Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілет інің даму ерекшеліктері


Алматы облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылы

« М.Әубәкіров атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

педагог- психолог

Байбатшанова Нұргүл Наксбекқызы

Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму ерекшеліктері

Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда ұйымдастырылған, саналы болады, бірақ кемшіліктер де кездеседі. Бастауыш сынып оқушыларында мағыналылыққа қарағанда көру-образдық естері жоғары дамыған. Олар нақтылы заттарды, түрлерді, фактілерді, түстерді, оқиғаларды естерінде жақсы сақтайды. Бұл бірінші сигнал жүйесінің басымдылығымен байланысты. Бастауыш сыныптарда көру-образды есте сақтауды дамыту үшін оқыту барысында нақтылы, фактілік материалдар көп беріледі. Бірақ бастауышсыныптағы балаларды орта буында оқытуға даярлау қажет, балалардың логикалық ойлауын дамыту керек. Орта буында оқушыларға анықтамаларды, дәлелдемелерді, түсініктемелерді есте сақтауларына тура келеді. Балаларды логикалық байланысқан мағыналарды есте сақтауға үйрете отырып мұғалім олардың ойлауының дамуына ықпалын тигізеді. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауының кемістіктеріне есте сақтау процесін дұрыс ұйымдастыра алмаушылық, есте сақтау үшін материалдарды бөлімдер немесе топтарға бөле алмаушылық, меңгеру үшін тірек пункіттерін айқындап көрсете білмеушілік, логикалық схемаларды қолдана алмаушылық жатады.

Мақала 1.doc

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s