Жаңа сабақтар

Адаева Лаззат Сембаевна


Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

«Гүлдәурен» ясли бақшасы

Адаева Лаззат Сембаевна

Білім беру саласы:Таным

Оқу іс-әрекеті:Математика

Тақырыбы:Бауырсақ ата-әжесіне қалай барды?

Мақсаты:Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды :оң –сол, алды-арты, жоғары-төмен, алыс-жақын,биік-аласа ажырата білуді дамыту, геометриялық пішіндерді бекітуге арналған «бір пішінді заттарды анықта » дидактикалық ойыны, «Бауырсақ қай көпірден домалап барады?» дидактикалық ойыны.

Билингвальды компонент: бауырсақ-колобок

Көрнекілік: Бауырсақ ертегісінің суреті, әр-түрлі тапсырмалар

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы -Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Қандай ертегіні білесіңдер?

-Балалар, бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табу үшін,

мен сендерге мен жұмбақ жасырамын.

Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан

Бұл не?

ИЯ

Білетін ертегілерін айтады.

Жұмбақтың жауабын табады,.

Бауырсақ ертегісі

Ұйымдастырушылық-ізденушілік — Дұрыс балалар, бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен, ата-әжесінен адасып қалған соң, бізден көмек сұрай келіпті. Кәне көмектесеміз бе ?

— Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық.

(сол кезде алдынан қоян шығады)

Қоян: — бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: — жемеші мені

Қоян: — сен онда менің тапсырмамды орында

Бауырсақ:- жарайды.

Қоян:-Мына ағашта тиін қайда тұр.

Ал кірпіше?

Кәне бауырсаққа көмектесеміз бе?

Қоян: — рахмет сендерге, бара қойыңдар.(бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады)

Қасқыр: — бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: — жемеші мені

Қасқыр: — онда сен менің тапсырмамды орында.Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.

Бауырсақ:- жарайды.

Қасқыр:- шыршаның оң жағында не бар,сол жағында ше?

Ал артында не бар, алдында ше?

Ал мына екі үйді салыстырайық.

Қасқыр: -жарайды бара қойыңдар.

(бауырсақтың алдынан аю шығады)

Аю:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: — жемеші мені аю

Аю : — сендер маған мен туралы бір сергіту жаттығуын жасап беріңдер.содан кейін бір тапсырмамды орындасаңдар мен сендерді босатамын.

Бауырсақ :- жарайды

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп,теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Жұмбақ жасыру.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады
Балалар: Бұл не?
Төрт бұрышты, бір ауызды.
Балалар: сандық тік төрт бұрышқа ұқсайды
Айдалада ақ отау,
Аузы, мұрны жоқ отау.
Балалар: жұмыртқа сопақша пішінге ұқсайды.
Тікен — тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте.
Балалар: шырша үш бұрышқа ұқсайды.
Төрде жатып шалқиған,
Дәу қарыны бар қампиған.
Балалар: жастық төрт бұрышқа ұқсайды?

Мына жерден бір пішінді заттарды анықта дейді.

Аю:- рахмет балалар.

( бауырсақ домалап келіп, түлкіге кездеседі)

Түлкі :- ах, бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: — жемеші мені.

Түлкі: —Балалар мына бауырсақ қай көпірден домалағанда үйіне тез жетеді?

Түлкі:-. Рахмет, бара қойыңдар.

Бауырсақ: — рахмет.

(бауырсақ келе жатып атасы мен әжесін де тапты)

Атасы мен әжесі бауырсақтан қалай келгенін сұрады.

— Қане балалар бауырсақ қалай, қандай тапсырманы орындағанын сұрайықшы?

Ал балалар бауырсақ ата-әжесіне аман есен барды.Әжесі сіздерге рахмет айтып, бауырсақ пісіріп беріп жіберіпті.

Мынау- не?Бауырсақтың түсі қандай ?Ал пішіні ше?

Бауырсақ-колобок

ИЯ

Қоянның тапсырмасын орындайды.

Қасқырдың тапсырмасын орындайды.

Сергіту сәтін қимылмен жасайды.

