Қысқы орман ғажайыптары


Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№ 39 «Салтанат» бөбекжайы МКҚК

тәрбиешісі Кенжегалиева Венера Темировна

«Ботақан» I кішілер тобының ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні, айы, жылы:

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық».

Бөлімдері: Тіл дамыту, Қоршаған ортамен танысу, Құрастыру.

Тобы: «Ботақан» Тақырыбы: «Қысқы орман ғажайыптары».

Мақсаты :Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін қысқы орманға саяхат арқылы жеткізе білу. Аңдарға, құстарға деген қамқорлығын ояту. Сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту, саусақ маторикасы дамыту.Балалардың ойлау қаблеттерін дамыта отырып, табиғатқа деген сүйіспешілігін ояту.

Көрнекіліктер: қоян, барыс , аю,қар, слайд , /бейне ролик./

Сөздік жұмыс: қар, қасқыр, қоян,түлкі, аю.

Билингвалды компанент: қар-снег, қоян-заяц, түлкі-лиса, қасқыр-волк.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылықты ояту Шаттық шеңбері:

Үлкенге де «сіз» дейміз

Кішіге де «сіз» дейміз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

-Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?

-Бүгін ауа-райы салқын ба, жылы ма?

-Балалар сендер серуенге шыққанды ұнатасыңдар ма?

-Серуенге шыққанда немен ойнаймыз?

-Балалар қыста қалай кейінеміз?

-Дұрыс айтасыңдар. Ендіше біз орманға серуенге шығайық. Қане, олай болса жылдам киініп алайық.

Тоңса біздің қолымыз, қолғап киіп аламыз,

Тоңса біздің денеміз, тонды киіп аламыз.

Тоңса біздің аяғымыз, етік киіп аламыз

Топ-топ , топылдатып билейміз.

-Қане , олай болса орманға серуенге шығайық.

-Балалар , абайлап жүріңдер, құлап қалуларың мүмкін./қардың сықырлаған даусын қою.

Шеңбер бойынша тұру.

Қолды алға созу.

Қолды кеудесіне қою.Басты төмен ию.

-Қыс мезгілі.

-Салқын.

-Иа.

-аққала жасаймыз, шанамен, қармен ойнаймыз.

-қолымызға биялай, аяғымызға етік, басымызға малақай,үстімізге тон киеміз.

Балалар іс-қимылдармен көрсетеді./бірінің артынан бірі жүреді.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі -Орманға да келдік.

-Орман іші қандай тамаша! Ауасы қандай керемет!Айналаның бәрі аппақ!Қардың сықырлаған дауысы шығады иә?!

-Балалар, мына шыршалардың түсі қандай, бойлары қалай өскен?

-Қараңдаршы шырша түбінде қоян отыр.

/Амандасады/

-Қоян: Балалар, мен қысқы тонымды кидім, ал ағаштарды, шыршаларды салқынан қорғауға көмектесесіңдер ме? Ағаштардың түбі, тамырлары қыста тоңбауы керек.

-Кәне, қарларымызды алып ағаштардың, шыршалардың түбін жабайық.

/Қоян рахметін айтады/.

-Балалар, қыста сендер мұрынмен демалуды білесіңдер ме?Ендіше, дұрыс тыныс алу жаттығуларын жасайық.

/бір рет қолданылатын ыдыстың ішіне салынған пенопласттарды үрлейміз, 3-4рет/

-Не ұшып жатқан?

-Кәне, еді ормандағы қарды сипаттап берейік.

/қарды көрсетіп, лампа жағып./

-Қарды ұстап көрейікші, қар түсі қандай?

-Қарды жеуге бола ма?.

-Қардың орысшасы -снег.

-Балалар орманда нелер мекендейді?/ слайд көрсету.

-Мына жерде аюдың апаны бар екен.Ол қыста ұйықтайды, абайлап жүріңдер, оянып кетер!

-Балалар, аңдардың қыста азық табуы қиын, сондықтан азықтарын тауып беруге көмектесейікші. /балалармен жұмыс жүргізіледі/

-Түлкі-балық, қасқыр-ет, қоян-сәбіз жейді.

-Ары қарай жүрейік, /барысты көреді/

-Барыс, сен не істеп тұрсың?

-Мен тоңып қалдым, үйіме жете алмай тұрмын!

-Қане, олай болса бізбен ойын ойна:

Қимылды ойын: «жылынайық».

Шарты: Аяз десем, секіреміз

Шуақ десем, тоқтаймыз.

Барыс: рахмет сендерге мен жылынып алдым, енді тезірек үйіме жетіп алайын! Сау болыңдар!

-Балалар, мынау ненің дауысы?

-Сендер білесіңдер ме, құстарға да қардың астында азық табу өте қиын.Оларға жем беруге көмектесемізбе?

/жем салғышқа жем салып көрсету,/

-алдымен жем салғышты желімдеп аламызда соған жемді жабыстырамыз.

-Енді біз оларды ағаштарға , шыршаларға іліп қоямыз, құстар осы жерден жемдерін шоқып жейтін болады.

-Жұмыстанып болсақ , қолымызды сүлгіге сүртеміз.

Топқа оралу.

-Иа

-жасыл.

-Аласа және үлкен .

-иа.

-қар

-аппақ, салқын

-жоқ, тамағымыз аурады.

Қар-снег.

-түлкі, қасқыр , аю.

Балалар жұмыстанады.

Балалар қуана секіріп ойнайды. 3-4рет

-құстардың.

Балалар жұмыстанады.

Шыршаларға апарып іледі.

Іс-әрекетті бағалау кезеңі Қортынды:

-Біз қайда бардық?

-Нелерге көмектестік?

-Нелерге қамқор жасадық?

Серуен ұнады ма?

-орманға

Аңдарға

-құстарға

-ұнады.

Күтілетін нәтиже: Біледі: қыс мезгілінң ерекшелігін,

Игереді: құстарға қамқорлық жасау,

Меңгереді:. Ормандағы аңдар туралы мағлұматтар алу.

Тәрбиешінің аты-жөні: Кенжегалиева В.Т.

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s