Жаңа сабақтар

Семинар материалы. «Мен бейнесі» тренингі


«Шетпе гимназиясы» ММ-ің психологі: Есбергенова Жансая

Ұстаз – адам жанын терең түсінетін, адамдармен қарым –қатынаста жоғары адамгершілік құндылықтарды көрсете білетін, жүзінен жылылық, мейірімді күн нұрындай шуақ шашып, өзіне баурай білетін адам.

«Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады», -деп Елбасы атап көрсеткен болатын.

«Мен» Тұжырымдамасы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі.

«Мен» тұжырымдамасы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. «Мен» тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.

Оны құрайтындар:

  • шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),
  • идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),
  • серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),
  • фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.

«Мен» тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.

Осындай «мен бейнесі» қалыптасқан мұғалім:

  1. Сабақты ерекше жігермен бастайды
  2. Оқушыларға материалды қызықты, мазмұнды етіп түсіндіреді
  3. Нашар оқитын оқушыларға өз күшіне сенуге көмектеседі
  4. Білім бағасын іскерлікпен дәлелдеу арқылы бағалайды
  • Жеке көзқарасы бар және соны қорғай біледі
  • әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отырады

Рефлексия «Бүгінгі күнге тілек», «Болашаққа тілек.»

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s