Мухамеджанова Нуржамал Камиткановна


Ақмола облысы,
Астрахан ауданы,
Старый Колутон орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі (орыс сыныптарында)
Мухамеджанова Нуржамал Камиткановна

Пәні: Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту

Сабақтың

білімділік мақсаты: Сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту; өз ойын жинақы, әдемі, көркем тілмен жеткізе білуге ұмтылдыру.

дамытушылық мақсаты: ойын арқылы оқушының ойын дамыту; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу; оқушының тіл байлығын жетілдіру.

тәрбиелік мақсаты: Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу;елін қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ жері» тақырыбына слайдтар.

Сабақтың барысы.

І . Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты түсіндіріледі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сүйікті ақындарың туралы шағын шығарма жазып келу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тіл ұстарту

Қызығушылықты ояту.

ІҮ. «Сөзтізбек» ойыны.

Шарты: Сөзтізбектің әрбір сөзі бірдей дыбыстан басталады әрі нақыл, мақал сөз болып келуі тиіс.

Мысалы:

Айтыста ақиық атану- ақындардың арманы.

Көшеде кемтар кісіні көрсең күлме.

Ү. Мәтінмен жұмыс.

60-жаттығу. Аңыз әңгімені оқып, шешендердің сөз қолданысына назар аударыңдар.

Көңіл сұрау— мағынасын ашу.

61-жаттығу. Өлең мәтінін мәнерлеп оқып, көптік жалғаулы сөздерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар да, олардың өлеңге қандай көркемдік әсер беріп тұрғанын айтыңдар.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс.

Зат есімдерді түрлендіре отырып «Қазақ жері» тақырыбына мәтін құраңдар.

Туған өлке. Таулы жер. Хош иісті гүлдер. Өзен. Жазғы демалыс. Күзгі жиын-терін. Жасыл. Жапырақ. Ағаш. Қазақстан. Республика. Кең. Халық. Суретші. Өмір. Сурет. Дала. Малды ауыл. Ыстық. Ел. Тіршілік. Отан.

63-жаттығу. Мәтінді дауыстап оқып, құрамындағы сын есімдерге жасылу жолы мен мағыналық ерекшелігіне талдау жасау.

ҮІІ. Сабақты қорыту.

«Сұрақтарға мақалмен жауап бер» ойыны.

Сиырдың сүті қай жерінде? (Сиырдың сүті тілінде)

Қарғыстың ең жаманы не?

Қандай бала сүйкімді?

Тастың жеңілі бола ма?

Қандай кілт аспанда болады?

Неден не жаман?

Тауық түс көре ме?

Қар жана ма?

Кімге жан жуымайды?

Ауыз бен қолды қандай жерде тыю керек?

Неменеге өкпелеп жүргенде не шықты?

Өтірікші кімді алдайды?

ҮІІІ.Үйге тапсырма.

Тәуелсіздік, тіл туралы шағын шығарма жазып келу.

ІХ. Бағалау.

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Оқушылардың зат есім туралы білімдерін еске түсірту, зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың зат есім туралы білімдерін кеңейту.

ІІ. Дамытушылық: Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік:Оқушылардың бойына адамгершілік, әдептілік, ұлтжандылық қасиеттерді сіңірту, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, плакатқа салынған суреттер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды сабақ процесіне дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Зат есімнің жіктелуі, оның жасалу жолдарын сұрау

2. 49-50 жаттығуларды талабына сай тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар, бүгін біз сендермен зат есім тақырыбын ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі біздің тақырыбымыз – зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Бүгінгі біздің мақсатымыз – зат есімнің сөйлемдегі қызметін түсіну, осыған байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

Бүгінгі тақырыбымыз да зат есімге байланысты болғандықтан, зат есімнен өткенді еске түсірейік. Зат есім бойынша білгендерін топтастыру

Жалпы зат есімнің сөйлемдегі қызметі дегенді кім қалай түсінеді екен өз ойымызды ортаға салайық.

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі ,оның қай септік жалғауында жұмсалуына байланысты болғандықтан септікті еске түсірейік. Қазақ тілінде қанша септік бар, сұрақтарымен кім айтып шағады.Әр қатардан бір-бір оқушы шығып бір сөздғ септейді.

Сонымен, зат есімнің сөйлемдегі қызметі септік жалғауларына байланысты жұмсалады.

Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім? Не? сұрақтары тәуелденіп қойыла береді (Кімім? Неңіз?)

Мысалы: Жел күшейе түсті. Ер елімен көрікті, жер кенімен көрікті.

Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып баяндауыш болады.

