Жаңа сабақтар

Семинар материалы. Коучинг Тақырыбы: Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау


«Шетпе гимназиясы» ММ

Коучтер: Буданбаева Оразбибі Құдайбергенқызы. І (ілгері) деңгей мұғалімі
Ахметова Айымгүл Болатовна. Оқу ісінің меңгерушісі

2016-2017 оқу жылы. 28.12.2016

Коучинг тақырыбы: Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, суреттер, ғаламтор материалдары, презентация, тапсырмалар
Мақсаты: Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бағалау стандарттарымен,

процестерімен, құралдарымен және нәтижелерімен анықталатындығына түсінік беру;

Критериалды бағалаудың құрылымымен таныстыру;

Оқу бағдарламасының барлық мақсаттары бойынша формативті бағалау жүргізуге арналған дескрипторлар құру үлгісімен таныстыру.

Түйінді идеялар: Білім, дағды, біліктіліктері дамиды.
Нәтиже: Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бағалау стандарттарымен,

процестерімен, құралдарымен және нәтижелерімен анықталатындығын түсінеді;

Критериалды бағалаудың құрылымымен танысады;

Оқу бағдарламасының барлық мақсаттары бойынша формативті бағалау жүргізуге арналған дескрипторлар құра алады.

Сабақта қолданылатын материалдар: Интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, қалам, А-4, А-3 парақтары, бейнематериалдар.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, АКТ, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, топтық жұмыс, көшбасшылық

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеттері Бағалау
Кіріспе. («Сені кім қоршап тұр?» жағымды психологиялық ахуал орнату, коучингтің тақырыбы мен мақсаты)

5 минут

1. Сұрақтар арқылы топқа бөлу.

2. Сергіту сәті «Сені кім қоршап тұр?»

3. Коучингтің тақырыбын, мақсатын хабарлау

1.Бағалау нені білдіреді?

2. Бағалау не үшін қажет?

3. Бағалау кімдерге әсер етеді?

Сұрақтар бойынша топтарға бөлінеді.

Сергіту жұмысын жасайды, жағымды психологиялық ахуал орнатады.

Тақырыппен танысып, өздеріне мақсат қояды.

Қадағалау
Ой қозғау.

1-тапсырма

10 минут

Коуч сұрақтары:

1.Бағалау нені білдіреді?

2. Бағалау не үшін қажет?

3. Бағалау кімдерге әсер етеді?

Әр топтан мұғалімдер өз ойларын айтады.

Топпен жұмыс

Ауызша комментарий
Презентация

10 минут

«Критериалды бағалау жаңа бағалау құралы» атты презентацияны көрсету, мәлімет беру. Мұғалімдер көңіл қойып тыңдайды, ой түйеді Қадағалау
2-тапсырма.

Дескриптор құрастыру үшін қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар

15 минут

Топқа арналған тапсырма. Дене, дүниетану, жаратылыстану, көркем еңбек пәндері. Осы пәндер бойынша берілген тапсырмаға дескриптор құрастыру Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша дескриптор дайындайды. Өзара бағалау
Кері байланыс

3 минут

Әр топтан бір қатысушы шығып, «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» туралы өз ойларын айтуды ұсынады Әр топтан бір қатысушы шығып, «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» туралы өз ойын айтады. Мадақтау
Рефлексия

2 минут

Стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады. Стикерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады. Қадағалау

Критериалды бағалау (1).ppt

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s