Жаңа сабақтар

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»


Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы
Ұялы негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Боштаева Гульзира Төлепбергенқызы

Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9

Тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың мақсаты:Сезіммен өлең өрген жыр парағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру, поэманың тақырыбы мен идеясы композициясы туралы теориялық білім беру.

Білімділік- сезіммен өлең өрген жыр пырағы- Мұқағали туралы деректерді пайдалана отырып, поэманың идеясы мен тақырыбын, көркем бейне, поэтикалық тілі туралы білімдерін кеңейту және поэма мазмұнын ұғындыру.

Дамытушылық оқушылардың ой-өрісін, танымдық қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік Табиғат-ананы сақтай отырып, туған жерді қадірлеуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, елжандылыққа баулу. Ақын шығармаларын жатқа білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта, , Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу күйі», Слайд

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:ой шақыру, талдау, cұрақ-жауап, салыстыру, суреттеу, қорыту,т.б.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Пән аралық байланыс:қазақ тілі, музыка.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: (3-мин)

Сәлеметсіздер ме, балалар.

Дайынбыз ба сабаққа?

Әдебиет – сөз өнері,

Сай келейік талапқа.

Қымбатты, оқушылар, бүгінгі сабағымыз өзге сабақтардан өзгеше. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Ендеше ұстаздарымызбен амандасып алсақ.

Қонақтармен сәлемдесу.
Қонақ күту-салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз

Жақсы, қазір мына суреттердегі бұлттарға назар аударыңдар. Сендерге қай бұлт ұнайды?

1 бұлткөк түсті, жайбарақат қалыпта.

2 бұлт ашық көгілдір, көзі күлімсіреп тұр.

3 бұлт қара көк, ашулы.

Өздеріне ұнаған бұлтты көрсеткенде, балалар шапалақтайды (3 рет)

-Балалар, барлықтарыңның көңіл -күйлерін жақсы екен

II Үй тапсырмасын сұрау(5-мин)

Бар ма үйден дайындық,

Тапсырмаңыз дұрыс па?

Оқымасаң, уайым қып.

Тығылмаңыз қуысқа

Ойымызды айтайық.

Білімімізді байқайық.

Мына отырған ұстаздар,

Қалсын бір сәт марқайып.

Балалар 9-ақпан кімнің туған күні еді? Бүгінгі сабақта өздеріңмен өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы айтатын нәрсе көп. Бізге туған күніне орай келіп тұрған тақырып М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
Алдыңғы күні сабақта мазмұнымен таныстық
«Киностудия» ойыны.

Шарты: Оқушылар қорапшадан поэманың желісі бойынша алдын-ала салынған суреттердің біреуін таңдап алады. Сол суретке тақырып қоя отырып, сурет бойынша мазмұнынын айтады. (Берілетін суреттер поэманың үш бөлімі бойынша салынған).

Мұғалім:

Өте жақсы балалар, сендер биыл туғанына 85 жыл толғалы отырған ақиық ақын-Мұқағали аталарыңның ақындық құдіретіне бүгін тағы да көз жеткіздіңдер.

Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақынныңөз даусын тыңдасақ Видео өз дауысы(1-мин)

Мұғалім сөзі:Біз Мұқағали ақынды – поэзия патшасы десек, ендеше, поэзия патшалығына сапар шегіп көрейік. Міне, патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда. Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың сырына үңіліп көрейікші. (1-мин)

Ақын поэмасына арқау болған тақырып не?

III Аққу, қызыл кітап

Балалар, мына суретке көңіл бөлсек Аққу құсы туралы не білеміз қандай құстардың тобына жатады? Екі суреттің қандай байланысы бар?(қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққу,сыбырлақ аққу,кіші аққу)

Олай болса,құрметті оқушылар! Мұқағали ақын кейінгі ұрпаққа аманат етіп кеткен,өсиетін ескере отырып поэманы талдасақ.

-Поэма дегеніміз не? Оқушылар әдебиет теориясынан алған білімдерін ортаға салады.

