Жаңа сабақтар

Елін сүйген ер тұлғамен біргеміз!


Түркістан қаласы, №9 Некрасов атындағы мектеп-гимназияның

қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі

Серикбаева Роза Семенханқызы

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды әлемдегі ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елін сүйген ер тұлға» атты мерекелік іс — шара Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда жоғары деңгейде өтті. Мектепте түрлі көрмелер болып,сурет салуда оқушылардың ұшқыр қиялынан туындаған әдемі суреттер,оқушының санасына тәрбие беретін тәрбие сағаттар мен ашық сабақтар өтті. Шешуші іс-шара мектептің акт залында көрсетілді.

Тарих пәні мұғалімдері ОмарА, Сыздыкова М, Ұ. Адилбекова мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері Менлибекова Ж, Берентаева А, Сыздыкова З, Г.Ахметова және музыка пәні мұғалімі А.Султанбекованың ұйымдастыруымен өтілген бұл шарада 9 «А» сынып оқушыларының «Таңбалы тас» атты қойылымдары театр қойылымдарындай жоғары деңгейде қойылса,өзге ұлт өкілдерінен құралған оқушылар тәуелсіздік жайлы қазақша өлең оқыды.

1-9 сынып аралығында қатысқан оқушыларды жоғары деңгейде дайындап шығаруда еңбек!Оқушылар елбасы туралы өлең оқығанда 1 «А»сынып оқушысы Келісбек Жансая таңқалдырды.Жансаядан еліміздің нағыз патриоты шығатынына көз жеткіздік.

Қазақстан картасынан түрлі ұлт өкілдері «Құт мекенім» атты композициясы еліміздің татулығын бір еске түсірсе, «Көк тудың желбірегені» әнімен шыққан Мырзахмет Досмырзаның әніне «25» композициясы сәтті шықты.

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай, — деп Елбасының ерен еңбегін асыратын сәтте «Ұлы астанам» әнімен Сыздыкова Ботакөз елді бір тамсандырды. 7 «А» сынып оқушылары С. Амангелді мен Н.Мәулен екеуінің орындауында «Қазағым-ау» әні елді патриоттық сезімде қалдырды. Сахнада бағдарлама өтіп отырғанда бағдарламаға сәйкес слайдтар мен бейнероликтер көрсетіліп отырды. Сонымен қатар «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді, Eлбасының нақыл сөздері бар бейнероликтер, «Музарт» тобының «Үш қоңыр» әні де көрерменге сәйкесінше көрсетіліп ел басының ер тұлғалық бейнесі ретінде таныттыра білді.

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын- дей отырып аты аталған ұстаздарға еңбектеріңіз жана берсін дегім келеді.

Роза мақала.docx

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s