Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Киелі Маңғыстаудан дұғай сәлем немесе Редактордың семинар туралы пікірі


 

28.12.2016 жылы Маңғыстау облысы, Шетпе кенті, Шетпе мектеп гимназиясында семинар болып өтті. Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар материалдары Республика көлемінде ұстаздарға таратылды. Семинарға редакция өкілі Серік Нагиев қатысып, ұстаздарға семинар қатысушы сертификатын табыстады. 45minut.kz, Серпіліс газеттерімен таныстырылым жасады.

2016 жыл соңын қорытындылаған семинардан редакцияға және редакторға рухани мағыналы сәлемдеме келді. Киелі Маңғыстау өңірінен келген сәлемдемені тек қана редакцияға арналған сәлемдеме емес, барлық ұстаздарға арналған сәлемдеме ретінде қабыл аламыз.

Сәлемдеме туралы кеңінен айтып өтсем деймін. 

Біріншісі: Киелі Маңғыстау өңірін таныстыратын керемет өнер туындысы.

Бұл картинада «АДАЙ АТА-ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ көрсетілген. 

«АДАЙ АТА-ОТПАН ТАУ» ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ туралы: http://danakaz.kz/aday-ata-otpan-tau-tarihi-tanymdyk-etno-mdeni-ortalyktyn-ornalaskan-zheri-otpan-tau-tarihi-mekeni арқылы таныс болыңыздар.

Маңғыстаулықтар Амал мерекесін Отпан тауында тойлайды. Аталмыш мейрам «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде басталады. Маңғыстаудың биік шоқысы-да осы Отпан тауы (Балтық теңізі деңгейінен 532 м). Оның басында Адай — батыр мен тарихи тұлғаға — арналған 37-метрлік ескерткіш орнатылған. 2007 жылы Адай батырдың құрметіне «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені ашылды. Мұнда-да екі стела бой көтерген, олар Адай атаның (Адай руының бабасы) екі ұлын (Құдайбеке мен Келімберді) бейнелейді. Сонымен бірге, Ұлы қаншық қасқырдың мүсіні орнатылған. Аңыздарға сенетіміз болсақ, ол бүкіл түркі халқының бабасы болып табылып, күш пен рухтың еркіндігінің бейнесі болып саналады.

Ақпарат үшін: http://e-history.kz/kz/publications/view/1014 © e-history.kz

Екіншісі: «Есен-қазақ»  кітабы. («Арыс» баспасы, 2006 жыл. Алматы)

img-20161230-wa0019

Авторы: Серікбол Қондыбай (1968 – 2004) – ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы.

 

 

 

 

Серікбол Қондыбай туралы ақпараттар:

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Серікбол_Әділбекұлы_Қондыбай
  2. http://old.el.kz/blogs/entry/content-3241 
  3. http://old.abai.kz/node/39818
  4. Серікбол Қондыбай ФБ парақшасы
  5. Серікбол Қондыбай әлемі ФБ тобы

Ұстаздарға рухани сәлемдеме жолдаушы Шетпе семинарын ұйымдастырушыларға, Шетпе мектеп гимназия ұжымына, Шетпе мектеп гимназия басшысы Гүларша Нурмагамбетоваға және  «Мемориалдық мұражайы» МКҚК мұражай директоры Бердиева Рима Канатбаевнаға алғыс білдіремін. 

Шетпе семинарынан келген рухани сәлемдеме Республика ұстаздарына шабыт және серпін берсін деп тілек білдіремін.

Құрметпен: Редактор Нағиев Ізгілік 

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s