Жаңа сабақтар

«Көктем сәні» ертегісі


Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

«№5 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Қарамурзиева Анар Жеткизгеновна

Сабақтың тақырыбы: «Көктем сәні» ертегісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ертегіні оқи отырып,табиғаттың, аң- құстардың тыныс тіршілігімен, түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық:Жыл мезгілдері туралы түсінік,табиғат құбылыстарының ерекшеліктері,олардың бір бірімен байланысты екенін аңғарту.

Тәрбиешілік:Оқушылардың сөздік қорын молайту,түсініктерін айта білуге,табиғатқа деген сүйіспеншілігін,қызығушылығын,табиғатты қамқорлауға,қорғауға баулу.

Сабақтың түрі:Топтық және жұптық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:Интербелсенді тақта,табиғат, жан жануарлардың суреттері.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқущылардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау

3 топқа берілген тапсырмалар.

1 топ «Жазғытұрым» өлеңінің авторы Іляс Жансүгіров туралы деректер жинастыру.

2 топ «Жазғытұрым» өлеңін жатқа айту.Ортадағы қаламсап әдісі

3 топ «Көктем» туралы 5 жолды өлең.

III. Жаңа сабақ

Көктем сәні

Психологиялық дайындық

Жер ана саған мың

Бар байлығын беріп тұрған

Шуақты күн мың алғыс

Жан жылуын төгіп тұрған.

Сабақты басталмас бұрын құстардың сайраған әсем әуені,сарқыраған өзен,ұйқыдан оянған жан- жануарлардың дауысын құлаққа естірту.

Мұғалімнің сөзі

üМұндай дыбыстарды біз жылдың қай мезгілінде естиміз, көреміз?

üКөктем

üКөктемде табиғатта, адамдардың, жануарлардың,құстардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

üКөктем айларын білесіз бе?

üНаурыз,сәуір,мамыр

üКөктемде қандай мерекелер болады?

ü 8 Наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесі,22- наурыз Ұлыстың ұлы күні.

üОлай болса, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз

«Көктем сәні» ертегісімен танысамыз.

IV. Оқулықпен жұмыс

Ертегі дегеніміз халық ауыз әдебиетінің бір түрі, көркемделген проза.

Топтастыру әдісі

Ертегі

Жан- жануарлар туралы ертегілер Шыншыл ертегілер

Қиял- ғажайып ертегілер

1. Ертегінің мазмұнын интербелсенді тақта арқылы түсіндіру

2. «Көктем сәні» ертегісі туралы 3 топқа тапсырма беру

1. Топ Ертегіні рөлге бөліп оқу

2. Топ Ертегіні сахналау

3. Топ Өзіңе ұнаған аңның суретін салу

V. Сергіту сәті

VI. 3 топқа тапсырма беру

Топтастыру әдісі арқылы

Өзің осы гүлді тағы қандай гүлшоғымен толықтырар едің?

Талдату.

Көктем сәні

VI.Топқа жұмбақ жасыру,жауабын көктеммен байланыстыру.

1 топ.Құс туралы

Бір ақ сөз біледі,өз аты онысы

Соны айтып жүреді және жоқ қонысы Көкек.

2 топ .Жануарлар туралы.

Жауымнан мен қашқанда

Ағаштарға самғап бағам

Ал қарыным ашқанда

Отырып ап жаңғақ шағам Тиін

3 топ .Жәндік туралы.

Қиналып көтеріп,өзіңнен ауырды.

Жорғалап кетедң,жүкшідей кәдімгі. Құмырсқа.

VII.Сабақты қорытындылау

Кері рефлекс

Әрбір аңдардың жауабын жазу,аңдардың суреттерін ілу.

VIII.Үйге тапсырма беру.

1. «Көктем сәні» ертегісін рөлге бөліп оқу.

2. Көктем тақырыбына сурет салу.

IX. Бағалау.

Бағдаршам арқылы топ басшысы бағалайды.

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s