Жаңа сабақтар

Табиғат –біздің досымыз


С

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылы
«Е.Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
тәрбиеші Кулжанбекова Гульсим Есентаевна

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: «Табиғат –біздің досымыз»
Мақсаты: . Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге , табиғат байлығын ,сұлулығын сезіне білуге үйрету . Балаларды табиғатты аялауға баулу , экологиялық тәрбие беру.
Білімділігі: Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы табиғат жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, әр мезгілдің ерекшелігін байқату, табиғатты қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал — мәтелді, жұмбақ болжамдарды, ізденгіш –эксперементтік әдісті пайдалана білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.
3. Тәрбиелік: отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң — құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Табиғатқа байланысты суреттер, жылдың төрт мезгілі.презентациясы,түрлі-түсті пішіндер,сюжеттік сурет , сандық қақпа , тоты құс , балықтар, су, топырақ, құм, құмшкер, ұя, ағаш, жұмыртқа.
Әдіс-тәсілдер: Ғажайып сәт , тосын сый ,дидакикалық ойындар, сұрақ-жауап, түсіндіру,оқу , ізденгіш эксперементтік әрекет, әңгімелеу.

Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы күш. І.Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі Амандасу

Балалар, «Амандасу — адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық. Күннің көзі ашылды.

Көкке шуақ шашылды

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал,кәнекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме,

Құрметті қонақтар Слайд көрсету.4 жыл мегілі туралы Слайд бойынша Сұрақ қою

-Қазір жылдың қай мезгілі? -Кімге қай мезгіл ұнайды? Несімен ұнайды? Жарайсыңдар балалар .

Балалар тәриешінің көмегімен өлең жолдарын бірге қайталап , қимылмен көрсетеді.

Күз мезгілі Төрт мезгіл ,олар Күз, Қыс,Көктем, Жаз Жапырақтар сарғайады Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауады, күн салқындайды

ІІ.Негізгі бөлім

Бүгін балалар ұйымдастырылған оқу іс әрекетіндегі тақырыбымыз « Табиғат- біздің досымыз».
Табиғат ана жер жүзіне жылуын,мейірімін сыйлап тұр емеспе?Сондықтан ешқашан жамандық жасама,жақсылық қана ойла.Барлығы саған жақсылық жасауға дос болуға ұмтылады.
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.Жұмбақ шешімін таба отырып,түрлі-түсті пішіндер арқылы сюжеттік сурет құрастырамыз. Егер тапсақ бізге берілген « сиқырлы қақпалар» ашылады.
Жұмбақ:
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

Тауда өсер ,таста өсер,
Көктем менен жазда өсер.
Қыста өшер.
Күз суретін құрастырып шығады.
Мінекей балалар «табиғат ана»ризашылығын білдіріп,бізге қола қақпада ашылды.Келесі қақпаны ашу үшін .Бізге сұрақ-жауап берілген.Жауап берсек «күміс қақпа»ашылады.
Балалар табиғат екі түрге бөлінеді.
Өлі табиғат және тірі табиғат .
-Осы топ ішіндегі өлі табиғат және тірі табиғатты атап шығыңдар?
-Тірі табиғатқа жаны бар заттар жатады.
-Өлі табиғатқа жаны жоқ заттар жатады.
-Біздің топтағы тірі табиғатты атаңдаршы?
-Ал,өлі табиғат ше?
Мінекей балалар «күміс қақпа»ашылуда.

Ізденгіш эксперементтік әрекет:
-Балалар қараңдаршы «күміс қақпа» ішінде өлі табиғат берілген.Енді өлі табиғатқа тәжірибе жасап көрейік.
Бүгін судың қандай қасиеттері бар екенін білеміз.Алдарыңдағы суды ішіп көріңдер.
-Судың дәмі бар ма?
-Иісі бар ма?
-Түсі бар ма?
Енді стакандағы суға қант түйіршігін салып араластырыңдар.
-Қант қандай күйге енеді?
Келесі стаканға құм салып көрейік.
-Құм ериді ме?
Ғажайып сәт: Жапырағы түскен ағаш келді.
Сендер маған көмектесіңдерші.Күз болса келді менің жапырақтарым түсіп калтырап тоңып тұрмын.
-балалар біз ағашқа көмектесейік

Ағаш: Рахмет сендерге балалар
Мінекей балалар табиғат ерекшеліктері.Табиғат ана бізге ризашылығын білдіріп, «алтын қақпаны»ашты.Балалар алтын қақпа ішінде «алтын сандық». « Алтын сандық» ашпас бұрын бойымызды сергітіп алайық. Оның үстіне тәжірибе жасапта,шаршадық
Сергіту:

Өзен болып гурілдейміз
Теңіз болып то қимызып
Бұлақ болып бұрқылдаймыз
Ешқашанда сарқылмаймыз

Қостілділік компаненті:Табиғат-природа
-міне ғажап алтын садық ашылды. Алтын сандық ішінде табиғаттың балаларға арналған Тосын сыйы таттілері бар екен.

«Күн»

Шөп»

тоты құс,балықтар.

Ауа,алдымыздағы су,топырақ.

-Жоқ.

Жоқ

-Мөлдір.

-Қант суда ериді.

-Құм стакан түбінде шөгіп қалады,ерімейді.

Балалар ағашқа жапырақ жапсырады

Сергіту қимылдарын қайталайды

Балалар қайталайды

Балалар қуанып ,рахмет айтады.

ІІІ Қорытынды бөлім.Ойын: Барлығымыз шеңбер бойынша бір –біріміздің артымыздан тұрамыз Мен ауа райын болжаймын , ал сендер бір –бірлеріңе массаж жасайсыңдар Мысалы: Семей қаласында күн ашық ( арқаларын сипау) .Астана қаласында күн бұлтты , аздаған жаңбыр жауады ( бір саусақпен ақырындап тырсылдатады) Алматы қаласында күн бұлтты , нөсер жаууы ықтимал ( бес саусақпен қаттырақ тарсылдатады)
— табиғата қандай жақсылық жасай аласыңдар ?
Балалар табиғаттың бізге қандай пайдасы бар?Балаларды мақтап мадақтау.Қоштасу шеңбер
-Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

— гүлдерге су құю , құстарға үйшік жасау , ағаштарды сындырмау. —күн жылуын береді , жер бізге нан береді т.с.:

бәріміз дос бауырмыз
Ажырамас іргеміз,
Қиындыққа мойымай
Сау болыңыз дейміз біз!

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Табиғатқа қамқор болуды. Меңгерді: Табиға пен адам арасындғы байланысты Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуді Істей білу керек: Ізденгіш эксперементтік әрекетті түсініп істей білу керек

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАНЫМ» ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ

Мақсаты :
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың»Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
«Күншуақ» тобы мен «Балауса» топтарының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Әнұран айтылады.
Сәлемдесу рәсімі

Тәрбиеші сөзі:
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.
Тәрбиеші сөзі:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Тәрбиеші сөзі:
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
Тәрбиеші сөзі:
-Енді бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «Күш сынасу»
Тәрбиеші: біздің балаларымыз «қара жорға» биін билеп берсін.
Би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру

«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
Ел ішінде өсетін
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім — деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін.
Олай болса балалар, «Отан» әнін бірге тамашалайық
Ән: «Отан»
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s