Жаңа сабақтар

Семинар материалы. КОУЧИНГ ТАҚЫРЫБЫ: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқуды түрлендіру»


Шетпе гимназиясы

Коучтер: І деңгей мұғалімі Ш.Сейлова ІІ деңгей мұғалімі Э.Дүйсенбаева

Коучинг тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқуды түрлендіру

Мақсаты: 1. Оқыту барысында сыни тұғыдан ойлау технологиясының

РАФТ әдісін пайдалану арқылы шәкірттердің ойлана білу,

шығармашылық қабілеттерін арттыру.
2. Оқушылардың білім сапасын жақсарту, ой — өрісін кеңейту,

есте сақтау қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
3. Әр баланың өз ойын еркін жеткізе білуге, ізденуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушылар (ұстаздар)

құрбы- құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға

және қорғауға, сын тұрғысынан ойлауға және барынша белсенді

қатысуға мүмкіндік алады.

Ресурстар: Нұсқаулық, интербелсенді тақта, маркер, флипчарт, стикер,

слайдтар, кері байланыс парағы.

Коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Кезеңдер Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 1. Сергіту сәті «Судың қайнауы»

2. Коучингтің тақырыбын,мақсатын хабарлауы.

Сергіту жұмысын жасайды, жағымды психологиялық ахуал орнатады.

Тақырыппен танысып, өздеріне мақсат қояды.

Слайд

3 мин

Слайд.

РАФТ әдісі

Мұқият тыңдайды, танысады.
2 мин «Министр», «Ата-ана», «Мұғалім» атаулары арқылы топқа бөлу. Мұғалімдер топтарға бөлінеді.
Бейнеролик

7 мин

«Финляндия мемлекетінің білім беру жүйесі» көрсету. Бейнероликті көреді.
1-тапсырма.

Мәтінмен жұмыс.

15 мин

Тақырыпты беру.

«Қазақстандағы білім беру жүйесін болашақта жетілдірудің жолдары»

Топта талқылайды, РАФТ әдісіне салып жазады.
Кері байланыс

15 мин

«Ыстық орындық». Әр топтан бір адам шығарып, өз пікірлерін айтқызу Топта ақылдасып алып пікірлерін айтады. Тапсырманы оқымағандары қағазды қабырғаға іледі.
Рефлексия

3 мин

Стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады. Стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады

РАФТ әдісі — әртүрлі тақырыпты тәжірибеден өткізіп, әртүрлі аудиторияға бағыттап, әртүрлі мақсатқа жауап беріп және қалыпты таңдай отырып, оқушылардың жазу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. (Santa, 1988). Басқаша айтқанда, РАФТ дегеніміз – бұл Рөл, Аудитория, Формат (Қалып) және Тақырып. Бұл іс-әрекеттің жазбаша нысаны әдетте, сабақтың нұсқалау сатысында қолданылады. Жасанды жұмыстарға қарағанда, бұл жұмыстың маңыздылығы – ол түпнұсқаға сәйкес болып келеді.

1 – қадам. Аудиторияның қызығушылығын оятатын, өмірмен байланысы бар, аздаған

қарама-қайшылығы бар тақырыпты таңдаңыз. Тақтаға жазыңыз.

2 – қадам. Белгілі бір рөл бойынша ой шақыру жұмыстарын жүргізіңіз. Оқушыларға

осындай тақырыпқа кім жаза алатыны жайында ойлануға мүмкіндік беріңіз.

Оқушылар әр алуан рөлдерден өзіне рөл таңдап алсын.

3 – қадам. Аудиторияны анықтау үшін ой шақыру жұмысын жүргізіңіз. Әр оқушы осы

жазуды кімге жаза алатынын ойлануы керек.

4 – қадам. Жазудың қалпын анықтау үшін ой шақыру жүргізіңіз. Әр оқушы жазушы өз

жазуын қандай қалыпта жаза алатынын ойлансын. Қиялдарын ояту үшін

дауыстап талқылаңыздар.

5 – қадам. Жазу үшін 20 минут уақыт беріңіз.

6 – қадам. Ой алмасу жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Бұл әртүрлі нысандар болуы мүмкін

– оқушылар бір-біріне шағын топта оқи алады, қабырғада іле алады, мұғалімге

тапсыра алады.

РАФТ кестесі

Рөл Аудитория Формат

(Қалып)

Тақырып

Өз идеяларыңызды айтыңыздар.

Рөл Аудитория Формат

(Қалып)

Тақырып
Министр

Ата – ана

Мұғалім

Қоғамға

Сынып жетекшісіне,

Директорға,

Білім бөліміне

Білім бөліміне, Министр, Мұғалімдер форумына

Жарлық

Өтініш

Газет мақаласы, Баяндама, Эл.почта

Қазақстандағы білім беру жүйесін болашақта жетілдірудің жолдары

Әлемдегі ең үздік білім беру жүйелері

Таяуда британдық «The Times» газеті әлемдік білім беру жүйесінің сараптама нәтижесін жариялады. Жобаға тапсырыс беруші ретінде білім және ғылым саласын зерттеумен айналысатын Pearson компаниясы аталып отыр.