Күн

Сандық

Жұмыртқа

Шырша

жастық

Түлкінің тапсырмасын орындайды.

Бауырсақ, сары, дөңгелек,

Қайталайды.

Рефлексивті-коррекциялаушы Сабаққа жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.

Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!

Өлеңді бәрі бірге айтады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерімен бірге мазмұнын айта білді.
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту арқылы сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлері мен бірге ойынның шартын түсінді.

Тақырыбы:Қызыл телпек жаңа жылда!

(Музыка әуенімен Қызыл телпек залға кіреді)

Қызыл телпек:тәрбиеші

-Армысыздар ата-аналар ,қонақтар!

Көптен күткен жаңа жыл мерекесі де келіп жетті.

-Мен әжемді жаңа жылмен құттықтауға бара жатырмын.Міне бәлішіммен сары майым.Бірақ

әжемнің үйі алыс, мен достарымды шақырайын, біз ән шырқап би-билеп, ойын ойнап тез жетеміз.

(Музыка әуенімен балалар кіреді)

-Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Қызыл телпек:-Жаңа жылдық мерекеге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар.

1.Бақыт:

Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт жаңа жыл

Әке, шеше, аға, апа,

Құтты болсын жаңа жыл.

2.Мұхаммадәмин

Жасыл шырша жанында

Айналып ,ойнап ән салам

Өзіміздің бақшада

Жаңа жылды қарсы алам

3.Айзере:

Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

ӘН: «Жаңа жыл»

(Музыка әуенімен Қасқыр кіреді)

Қасқыр :-Р-Р-Р.Мұнда не шу? О, Қызыл телпек сен осында екенсің ғой.Сәлеметсің бе ,Қызыл телпек.

Қызыл телпек!-Сәлеметсіз бе.

Қызыл телпек:-Орманда тұратын әжемді жаңа жылмен құттықтап, сыйлық апара жатырмыз.

Қасқыр:-О, мынау мен іздеген Қызыл телпек қой.(Балаларға қарап сыбырлап)

Қызыл телпек:-Қасқыр , кел бізбен бірге көңіл көтер.

Қасқыр:-Көңіл көтере алмаймын.Мен ашулымын, қарным аш.Р-Р-Р.

Қызыл телпек :-Сен ашуыңды бас.Мына жерге қонақтар келіп қалыпты.Қане сол қонақтардың өнерін тамашалаайық:

БИ: «Джингл белс»

Қасқыр:-Ой, жарайсыңдар.Онанда мен Аяз атаның алдынан шығайын.Аяз атаны жейін. Ол үлкен ,тәп-тәпті, ішінде кәмпиттері бар.(залдан шыып кетеді)

Қызыл телпек:-Ой қасқыр тоқта тоқта .Балалар енді не істейміз?

(бір бала орнынан тұрыпАқшақарды көмекке шақырайық дейді.)

Қызыл телпек: -Жарайсың табылған ақыл.

(Музыкамен Қоян кіреді)

Қоян:-Сәлеметсіңдер ме , балалар.Сендер кімді тосып отырсыңдар?

Қызыл телпек: -Біз ақшақарды күтіп отырмыз.Бізге қасқыр келді.Аяз атаны жеймін деді.Аяз атасыз мереке болмайды ғой.

Қоян:-Ақшақар алыста,Астанада сендерді естімейді, менде оның номері бар.(қалтасынан алып)

Қызыл телпек:-Сәлеметсің бе ,Ақшақар.Бізге сенің көмегің қажет.Тезірек жет.Біз сені асыға күтеміз.

(Ақшақар есік артынан)-Қызыл телпек жетем-жетем қазір .Күтіңдер мені.

Қызыл телпек:-Ақшақар келгенше,көңілді көтеріп , ән айтып би билейік.

БИ «Аңдар» биі

Ақшақар:-Сәлеметсіңдер ме , балалар.

Армысың, достарым,

Өздеріңді сағынып, көруге зармын.

Аппақ қыста албыраған жүздеріңнен сүй іп сүйіп алуға бармын.

