ұстаз мұраты осы деп білемін. Олай болса,мен өмірде өз орнымды тапқан бақытты ұстазбын деп мақтанышпен айта аламын!

Реклама

4 thoughts on “Мәңгілік ел ұстаздары”

  1. Керемет !!Жаңа фоматтағы ұстаз ұстанымы осындай болуы керек деп санаймын.Ағыңыздан жарылған ойларыңыз үшін рақмет

    Нравится

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s