Семинар материалы. Тақырыбы: «Мәңгілік елдің – бақытты ұрпағымыз» Шағын көрініс


28.12.2016 жыл. Шетпе гимназиясы ММ


Тақырыбы:
«Мәңгілік елдің – бақытты ұрпағымыз» Шағын көрініс

1 акт.

Интерактивті тақтада 1991 жыл

Жас отбасы

Әкесі: Балаларым, келіңдер, отбасымыз, еліміз үшін қуанышты күн. Ата — а-бабаларымыз аңсаған егемен ел болдық.

Баласы: Әке, егемен деген не? Қалай тәуелсіз ел болдық?

Әкесі: Сен өскенде бәрін түсінесің. Қазіргі айтарым біз ешкімге тәуелсіз мемлекет болдық. Енді өмірімізде өзгерістер болады. Бізде байлық көп. Соның бәрін игере отырып бай-байқуат ел боламыз.

Шешесі: Әйтеуір, еліміз тыныш болсын! Енді 10-15-25 жылда елімізде адам айтса нанғысыз тамаша өзгерістер болатын шығар.

Баласы: Алақай, мен тәуелсіз елдің ұрпағымын. Әке, мен енді балабақшаға барамын ба?

Әкесі: Әрине, балам. Балабақша да, мектепте болады. Енді, сен не қаласаң сол болады.

Шешесі: Тәуба, Тәуба. Онда не отырыс, балалар ән айтып, билеп, осы күнді атап өтейік.

Әкесі: Дұрыс айтасың, апасы. Қызым, Фарида бір күй тартшы. (күй кеңес).

Ақнұр қызым, ән сал. (қайырмасына бәрі қосылады).

Сахна жабылады.

2 акт

Сол отбасы 25 жылдан соң. Тақтада Астана.

Әкесі: Ия, өткен күнде белгі жоқ, 25 жыл уақыт өтті, Бала өсіп, немере сүйіп ата-әже болдық.

Бүгін әрбәр қазақстандық үшін қастерлі мереке, тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл.

Баласы: (үлкен азамат) Әке-анашым мынадай айтулы мерекеде үйде отырғандарыңыз қалай?

Әкесі: Иә,балам, уақыт ешкімге бағынбайды. Сен үлкен азамат болдың. Болашақ бағдарламасымен оқып келіп, үлен фирманы басқарып отырсың.

Шешесі: Құлыным менің. Кеше немерелеріммен Астана қаласына қыдырып қайтқанда, бәйтеректен бастап небір керемет жерлерді көргенде, немерелерімнің қуанышында шек болмады.

Бұл күнге жету үшін не көрмеді, қазағым!

Әкесі: Бақыт деген осы шығар. Білімді ұрпақ өсіп келеді. Менің балапандарым 3 тілде сөйлейтін болды.

Мөлдір қазақша

Ақнұр орысша

Ілияс ағылшынша

Баласы: Әй, бәрекелді (қол соғады)

Егемен деген не? Тәуелсіз ел қандай болады деген сұрағыма өскенде бәрін түсінесің деп едіңіз. Мен бұны түсіндім және көрдім. Бай-қуатты ел болдық 50 елдің қатарына еніп, әлем мойындады. Жаңартылған бағдарламамен оқып, немерелеріңіз 3 тілде еркін сөйлеп отыр. ЕХРО-2017 көрмесіне де аз ғана уақыт қалды. Осындай еліміздің тұғыры берік боп қалыптасуына мына ұрпақтарыңыз аянбай қызмет етеді деп, Мағжан атамыз айтқандай біз жастарға, кейінгі ұрпаққа сенеміз!

Інжу өлең айтады

Шешесі: Иә, жаратқан Ұрпағымның қуанышы ұзағынан болсын! Мәңгілік елдің бақытты ұрпағы болып, өсіп өніп өркендей берсін!

(Үнсіз құттықтау,құшақтау)

Ғалия апай

Тәуелсіздік – әрбір қазақстандық үшін қастерлі мереке. Қазақстан Республикасы ширек ғасыр бұрын ғана өз тәуелсіздігін жариялап, бүгінде әлемді мойындатқан қуатты мемлекетке айналып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік алған сәттен бастап көптеген қоғамдық – саяси, экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Соның арқасында Қазақстан Республикасының қарқынды дамуы – тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Мәңгілік елдің ұрпақтары, осы бірлікті, елдікті сақтау сендердің қолдарыңда. Ел бірлігі сақталсын. Мереке құтты болсын!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s