Жаңа сабақтар

Торғай мен мысық


Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылы
«Е.Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
тәрбиеші Турысбекова Балжан Менкеновна

Ұйымдастырылған ашық оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»,

Бөлімдер: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Торғай мен мысық» ( өлең )

Мақсаты :Сөздік қорын, тілін, сөйлеу мәнерін дамыту. Балалардың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттырыу . Дамытушылық: Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып тақпақты тез әрі оңай жаттау.Ой—өріс,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: балалардың эстетикалық адамгершілік сезімдеріне ықпал ету, өзіне сын көзбен қарауға тәрбиелеу;табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әдемілік пен әсемдікті сезінуге тәрбиелеу .Қолданылатын көрнекі құралдар : суреттер, доп, хрестоматия.Биллингвизм: Торғай- воробей-vorobey мысық-sparrow кошка- cat

Оқу іс- әрекеттерінің кезеңдері Педагогтің іс- әрекеті Балалардың

іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу рәсімі.

Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!

Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тосын сый қоннаққа Нұрай қуыршақ келеді.Сәлеметсіңдер ме? Кел отыр сен де бізбен бірге тақпақ тыңдап жатта. — Қане балалар, бүгінгі жаңа сабаққа кірісейік. Бүгін біз әр түрлі тәсілдер арқылы тақпақ жаттайтын боламыз.Бүгінгі жаттайтын тақпағымыздың аты: «Торғай мен мысық» Жем шоқыған торғайға

Көзі бірден түсіп,

Деп:

«Бұл әдемі ас болмай ма?»

Қадам басты мысық.

Бір ,Екі , Үш …

— Торғай,Торғай,ұш!

1 – тәсіл «Суретке қарап айт» деп аталады.Суретті көрсете отырып, жаттайтын тақпағымыздың жоладарын табуға болатынын айтып, түсіндіреді. Жем шоқыған торғайға(жем шоқып тұрған торғай суреті)

Көзі бірден түсіп,

Деп:

«Бұл әдемі ас болмай ма?» (Қадам басты мысық. (мысықтың суреті)

Бір ,Екі , Үш …

Торғай,Торғай,ұш! (ұшып бара жатқан торғай суреті)

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Қолды белге қояйық Бір отырып ,бір тұрып Орнымызды табайық

Биллингвизм: Торғай- воробей-vorobey мысық-кошка- cat2 – тәсіл. «Доп лақтырып айт»Мұнда да екі бала шығып тақпақтың жолдарын бір – біріне доп лақтыру арқылы кезек пе кезек айтуы керек.

1 – ші бала:

Жем шоқыған торғайға 2 – ші бала: Көзі бірден түсіп,

Деп:

«Бұл әдемі ас болмай ма?» . 1 – ші бала: Қадам басты мысық. Бір ,Екі , Үш … 2 – ші бала: Торғай,Торғай,ұш! Міне, балалар біз«Торғай мен мысық» тақпағын әр түрлі тәсілдердің көмегімен жаттап алған сияқтымыз. Қане қайсыларын суретке қарамай тақпақты мәнерлеп, әдемі, көңілді айтып бере алады?Нұрай қуыршақ та балаларға риза болып,ол да тақпақты жаттап алғанына риза боп достарыма айтып келейін деп қуана қуана балалармен қоштасып кетеді.

Сәлеметсіз бе Нұрай қуыршақ

Мұқият тыңдайды

Балалар сергіту сәтінің қимылдарын көрсетіп жасайды.

Балалар үш тілде қайталайды

Допты бір – бірне лақтырып айтады.

Рефлексиялық-түзетушілік Ойын: «Мысық пен торғайлар»
Кәне балалар (торғайлар) ұшып келіңдер.
Торғайлар жем жеңдер. Кәне кім қалай жейді?
Торғайлар сендер тез ұшыңдар, мысық ұйықтап жатыр, қазір мысық оянып кетіп, ұстап алады – дегенде мысық:
-Мяу – мяу деп оянады, торғайлар көріп құлағы тікірейеді.
Торғайлар алысқа ұшыңдар, мысық оянады. (мысық мяу деп торғайларды қуады,бірақ торғайлар ұстатпай ұяларына кіреді)
Балалар сендер бәріңде жақсы ойнадыңдар.

Балалар мен сендерге тосын сыйым бар.сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар «5» саусақ сыйға тартам онда келісемін,шештім,ойландым,сезіндім,

Білдім деген сөздер жазылған оны бүгінгі оқу іс-әрекетінде орындадыңдар.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Балалар мақтау мадақтау алып риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:, сөздік қорын, тілін, сөйлеу мәнерінін дағдыларын;Игереді: өлең, ойын арқылы жақсы қасиеттерді;Меңгереді: тапсырмаларды орындауды, тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруін;.

Күннің шуақтары

( 8-наурыз мерекесінің ертеңгілігі)

Үлкендер: жүргізуші, күн

Балалар: қоян –ересек тобы , түлкі, аю, қуыршақ.

Балалар музыка ырғағымен залға кіреді. Зал көктемгі орман бейнесінде безендіріледі.

Жүргізуші: Балалар бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 — наурыз аналар мерекесі, далада көктем айы. Күн шуағы бізге бүгін өзінің нұрын, сәулесін төгіп тұр. Бүгін шуақты күн. Құрметті ата аналар бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, сіздерге арналған кішкентай бүлдіршіндеріңіздің лебіздерін тыңдаңыздар. Тақпақтар

Ән:

Балалар орындарына отырады.

Музыка ырғағымен залға Күн кіреді.

