Жаңа сабақтар

Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз.Матема тика.1 сынып.


Батыс Қазақстан облысы,Тасқала ауданы

Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Ахметкалиева Серикканым Темиржановна

Сабақ тақырыбы: Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз Мектеп:
Күні : Мұғалімнің есімі:
Сынып: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.2.2 қосу және азайту — өзара кері амалдар екенін түсіну, қосу және азайту амалдары компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты анықтау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:

ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындайды;

Оқушылардың басым бөлігі:20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

Кейбір оқушылар:100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды.

Ресурстар: 1-ден 100-ге дейінгі сандардың көрнекі кестесі;

ламинатталған парақтар;маркерлер.

Тірек сөздер Дөңгелек сандарды қосамыз және азайтамыз
Сабақтың мақсаты: Дөңгелек сандарды ондықтан аттамай қосу және азайтудың ауызша есептеу тәсіліне үйрету.
Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабаққа қатысты деректі материалдар

Бұл сабақта оқушылар бір таңбалы сандарды қосу мен азайту дағдысын қолданып, 100-ге дейінгі дөңгелек сандарды қосып және азайтып үйренеді.

Дөңгелек сандарды қосу немесе азайту үшін ондықтарды қосып немесе азайтып, оң жаққа нөл жазу керек.

Сабаққа 1-ден 100-ге дейінгі сандар кестесін дайындаңыз. Оны тақтаға орналастырыңыз. Интерактивті тақтаны пайдалануға болады. Сабақты 100-ге дейінгі сандарды ондықтар арқылы тура және кері ретпен санаудан бастаңыз. Дөңгелек сандардың атауын еске түсіріңіз. Ол сандарды тақтаға жазыңыз. Бір таңбалы сандарды қосу және азайту стратегиясын пайдаланып, ондықтармен қосу және азайтудың тиімділігін зерттеуге уақыт бөліңіз. Оқушылардан мысалдарды қарап, олардың ұқсастығын және айырмашылығын айтуды сұраңыз: 2 + 3,

20 + 30; 9 – 5, 90 – 50.

Оқушыларға өз ойын айтуға мүмкіндік бері-ңіз. Дөңгелек сандармен жұмыс ондық сандарды білдіретін бір таңбалы сандармен жұмысқа ұқсас орындалады, бірақ соңында 0 қосылады деп қорытынды жасатыңыз.

Дөңгелек сандармен іс-әрекеттердің ережесін құрастыртыңыз: дөңгелек сандарды қосу және азайту үшін ондық сандарды қосып азайту керек және оң жақтан 0 цифрын қосып жазу керек.

Кіріспе тапсырма. Жұмысты жұппен орындауды ұйымдастырыңыз. Оқушыларға дөңгелек сандарды қосып, азайтуға бір-біріне мысалдар ойлап табуды ұсыныңыз. Зерттеу барысында жұппен жұмыс істеу оқу материалын толық меңгермеген оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Осы амалды қолдану қиынға соққан оқушыларға көмек көрсетіңіз.

Тәтті тоқаштар. Оқушыларға иллюстрацияға қарап, кондитердің қанша тоқаш пісіргенін анықтауды ұсыныңыз. Оқушылардың қалай әрекет ететінін сұраңыз. Оларды бір-бірлеп санаудың көп уақытты талап ететіні туралы қорытындыға алып келіңіз. Қосу арқылы тоқаштардың жалпы санын білуді ұсыны-ңыз. Оқушыларға сандардың ондық құрамын және “ондық” сөздерін жазудағы шартты қысқартуларды қайталатыңыз.

Есептеп шығару үшін сандағы ондықтардың санын қосып, қасына нөл жазу сияқты меңгерілген әдісті пайдалануды ұсыныңыз.

Жауабы:3 онд. + 4 онд. = 7 онд.

30 + 40 = 70.

7 онд. – 5 онд. = 2 онд.

70 – 50 = 20.

Есептеп шығар. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Олар торсықтың артында қандай сан жасырынып тұрғанын есептеп табады. Оқушылардан сұраңыз: “Қай амалдың компоненті белгісіз?”. Есептеу барысында оқушылар бірдей дөңгелек санды алу үшін 10-ды қосып немесе 10-ды азайтып алуға болатыны туралы қорытындыға келеді. Ең маңыздысы, тапсырманы орындау барысында алғашқы сөрелік нүктені анықтай алу болып табылады. Олар бұл үшін 1-ден 100-ге дейінгі демонстрациялық кестені пайдалана алады.

Жауабы: а) 30; ә) 90; б) 60; в) 0.

Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Олар жолдың ұзындығын дөңгелек сандарды қосу арқылы таба алады. Оқушыларды жұптастырып, өзара тексертіңіз.Жауабы:70.

Ойлан. Оқушыларға “ойдағы санмен” сұрақ-жауап ұсыныңыз. Оқушыларды тыңдап алыңыз және жауабын табу үшін олардың жасаған әдістерін талқылаңыз. Жұптарға осыған ұқсас тапсырмалар ойлап табуды ұсыныңыз. Оқушылардың құрастырған жұмбақтарының бірнешеуін сынып болып шешіңіз.Жауабы: мен 30 санын жасырдым.

Шығарып көр. Oқушылардың назарын есепті ашық әдісті пайдаланып шешу керектігіне аударыңыз. Оқушыларға бір таңбалы сандармен әрекетті орындай келе, бірінші ондықтарды қосып, оның санын анықтауға мүмкіндік беріңіз де. Одан кейін бірліктермен де тапсырманы солай орындатыңыз. Жауапты дөңгелек санмен беріңіз.

Жауабы: 30 бала.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Қосымша тапсырмалар
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). Құлыптың кілтін тап. Оқушылар тапсырманы орындағанда, астында мысалдар жазылған есіктер-ді осы мысалдың дұрыс жауабы жазылған кілтпен сызықтар арқылы сәйкестендеріп қосады.

Жауабы:60 + 10 = 70;

50 – 10 = 40;

70 + 10 = 80;

40 – 10 = 30.

Білім сандығы. Оқушылар кестедегі бос орын-дарды толтыру арқылы өзара байланысты санды өрнектер (мысалдар) алады. Дифференциация үшін үшінші сандықтағы тапсырманы алуыңызға болады. Оқушылар өз бетінше дөңгелек сандарды таңдап алып, тапсырманы орындаудың өз нұсқасын алуына болады.

Бағалау Оқушылар сабақтың соңында:

Разряд арқылы 100-ге дейін аттамай қосу және азайтуды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Егер біз 3 + 5-тің қанша болатынын білсек, онда 30 + 50 туралы не айтуға болады?

— Асан фотоаппартымен табиғаттың 50 суретін және аңдардың 20 суретін түсірді. Асан барлығы неше сурет түсірді?

— Қосу нәтижесі 80-ге тең. Қандай дөңгелек сандарды қостық?

— 90-нан 30-ды азайт. Қандай сан шықты? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s