Мемлекеттердің білім беру жүйесін зерттеу бітірушілер тапсырған халықаралық емтихандардың нәтижесі және басқа да ақпараттарға сүйене отырып жүргізілген.

Сонымен, «үздік жиырмалық» мынадай:

Финляндия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Жапония, Сингапур, Ұлыбритания, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Швейцария, Канада, Ирландия, Дания, Австралия, Польша, Германия, Бельгия, АҚШ, Венгрия, Словакия, Ресей.

Зерттеу тобын басқарушы Майкл Бербердуң айтуынша, тізімдегі елдердің оқытушылар дәрежесі де жоғары екен.

Ал төменде осы тізімдегі таңдаулы елдердің білім беру жүйелеріне тоқталып көрейік:

Германия

Германияның білім беру жүйесі демократиялық деп айта аламыз. Ата-ана мен оқушы төменгі сыныпта өзіне керекті мектепті таңдайды. Төменгі сыныптарда, яғни 6-10 жас аралығында балалар оқуды, санауды, жазуды, табиғатты тануды үйренеді. 10-19 жас аралығында жоғары сатыда оқып, оқушы мамандана бастайды.Германияда мектептің мынадай түрлері бар:негізгі мектеп (Hauptschule ) – 5-6 жыл оқытылады, шынайы мектеп Realschule) – 6 жылды қамтиды. Осының қорытындысы бойынша жоғары мектепке (Gymnasium), кейін унверситетке түседі. Гимназияда 8-9 жыл оқытылады. Гимназияда гуманитарлық, қоғамдық, техникалық және жалпы (үшеуін де қамтитын) бағытта білім беріледі. Нәтижесінде орта білім туралы диплом беріледі. Жекеменшік мектептердің басым бөлігі діни, зайырлы бағытта жұмыс істейді, азаматтығы жоқ адамдар тек осы мектептерде білім ала алады.

Ұлыбритания

Британия мектептері әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқушыларды магнит секілді тартуда. Британдық мектептер «Барлық жерде оқытады, бірақ біз нағыз серілерді тәрбиелеп шығарамыз» деп ұрандайды. Британ білім беру жүйесінің бренді де осы тіркеспен байланысты. Біріккен Корольдікке тән ерекшеліктің бірі – Орта ғасырдан бері келе жатқан ақылы интернаттар(Boarding School). Қазір бұл ордаларда «ақсүйектер» ұрпағы білім алады, себебі жетістікке жеткен адамдардың көпшілігі интернатта оқыған. Британияда, әсіресе, осы оқу орнында қыздар мен ұлдарды бөліп оқыту дәстүрі жақсы қалыптасқан.

Қалыптасқан негізгі жүйелер:рreparatory schools – 2-7 жастағы балаларды оқуға, жазуға үйретеді;

junior schools – 7-13 жас аралығындағы бастауыш сыныпты бітірген оқушы Common Entrance Examination аталатын емтихан тапсырады, керекті бал жинай алмаған балаға болашақ жабық.

Senior School – 13-18 жас аралығындағы балалар білім алып, GCSE емтиханын тапсыру арқылы A-Level немесе International Baccalaureate бағдарламасына өтеді. Университет бітірген студент 21 мың фунт айлық алатын жұмысқа тұрмаса, кредитін төлемеуге болады.

Primary School – 4-11 жас аралығындағы балалар оқитын жүйе.
Оңтүстік Корея

Балалар 8-14 жас аралығында бастауыш мектепте оқиды. Онда оқытылатын пәндер: корей тілі, математика, нақты ғылымдар, тіл, бейнелеу өнері. Әдетте барлық пәнді бір ғана мұғалім жүргізеді. Білім беру жүйесінің сатыларына өту емтихан балымен емес, оқушының жасына байланысты анықталады. Қазіргі таңда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады. Корей тілінің грамматикасында өзгерістер өте көп болғандықтан, ағылшын тілін меңгеру өте қиын. Бұл ата-ана үшін күрделі мәселе десе де болады. Балаларын Хагвон аталатын арнайы орталықтарға жібереді. Мұнда ағылшын тілі ана тілі саналатын мамандарға сұраныс көп.

Қоғамдық мектептерден басқа, жекеменшік мектептер жұмыс істейді. Мұндағы білім беру деңгейі өте жоғары, аз ғана оқушы үшін өте көп мұғалім жұмыс істейді. Ата-ана бір айға 130 доллар төлейді. Берілетін білім ақыға сай.
Орта мектепті 12-15 жас аралығындағы балалар оқиды. Басқаларына қарағанда орта мектептердің қоятын талабы көп. Мектеп формасы, шаш үлгісі қатаң қадағаланады. Күніне 6 негіз пән және жетінші мамандандыруға арналған пән жүреді.Пәндер жыл сайын өзгеріп тұрады. Аптаның бес күнінде сабақ жүреді, айдың кейбір сенбілерінде қосымша сабақтармен айналысады.Осы ғасырдың басына дейін қыздар мен ұлдарды бөліп оқыту дәстүрі кең етек алағанымен, қазір жалпы мектептер көбейіп келеді. Баға оқушыға тек орта мектепті бітірер сәтте, онда да ғылыммен айналысқысы келетіндерге ғана керек. Басқа жағдайда ата-ананы қуанту үшін ғана маңызды. Корея білім беру жүйесінде математика мен ағылшынға баса көңіл бөлінеді.