IV Композициялық талдау(3-мин)
Оқиғаның басталуы:
Жетімкөлдің тамаша сұлу табиғаты.
Оқиғаның байланысуы: ауру бала мен ананың шарасыздығы.
Оқиғаның дамуы: Тәуіп шалдың айтқаны.
Оқиғаның шиеленісуі: ананың көлге келуі.
Оқиғаның шарықтау шегі: Ананың аққуды атуы.
Оқиғаның шешімі: бала өлімі

V «Өз жартыңды тап» ойыны.(5-мин)

Шарты: Бұл ойын жұптық әдіс бойынша бір-бірлерін тауып алуы тиіс. Яғни түстері біркелкі екі бірдей аққу бейнеленген қима қағаздарды оқушылар өздері ұнатқан түстерін таңдап алады. Мұғалімнің белгісі бойынша берілген уақыт ішінде тез жұптасулары тиіс. Берілген қима қағаздардың келесі жұбында сұрақтар жасырылады. Бұл сұрақтарға жұптасып отырған оқушылар жауап берулері тиіс.

Қима қағаздағы сұрақтар:

1. Аққу қандай құс?

2. Мұқағали шығармашылығының ерекшелігі неде?

3.Сұлу сөзінің синонимі?

4. Ақынның кез келген өлеңін жатқа айт

5. Білмеймін сор аттың ба, бақ аттың ба?

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?- деген жылқышы қарттың сөзінде қандай мән бар?

6. Поэмадағы жылқышы мен ананың диалогін тауып, кезектесіп оқу

1.Жалпы қазақ халқы наным-сенімге, ырымға сенетін халық. Сол себепті аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады, әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп. С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасы, Қорқыт бабаның, Ықыластың, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Б.Аюхановтың «Аққу» биі халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің дәлелі.

2.Ойы өзекті.

Бейнелі рух, сезім басым.

Қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады.

3.Әдемі, көркем

VI Көрініс. Мұқағали: Қазақтың қара өлеңі- құдыреттім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, — деген болатын. Қазір сондай жыры «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс тамашаласақ.

– Жетім көл суреті (күй ойналып тұрады)(5-мин)

Автор: Мұғалім
Бала жатыр төсекте, албыраған,
Әке жатыр еденде, қалжыраған.
Түн күзетіп ана отыр, қос жанары
Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.
Түні мынау — тамыздың маужыраған,
Тауың анау — шымылдық салбыраған.
Биік барып жаралған жер бетінен,
Сол байырғы «Жетім көл» келбетімен.
Айдынында аққулар ұйықтап жатыр,
Сайдан соққан самалмен тербетілген.
Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.
Қауіптеніп түндерге, таңдарға да,
Үн шығармай іш құса, зарлауда ана.
«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті…
-Аққуменен баланы аластаңдар,
Деді-дағы жәйімен жөнеп кетті…»
Ана -Тұрсаңшы,таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,
Ұмытылып кетті ме санатыңнан?
…Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз, ол да адамға бола туған.
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып,
Таң атқанша қалайда тауға ілік.
Біреулердің көзіне түсіп қалып,
Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!
Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт…

Әке (Өміржан)

-Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?!
Айдынның аққулары ұйықтағанда,
Өрген мал, өскен шырша абайлаған,
Барлығы қасиетке қарайлаған
Оқ атам қасиетке қалай ғана?..
Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!
Ана (Қаракөз)
— Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі’!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!
Атты ертте!
Жалған бәрі!Әкесі кетіп қалады

Ана
«Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,
Құлынымның қасынан неге кеткем?!
Ошақ қасы, от басы, көрмеппін ғой,
Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!»

(Ана аққу атады)
Ана отыр.

Ән: Аяулы екен дара аққудың қалғаны

Тебірентіп дала күйге салағны

Дүниеде жалғыз қалмау екен ғой

Аққулардың, аққулардың арманы

Дүниеде жалғыз қалмау екен ғой

Аққулардың, аққулардың арманы

Қарт(Дәулетхан)

«…Апыр-ай, бұл кім болды, таңсәріде,
Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!
Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,
Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!
— Ей!
Кімсің?
Тірісің бе?
Жаның бар ма?
Аққуды неге атасың, арың бар ма?!
Тастағын қаруыңды, келгін бері,
Келгін бері, кеудеңде жаның барда!
-Әй, балам!..
Болмады ғой, болмады ғой…
Қасиет кетті Көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!..
Мін атқа. қайт ауылға тағат қыл да,
…Білмеймін, cop аттың ба, бақ аттың ба?!
Аққуға кезенерде, ырым жасап,
Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?
Ана -Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,
Жоқ ата, жасамадым ондайды мен…
Жасымнан естігенім бар-тын еді,
Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп…

VII Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.(3-мин)

Кейіпкерлер Іс – әрекеті, адами қасиеттері
Ана Қамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.
Әке Адал жан, халық дәстүрін берік ұстанады.
Тәуіп шал Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы.
Бақташы қарт Ақылы мол, көргені көп.