Қызыл телпек:Армысың Ақшақар,

Қардан соққан ақшақар .Аяз атаға қауіп төніп тұр.Сіз көмектесе аласыз ба?

Ақшақар:-Мен ойлап таптым.Қане балалар қасқырмен скайп арқылы байланысайық.Сәлем қасқыр .Сен қайда бара жатырсын?

Қасқыр:-Сенсің бе Ақшақар?Сәлем , сәлем.Мен Аяз атаға бара жатырмын.

Ақшақар.-Ой қасқыр , сен әбден қартайған екенсің.Сен орманда кезіп жүргенде Аяз ата бізге келіп қойды.Сағанда сыйлығы бар.

Қасқыр:- Шын айтасыңдар ма қазір жетем.

Қызыл телпек: -Балалар бізде әжемізге келіп жеттік.

-Қане әжемізбен амандасайық.

-Салеаматсыз ба әже!Балалармен бірге сізді жаңа жылыңызбен құттықтап,бәліш пісіріп әкелдім.Жаңа жылыңыз құтты болсын.

Әже:Рахмет балаларым сендерге де жаңа жыл құтты болсын.Қандай өнерлерің бар.

Ақшақар:-Балалар қане әжемізге би билеп көңіл көтерейік.Қане менің кішкентай достарым.

БИ:Ақшақарлар.

(Қасқыр залға кіріп)

Қасқыр:-Қайда аяз ата?Менің қарным аш.Р-Р-Р:

Ақшақар:-Қасқыр күшіңді жина, біздің балалар сенімен ойнасы келіп тұр. Егер сен жеңсең Аяз атаны саған береміз, Ал жеңілсен Аяз ата біздікі болады.

ОЙЫН: «Қар лақтырыспақ»

Аяз ата:

-Армысыздар , қонақтар.

Сәлеметсіңдерме балғындарым.

Өмір гүлім шалғындарым

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулықтарың

Баяғы сол ақсақалмын

Бірақ әлі жастаумын

Сендерменен қосылып,

Билеп беруге бармын.

Аяз ата:-қасқыр мына жерде не істеп тұрсың?(қасқыр қашады, тығылады!)

Қызыл телпек: -Аяз ата, Қасқыр жаңа жылдың шырқын бұзғысы келеді.

Аяз ата:-Немене Қасқыр онда сені мен ақылға шақырайын..(Аяз ата қасқырды қуады, қасқыр шыршаны айналады)

-Қасқыр :-Көмектесіңдер, құтқарыңдар.

Ақшақар:-Аяз ата ,мен оған өзім айтып көрейін. (күледі)

(Қасқыр ақшақардың артына тығылады)

Қасқыр , сен уәде бер, жаңа жылдың шырқын бұзбаймын де. Балалармен дос бол.

Қасқыр:-Жарайды, жарайды.

Аяз ата: -Дұрыс айтасың, онда мерекемізді жалғастырайық.О, шыршамның шамы жанбапты ғой.

Аяз ата: -Қане балалар тұрайық,

Көңілді шеңбер құрайық

Сиқырлы сөзді айтайық(балалар бірге)

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат,

Бір екі үш

Шырша жан (шырша жанады)

ӘН:шырша жыры

Аяз ата :-Жарайсыңдар балалар,сендер тақпақ білесіңдерме?

1.Мәдина:

Ал келіңдер, келіңдер,

Жаңа жылды тойлауға,

Жасыл шырша жанында

Өлең айтып беріңдер.

2.Мансур

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

3.Мәдина

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән айтамыщ шыршаға

Аяз ата:-сендерге қарап тұрып мен риза болып тұрмын.

Қызыл телпек:-Аяз ата , біздің балалар сіз туралы да ән біледі:

ӘН: «АЯЗ АТА»

Ақшақар:Аяз ата, қарашы, Қасқыр көңілсіз.Өйткені оның өарны аш.

Аяз ата: Қане менің әкелген сыйлығымнан балаларға сыйлық беріңдер.

