Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАУ


Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназия басшысы Тамара Меңдібаева

Аса құрметті Тамара ханым! Сізді жылдың алғашқы күнімен қатарласа келген 1-қаңтардағы туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз. 

Сіз, көп жылдан бері білім саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі жансыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында.

Сіз бүгінде қасиетті қаламыз Түркістандағы беделді білім ордасы саналатын Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясын шебер түрде басқарып келесіз. Мектеп ұжымы Сізді ақылман басшы, іскер тұлға, жарқын бастамалардың бірден-бір қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Ұжымдағы әрбір ұстаз Сізді үлкенге ілтипатты, кішіге қамқор жан, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азаматша, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз. Абырой-беделіңіз бен табыс — тартуларыңыз арта берсін!

Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Тілек білдіруші: Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы ұжымы

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s