Мысалы: Біз-бейбіт еңбекті сүйетін елміз. Бала – артта қалған із, байлық – қолдағы мұз.

Зат есім ілік септігінде немесе түбір тұлғада тұрып анықтауыш болады.

Мысалы: Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді. Дайрабай әрі әнші, күйші, ақын адам болған.

Зат есім табыс септігінде және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

Мысалы: Тәрбие тілден басталады. Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке байлап бұлттан асқан.

Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып немесе түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп, пысықтауыш болады.Мысалы: Біз мектепке қарай жүгірдік. Көлеңкеде атам отыр.

Балалар, оқулығымыздың 28-бетіндегі «Қосымша түсінік» дегенге қысқаша шолу жасайық. Оқушыларға оқытқызу.

ІV. Оқулықпен жұмыс

51-жаттығу. Зат есімнің қай септікте және қай сөйлем мүшесі екенін айтыңдар.

Парашютпен (немен?) – көмектес септігінде, толықтауыш қызметін атқарып тұр.

Ұшақтан (неден?) – шығыс септігінде, толықтауыш.

Мұнарадан (қайдан) – шығыс септігінде, пысықтауыш.

Парашют (не?) – атау септігінде, бастауыш.

Ұшаққа (қайда?) – барыс септігінде, пысықтауыш.

Ұшақ (не?) – атау септігінде. Бастауыш.

Жерден (қайдан?) — шығыс септігінде, пысықтауыш.

Ұшақтың (ненің?) – ілік септігінде, анықтауыш.

Үшқыш (кім?) – атау септігінде, бастауыш.

Қолын (несін?) – табыс септігінде, толықтауыш.

Селоның (ненің?) – ілік септігінде, анықтауыш.

53-жаттығу. Әр қатардан үш оқушы шығып, сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазады.

І қатар – азамат, ІІ қатар – инженер, ІІІ қатар – оқушы

Шығармашылық тапсырма

Балалар, тақтадағы жаз, қыс, күз мезгілдерінің суреті бойынша І қатар жаз мезгіліне, ІІ қатар күз мезгіліне, ІІІ қатар қыс мезгіліне шағын мәтін құраңдар. Сөйлемдегі зат есімдерді тауып, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын жазыңыздар.

Ү.Бекіту

Зат есімнен өткенді қорыту, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін әр балаға үлестірмелі парақшамен жұмыс беріледі.

VІ .Үй тапсырмасы

  1. Зат есімнің сөйлемдегі қызметін оқу
  2. 28-беттегі «Қосымша түсініктің» анықтамаларын жаттау
  3. 55-57 жаттығулар

VІІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың

білімділік мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларының белгілі бір грамматикалық мағына үстейтіндігін меңгерту.

дамытушылық мақсаты: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын арттыру;

тәрбиелік мақсаты: : адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: баяндау, пікірлесу, түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

1. 40-жаттығу.

2. Оңаша және ортақ тәуелденген зат есімдерді қатыстыра отырып, «Қазақстан баспанасы- киіз үй» атты мәтін құрастыру.

Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес — өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары бар екендігін сендер бастауыш сыныпта танысқан едіңдер. Соларды еске түсіріп көрейік.

Ілік септігі – сөздердің бір – бірімен іліктестігін көрсетеді.

Мысалы, кімнің кітабы? Асанның кітабы.

Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.

Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.

Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.

Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.

Жатыс септігі – орын, мекен дегенді білдіреді.

Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.

Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.

Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.

Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.

Мысалы, кіммен таныстың? Асанмен таныстым.

Зат есімнің септік жалғаулары

Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? — ның, — нің, — дың, — дің, — тың, — тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? — ға, — ге, — қа, — ке
Табыс септік Кімді? Нені? — ны, — ні, — ды, — ді, — ты, — ті
Жатыс септік Кімде? Неде? — да, — де, — та, — те
Шығыс септік Кімнен? Неден? — нан, — нен, — дан, — ден, — тан, — тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? — мен, — бен, — пен

Сонымен септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде она басқа сөздермен байланысқа түсіреді.

Тәуелденген зат есімнің септелуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар.

Септіктер Тәу.жалғаудың І,ІІ жақтарынан кейін Тәу.жалғаудың ІІІ жағынан кейін
Атау септік
Ілік септік -ның,-нің -ның,-нің
Барыс септік -а,-е -на,-не
Табыс септік -ды,-ді
Жатыс септік -да,-де -нда,-нде
Шығыс септік -нан,-нен -нан,-нен
Көмектес септік -мен -мен

Суретте көрсетілген ұлттық аспаптармен таныс болып, септеңдер.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s