(сыйлық таратылады)

Аяз ата:Аяздардан қорықпаңдар

Шаңғы шана тебіңдер

Денсаулықтарың мықты боп

Қош сау болып тұрыңдар.

(Аяз ата, Ақшақар, Қасқыр қоштасып шығып кетеді)

Қызыл телпек.

-Бүгінгі күн тамаша,

Есте болар әрқашан.

Біз көңілді жаңа жылды,

Ұмытпаймыз әрқашан-дей отыра ертеңгілімізді аяқтаймыз

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: « Математика еліне саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10 саннан кем санды 10-ға дейін толықтыру. 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10-ға тең қосынды, оған кері айыру құрастыруға болады.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру.ақыл-ой белсенділігін күшейту.

Тәрбиелік: Жолда жүру ережесін білу арқылы жолда жүру белгісін. мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, әңгімелесу.

Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреті, слайд, карточка суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер

Қуан шаттан ,алақай

Қуанатын кез келді

Армысын шуақты күн

Армысын қонақтар!

Балалар бірге бәрі айтады.
Ұйымдастырушылық

Ізденушілік

Балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Біздер математика еліне саяхатқа ару үшін жолға шығамыз.Ол үшін біз жол белгілерін білуіміз керек.

Жол белгілері- жол қозғалысын реттеу құралы ретінде қызмет атқарып, қауіпсіздікке жағдай жасайды.

  1. Бағдаршам реттеуі

А) Графикалық диктант

Б) Санды ретімен қоямыз.

2. Екі жақты қозғалыс

А) пішіндерді ажыратамыз

Б) Сызықтар түрлерін атаймыз

В) Матадан пішіндер құрастырамыз.

3. Қауіпті белгісі

А) Логикалық есептер

1.Мамам базардан 6 төртбұрышты доп әкелді. Оның біреуін Сұлтанға бердім. Менде нешеуі қалды?

2. Шарбақтың артында неше мысық жасырылған?

3.Неше бала құрттың киімін киген?

4. 8 Түйеқұс ұшыпбара жатыр еді, біреуін атып алды. Нешеуі қалды?

5. Шөптің арасында неше қоян жасырылған?

6. Қыста 2 алма ағашы мен өрік талы гүлдеді? Барлығы нешеу?

7.Ақ қайыңда 10 алама өсіп тұр еді, балалар оның үшеуін үзіп алды.Нешеуі қалды?

8. Ауылда 4 күн, 4 түн жаңбыр жауды, неше күн жаңбыр жауды?

4. Жаяу жүргіншілер өтпесі

А) Шартты есеп құрастыру

Б) Сан құрамы

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары , төмен қарайық

Орнымызды табайық.

5. Тең мағыналы жолды кесіп өту.

А) Эйлер шеңбері

Б) Салыстыру

6.Жол жұмыстары

А) Сандық диктант

Б) Колумбово жұмыртқа

7. Балалар өтпесі

А) Есептер шығару.

Графикалық диктант арқылы машина салады

Машинаны сандық ретімен қояды.

Пішіндерді сызық түрлерін атайды.

Пішіндер құрастырады.

4бұрышты доп болмайды

үшеу

алты

Түйеқұс ұшпайды

Бесеу

Қыста ағаш гүл-ді.

Ақ қайыңда алма өспейді.

4 тәулік

Сурет бойынша құрастырады.Сан құрамын жазады.

Сергіту сәтін жасайды.

Шеңберді сәйкестендіріп, санды атау.салыстырады

.

Резеңкемен санды жазады.

Есептерді шығарады.

Рефлексивті қозғаушы Балалар біз математика ханшайымына келдік. Математика ханшайымы сіздерге менің тапсырмаларымды орындады, балаларға рахмет деп сіздерге алғысын айтып жатыр.Барлығыңызда сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Балалар өздері сабақта қандай нәтиже көрсеткенін білді.

Күтілетін нітиже:

Біледі: Жол белгілерін білді.

Түсінеді:. Жол белгілері арқылы тапсырмаларды орындады

Қолданады: есептер шығарды, құрастырды ,салыстыра білді.

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s