Франция

Францияның білім беру жүйесі еуропалық жүйемен байланысты: үш сатыдан тұрады – бастапқы (ecole primaire, 6-11 жас – мұнда сабақтар ойын түрінде өткізіліп, баға қойылмайды) және жоғарғы (college, 11-15 жас, одан кейін lycee, 16-18 жас–соңғы жылда кейбір мамандықтарды меңгеріп шығуға болады). Бұл дәстүр бір ғасыр бойы жалғасып келеді. Мемлекеттік мектептерде оқу тегін, жекеменшіктер ақылы болғанымен, мемлекеттің дипломын береді. Айта кетейік, Франциядағы мемлекеттік мектептер 80 пайызды құрайды. Жекеменшік мектептердің көпшілігі діни бағытта оқытады. Мектептер өзара sous contrat және hors contrat болып екіге бөлінеді. Алғашқысының мұғалімдеріне мемлекет айлық төлейді, мектептер ұлттық бағдарлама және қалыпты сабақ кестесі бойынша оқиды, екіншісіне мемлекеттен субсидия түспейді, есесіне стандартты бағдарламаға сүйенбеуге болады. Лицейдегі емтихан бойынша жоғарғы оқу орнына қабылданады. Француз тіліне ерекше көңіл бөлінеді. Бірінші сыныптан бастап мемлекеттік тілде емтихандар алынады.

ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ МУХАНОВА ӨТЕБИКЕ ЕСЕНҚЫЗЫ 5 ФЕВ 2015

1 ПІКІР

«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» — деп Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, жаһандану кезеңіндегі технологиялық қарқынды даму,әлемдік өзгерістер жаңашылдықпен білім алуға бағыттайды. Кеңеcтік кеңіcтікте дәурен еткен кезеңде қaғидaғa aйнaлғaн дaйын білімді оқушығa ұcынудың бүгінгі тaңдa мәні aзайғаны белгілі. Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесіне ықпал ете білді. Неге әлeм елдері білім беру жүйeсіне реформa жүргізіп жaтыр? Осы орайда, «Барлығы әлемнің өзгеруі туралы айтады, алайда ешқайсысы өзін өзгерту туралы ойламайды», — деген Л.Н.Толстойдың көрегенді сөзі есіме түсті. Өйткені eң баcты құндылық aдам, оның өміpі, aдамның pухани құндылығы – білім. Әлeмдік жaңару,жaңа технологиялаp aғымы толаcтaмай өзгеру үстінe өзгерудe. Сондықтaн өзгерген әлeмнің болaшағы қaлыптаcтырушы мұғaлім сол aқпараттaрды өзінe aла отыpып,үздікcіз оқу мeн оқытуды жeтілдіруге бaсты назар aударады. Оқушылар көп білім мен әртүрлі білімнің екеуін де қажет ете алады деген Венгрия мұғалімі Кофман (1997ж.) пікірімен есебімді бастағым келеді. «Қазіргі мектептердегі білім беру қандай дәрежеде?»,«Мектепке жаңа өзгеріс керек пе?», «Менің мектебіме ше?», «Өзгеріс енгізуші кім?» деген сұрақтар 2014 жылдың 28 шілде мен 29 тамыз аралығында Ақтау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру сатысындағы бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде мазалаған. Білім сатысынан өту барысында көптеген жаңалықтарға, жаңашылдықтарға тап болдым. Сабақтағы еркіндік оқушының лoгикалық oйлау дәрeжесінің мұғaлімнің жетeлеген шeңберінде eмес, жeке, өз бeтінше жұмыс жасaуға дaғдыланатынына көз жeткіздім. Мeні қызықтырa бастaды. Әлeмдік тәжірибeлерге интернeт арқылы «сaяхат жасaдым». «Әлем елдеріндегі білім беру жүйесі» тақырыбын жан-жақты ашу үшін көптеген мәліметтерге тоқталуға, көз жүгіртуге тура келді. Әлем елдерінің тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы болады. Ғаламтор мәліметтеріне жүгінетін болсам, әлемдік білім жүйесін салыстыру үшін тәуелсіз сарапшылар 48 елді назарға алып, 20 шақты критерий негізінде сараптама жасаған. Алғашқы бестікке АҚШ, Швеция, Канада, Финляндия және Дания кірген.(1) Дүниежүзінің аса дамыған елдерінде АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық

Коучинг фотолары 28.12.2016ж.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s