Күн: Сәлеметсіңдер ме балалар,

Армысың Жер ана

Армысың көгілдір аспан

Армысың шұғылалы күн

Армысың нұрлы көктем

Балалар бірге қайталайды.

Балалар орындарына отырады.

Күн: Балалар мынау менің әдемі түрлі түсті шуақтарым.

Жүргізуші: Біздің қыздарымыз әдемі би билей алады.

Күн: Қане келе қойыңыздар кішкентай бишілер

Би: Күннің шуақтары

Балалар орындарына отырады

Күн: Бұл жай шуақтар емес бұл ғажайып шуақтар. Балалар мына шуақтың түсі қандай?

Балалар: Жасыл

Күн: Дұрыс айтасыңдар. Мына жасыл түсті шуағым қазір бізге жол көрсетеді (қызыл түсті шуағын қоянның үйіне қарай көтеріп көрсетеді)

Балалар менің әдемі шуағым өте ақылды, ол бізді қорқақ қоянның үйіне әкелді.

Жүргізуші: Есік қағып көрейік, қоян үйде ме екен?

Қоян: Ал сендер кімсіңдер?

Балалар:Қоян,қоян тұршы

Беті қолың жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ал енді бізді қушы

Қоян үйінен шығып, балаларды қуады.

Жүргізуші: Қоян сен бізден қорықпа, бүгін аналардың мерекесі. Сен оларды мерекесімен құттықтауды ұмытқан жоқсың ба?

Қоян: Жоқ мен оларға сәбіз силаймын.

Жүргізуші: Қоян балалр сенімен ойын ойнағысы келеді, бізбен бірге ойын ойна. Баллалар жарты шеңберге тұрады. Сәбіз ойыны екі рет ойналады.

Қоян: Балалар сәбіз ойынын ойнайды.

Қоян себет толы сәбіз алып келеді.

Қоян: мынау сәбіз менің ата аналарғ, сендерге силығым

болсын. Бұл өте пайдалы жеміс құрамында дәрумендері көп, осы сәбізді жесеңдер мықты да күшті боласыңдар ауырмайсыңдар, топқа барғанда барлығың жеңдер деп сәбізді жүргізушіге береді. Балалар сау болыңдар түлкі келмей тұрғанда мен қашып кетейін деп кетіп қалады

Күн: Балалар мына шуақтың түсі қандай?

Балалар: Сары

Күн: Дұрыс айтасыңдар (Сары шуақты көтеріп) былай дейді: балалар мына шуақ жай шуақ емес, бұл алтын шуақ, бұл біздің тағы біреудің үйіне апарады. (Бұл жерде үй тұрады. Төсекте аю ұйықтап жатады)

Күн: Әй, маймақ аю, тұр қане ұйқыдан

Көктем келді, күн жылынды,

Қуанышты мерекелер әкелді,

Балалар аналар мерекесін тойлап жатыр.

Аю: Жоқ тұрғым келмейді, мен тағы ұйықтағым келіп тұр.

«Аюды ояту» ойыны

Жүргізуші: Қане балалар аюды оятайық, ақырын қасына жақындап, аяғымызбен топ топ жасайық. Бір екі рет қайталанады.

Күн: балалр қане аюдың көңілін көтеріп, «Көктем келді» әнін айтып берейік.

Аю: Балалар сендерге рахмет мен көктем келгенін білмей қалыппын қатты ұйықтап қалыппын, оятқандарыңа рахмет, мынау менің сендерге берген силығым болсын, бұл денсаулыққа өте пайдалы мұны жеген адам ешқашан ауырмайды. (аю банкіге салынған бал береді) мен қалған достарымды оятып келейін деп шығып кетеді.

Күн: балалар мынау қандай түс?

Балалар: қызыл

Күн: Дұрыс айтасыңдар. Қызыл түс деп шуағын есік жаққа қарай көтереді

Жүргізуші: ол бізге қонаққа кімді алып келді

Балалар: қуыршақты

есіктен қызыл киім киген қуыршақ кіріп келеді.

Күн: сәлеметсің бе, қуыршақ?

Қуыршақ: сәлеметсіздер ме, құрметті аналар, кішкентай бүлдіршіндер?! Мерекелеріңіз құтты болсын! Аналар мерекесіне мен әдемі болып киініп келдім. Араларыңда мен сияқты қуыршақтар бар ма? Менімен бірге қуыршақтар биін билесін.

Би: Қуыршақтар

Түлкі: Сендер қоянды көрдіңдер ме? Неге жиналып отырсыңдар? Мына жерде мен сияқты апалар да бар екен ғой. Әлгі қоянды таба алмай жүрмін. Қартайдым кәрілік білмеймін?

Күн: Сіз мұңаймаңыз біздің балалар сіздер туралы ән біледі. Апалардың құрметіне сол әнді айтып берсін.

Ән: «Мен апамды жақсы көремін»

Түлкі: рахмет, балалар мені ұмытпапсыңдар, көңілім көтеріліп қалды. Менің де сендерге әкелегн силығым бар, мына бауырсақты жалғыз жей бермей бөлісіп жейік деп, бауырсақты жүргізушінің қолына береді. Топқа апарып бөліп жеңдер. Сау болыңдар балалар мен қайтайын.

(Бұл кезде күн шығып кетеді, жүргізуші күнді іздейді.) сол кезде жүргізуші балалардың назарын төбеде ілулі тұрған күнге аударады.

Балалар күн бізбен жақсы көңіл көтерді, енді оған өзінің орнына қайтатын уақыты болды. Сондықтан ол аспанға кетті. Ол бізді және бүкіл жер бетін жылытып тұрады.

Ән:

Осымен біздң ертеңгілігіміз аяқталды.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s