Семинар материалы. Сабақтың атауы Б. Ысқақов. Қыс та қызық жұмыс бар


Пәні:Әдебиеттік оқу Күні:28.12.2016 ж Кабинет:15 Мұғалімі: Кокишева Гулзира Комшабаевна
Сабақтың атауы Б. Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар
Мақсаты Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестету, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту. Қысқы табиғат сұлулығын тануға, қоршаған орта мен өмірлік болмысты, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы салыстыру. Қысқы табиғат тіршілігі туралы мағлұматтарын кеңейту.
Ресурстар Оқулық , суреттер, плакаттар, маркерлер, стикер, видео ролик, слайд, уақыт өлшеуіш.
Әдісі Ойлаудың алты қалпағы , кубизм әдісі ,сыни тұрғыдан ойлау,топқа бөлу,ББҮ,Венн диаграммасы, Қара-жап-айт-жаз-тексер.
Күтілетін нәтиже Өзіндік жеке тұлға қалыптасады.Табиғат құбылыстарына сыни тұрғыдан қарайды.Шығармашылық қабілеттері дамиды.Тыңдай, сөйлей білу дағдылары дамиды.
Ұйымдастыру кезеңі:

Жағымды ахуал қалыптастыру:

3 мин

Сәрсенбінің сәтінде

Сабағымыз сәтті өтсін!

Күнделікті алар бағамыз

Тек қана үздік болсын!

Еңбегіміз еленіп,

ата-анамыз қуансын!

Оқушылар шеңберге жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын тексеру

10 мин

«Жұмыстың жылуы»3-4 оқушыдан тізбектей отырып жатқа сұрау.

Сипаттаңыз: Өлең не туралы, жатқа айту,өз сөзіңмен мазмұнда

Зерттеңіз: Біздің өмір сүруіміз үшін жұмыс жасау не үшін қажет?

Талдаңыз: Өлең идеясы не, тақырыбы қандай?Ұйқасына назар аудар.

Қолданыңыз:

От жақпай-ақ терледің!

Жылуы бұл жұмыстың,

Қызуы ғой бұл істің!-деген осы өлең жолдарын пайдаланып өз ойыңды айт.

Дәлелдеңіз:

Ата-бабамыз еңбек туралы не деді?

Салыстырыңыз: Еңбек еткен адам мен еңбек етпеген адамның айырмашылығы бар ма?

Кубизм әдісін қолдану арқылы сұрау
Қызығушылықты ояту Видео роликтен «Қысқы көрініс» тамашалау

Қыстағы қызықтарды еске түсірейік…

Қысқы ойындар …

Қысқы мейрамдар…

Қысқы еңбек түрлері…

Қыс туралы өткен шығармаларымыз…

Алдағы өтілетін сабақта қандай тақырыппен танысамыз деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Жаңа сабақ

5 мин

Б.Ысқақовтың «Қыста қызық жұмыс бар» өлеңімен танысамыз.

Б.Ысқақов кім? Слайдтан көрсету

Оқулықпен

жұмыс. 4 мин

Күннің жады мен тақырыпты дәптеріне жазу.

Өлеңді іштей оқимыз.

Сергіту сәті. 1мин Әли мен Айяның «Аққала » әні Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық
Мағынаны тану

10 минут

1. Ақ қалпақ . Мәтінді оқып,мазмұны туралы мағлұмат береді.

2. Қызыл қалпақ. Қыс қызығы туралы айтады.

3. Қара қалпақ . Адамға ,жан-жануарға қыстың кері әсерін айтады.

4. Сары қалпақ. Қыс мезгілінің жақсы жақтары туралы айт.

5.Жасыл қалпақ . Жаңа идея,ұсыныс айтады.

6. Көк қалпақ. Сабақты қорытындылау

Өз білімін молайту, жаңа білімді меңгеру, оқу, жазу, сызу, бояу, сұрақ қою, жауап беру, іздену, тұжырым жасау
Дәптермен, тақтамен жұмыс

5 минут

Б.Соқпақбаевтың «Шынықсын денеміз» өлеңімен Б.Ысқақовтың «Қыста қызық жұмыс бар» өлеңін салыстыру
Б.Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар. Б.Соқпақбаев.Шынықсын денеміз.
.
Сабақ қорытындылау
Кері байланыс

2 мин

Бүгінгі өткен сабақ туралы пікірлерін жазу Стикерлерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Бағалау. 3 мин Формативті,сумативті Жапсырылған смайликтер
Үйге тапсырма

2 мин

1.Өлеңді жаттау

2.Шағын әңгіме жазу

Күнделіктеріне жазып алады.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s