VIII Семантикалық карта(2-мин)

Қатыгез, сұрқа ой тұрақты тіркес

Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр теңеу

Жаңбырдың тамшысындай эпитет

Сұм жүрек кейіптеу

Ошақ қасы от басы метафора

Ақын жүрегі сезімтал ғой. (1-мин)

Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының оны өлеңдері мен бірге есіне алып жүретінін алдын-ала сезгендей және ақиық ақынның айында дәлелдегендей. Бәріміз бірге ән саламыз.
«Есіме мені алғайсың»
Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсам бөктерге,
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде,
Есіңе мені алғайсың.
Ақ қарау тұрған ақпанда
Ағаштар сырға таққанда,

Мен бар деп мына жалғанда
Жоқ деген сөзге алданба
Есіңе мені алғайсың.
Ұяшықтар

(3-мин)

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бізге қандай тәрбие берді?

Бүгінгі тақырыпқа байланысты қандай мақал-мәтел білесіз?

Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?

Проблемадан шығу:

1.Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып — ананың балаға деген махаббаты.

2.Автор өзі көтерген мәселені толығыман ашқан, себебі поэма шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзелістен, шын сағыныштан туған.

3.Ана аққуды баласы үшін атты. Бұл шешім анаға оңай түспеді ана көп ойланды.

Ана махаббатының құдіреттілігін сезіндірді.

Табиғатты қорғауды үйретті.

Халық дәстүрін берік ұстануды дәріптеді.

Бес жолды өлең (3-мин)

1.Зат есім- Аққу Ана

2. Сын есім- сұлу,киелі, ақ мейірімді, арашашы,бақытсыз

З. Етістік- жүзеді,таранады,ұшады қайғырады, атады, өкінеді

4. Сөйлем- аққу Жетімкөлді мекен еткен. Ана аққуды атқанына өкінеді.

Зат есім- құс адамзат

Бекіту. (2-мин)

Дискуссиялық сұрақтар Ия Жоқ
1 М.Мақатаев 1931 жылы Алматы облысы,Райымбек ауданы,Қарасаз ауылында дүниеге келді. +
2 «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1975жылы жазылды (1973) +
3 Ана аққуды баласы үшін атты +
4 Ақынның жары Лашын Әзімжанова +
5 Мұқағалидің азан шақырып қойған аты Мұхамметқали +
6 Аққу- бап таңдайтын сирек құс. +
7 Мұқағали ақын «Аққулар ұйықтағанда» дастанын Ғ.Мүсіреповке оқып бергенде,ол кісі алтын қаламын сыйға тартқан. +
8 Ақын өлеңді 20 жасынан бастап жаза бастады. (10) +
9 «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің

аты- Ыстықкөл (Жетімкөл)

+
10 Мұқағалидің 100 шақты өлеңдеріне ән жазылған +

Қорытынды:«Сыныптағы орындық». (3-мин)

Мұғалім:(1-мин)

Оқушылар орындыққа отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бөліседі.

Аққу- бап таңдайтын сирек құс. Сондықтан ата- бабамыз киелі құс санап атпаған. Мұқағали жырына арқау еткен сол дәстүр.

Ананың табиғатқа қол көтеруі — өмір қайшылығы, жалғыз баланың ғұмырын сақтап қалудан туған аналық сезім арпалысы. Ақынның тапқырлығы да, шеберлігі де осында.

Ойымызды қорыта келе, біз аққуды ешқашан атпай, қайта өз үлесімізді қосуымыз керек. Мұқағали өз туындысында «табиғат деген сұлулықты сақтайық, тіршілік тамырына балта шаппайық» деп үн қатады.

«Оты жоқ жер жетім, аққуы жоқ көл жетім». Табиғатты қорғаушы -біздер.

Қара саз, қара шалғын, өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас,алайда,өлеңді ешкім! — деп жырлап өткен ақиық ақын Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардай сәулесін шашып, ұрпақтан – ұрпаққа таралып , өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөленуде. М.Мақатаев өмірден өтсе де, өлеңдері біздің жадымызда мәңгі сақталмақ.

Оқушылардың білімін бағалау. Бағалау парағы таратылып беріледі.

Үйге тапсырма:«Көлдің сәні-аққулар» (ой толғау).

www.ZHARAR.com — м____а__али.pptx

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s