Джубанова Молдир Тиликкалиевна


Атырау облысы, Жылыой районы, Құлсары қаласы

«Гүлдәурен» ясли бақшасы

Тәрбиеші Джубанова Молдир Тиликкалиевна

Технологиялық карта

Кіріктілілген білім беру саласы: «Коммуникаци«» «Шығармашылық», Кіріктіріп ұйымдастырылған оқу іс қызметі: Сөйлеуді дамыту ,аппликация

Тақырыбы:«Жел мен күн» «Күн»

Мақсаты: Күн, ауа, су туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршіліктегі құндылықтары, адамға пайдасы туралы білімдерін бекіту. Сөздік қорларын, тілдерін дамыта отырып, тәжірибе арқылы бақылағандарын жеткізу. Табиғатты қорғауға, сүйіспенші-лікке тәрбиелеу.

Балаларға күн туралы түсініктерңн кеңейту. Дөңгелек пішінді шаршыдан бұрыштарын қиып отырып, дөңгелек пішінді шығару. Жолақшалардан ұзын, қысқа күн шуақтарын қиып , кеңстікте дұрыс орналастыра білуге үйрету. Ұқыпты-лыққа, тазалыққа, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Билингвистік компонент: күн -солнце-thesun, су-вода-water, ауа-воздух-air. Көрнекілігі мен құралдары: Күннің судың суреттері.

Әрекет кезіндері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырушы ізденуші

Самал жел бізді желдетші, Күн нұры бізді жарқырат,
Таза ауа бізге дем берші, Мөлдір су бізді салқындат. Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Күн,су,ауа – біздің жақсы достарымыз. Күн-жер бетіндегі тіршілік көзі. Күн болмаса, адам да, жануар да, өсімдік те тіршілік ете алмас еді. Өсімдіктер өліп, түрлі дәрумендерге толы жеміс беріп тұрғаны-күннің жылуы мен қуатының арқасы. Күн – өте үлкен жарық көзі. Адам күн астында көп жүрсе, терісі күйеді. Ал балалар мен сендерге күнге тәжірибе көрсеткім келіп тұр. Балалар күнге тік қарауға болама? Жоқ, балалар күннің көзіне тік қарауға болмайды. Күнге тек қана түрлі-түсті әйнектермен немесе көзілдірікпен қарауға болады. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Кескен болам кесілмейді, Кесілсе де бөлінбейді. Балалардың алдында екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Су бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді.

«Су мөлдір ал сүт мөлдір емес». Балалар шаршап қалдықпа, қане серігіп алайық. Сылдырайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен, әрдайым, Таза бетің, маңдайын, Тазалықтың досы,су. Балалар судың адам өміріндегі маңызына баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді, тазалық та болмайды. Сусыз тіршілік жоқ. Балалар су қандай? Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер оның жауабын табыңдар. Көзге ілінбейді Жұтсаң білінбейді. Өте дұрыс жауабы ауа. Жарайсыңдар балалар, дұрыс! Ауа не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Дұрыс. Ауа-ең алдымен тыныс алу үшін қажет. Тыныс алған кезде өкпеге ауа барады. Ауаның көлемі болмайды және көрінбейді. Ауа, бұл – жел. Желдің бармайтын жері жоқ. Жазда ыстық жел, ал қыста суық жел соғады. Балалар ендігі тәжірибе біз ауаға жасаймыз. Сергіту сәтін орындады. Су түссіз, иіссіз, мөлдір, таза. Тын ыс алу үшін қажет. Балалар, сендер күнді сүйесіңдер ме? Күн қай уақытта оянады: таңертең бе алде кешкісін бе? Ия, күн өзінің жылы сәулесімен таң атқанда оянады. Күн өз сәулесімен жер бетіне өз жылуын шашып, кеш батқанда өз еліне демалуға кетеді. Ал, балалар күн-дегеніміз не?Балалар, енді біз өз алақандарымызбен күн сәулелерінің суретін салайықТабиғаттың тазалығын сақтасақ, қорғасақ өз денсаулығымызды сақтағанымыз екенін білдік. Күннің шуағы адам денсаулығына пайдалы екенін білдік. Күн тіршілік көзі. Күнсіз жер бетінде тіршілік болмайтынын ұғындық. Тәрбиеші күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.Ақ қағазға сары түсті күннің суреті қиылған қағазды жапсырамыз.

Балалар бірге қайталайық

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Тілді жаттықтыру.

У-у-у-у су

Ел –ел- ел – жел

Ау-ау-ау-ауа

Үн-үн-үн-күн

Балалар мұқият тыңдады.

Иә,жоқ балалардың әр түрлі жауаптары.

Балалар қайталайды

Балалардың жауабы: Су

Өйткені шардың ішінде ауа бар. Балалар бірге қайталады.

Күн — ол үлкен дөңгелек шар. Сары түсте.

Рефликсиялық түзетушілік Балалар бүгінгі оқу іс қызметімізде біз күн,су,ауа туралы не білдік? Күн,су,ауа тіршіліктің маңызы екенін білдік пе? Күн – жылылық көзі Су – тіршілік көзі Ауасыз тіршілік жоқ Жел ауаның қозғалысы. Күн су ауаны білдік.

Ия білдік.

Күтілетін нәтижеБіледі: Күн, су, ауа тіршілік көзі екенін білу керек. Игерді: Балалар күн,су,ауаға тәжірибе жасауды игереді. Меңгерді: Суды үнемдеп жұмсауды білді.

Технологиялық картаБілім беру саласы: «Коммуникация» Ұйымдастырылған оқу іс қызметі: Драмма

Тақырыбы: «Ақымақ қасқыр» қазақ халық ертегісі

Мақсаты: Ертегіде болған оқиғалардың адамгершілік мәнін түсінуге үйрету.Ертегілер оқиғасын дәйекті түрде орындау. Түрлі эмоцияларды жеткізу үшін дауыс ырғағын келтіру. Қазақ тілінде мәтін мазмұны бойынша таныс сөздерді нақтылау. Сөйлеу, ойлау, есте сақтауды дамыту. Эмоционалдық саланы жетілдіру. Ертегідегі кейіпкерлердің қылықтары туралы өз пікірін білдіру, талқылай алуға үйрету.Билингвистік компонент: Қасқыр-волк wolp.- Қой-овец-sheep Ешкі-коза-goat Көрнекілігі мен құралдары: Қасқырдың қойдың ешкінің суреттері.

Әрекет кезіндері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастырушы ізденуші

Шаттық шеңбер:

Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық сыйлаймыз. Балалар шеңбер бойымен тұрып барлығына жақсылықтар сыйлайды. Балалар жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? Балалар, мына сурет арқылы жұмбақ шешейікші.Жұмбақ жасыру: Ит сияқты пішіні, Ұнатпайды ол кісіні.Ол не? Дұрыс қасқыр Қасқыр дегеніміз ол жыртқыш аң Ол орманда тіршілік етеді Ол етпен қоректенеді Өте жақсы, балалалар. Кім маған қасқыр сөзін үш тілде айтып береді Қасқыр-волк-wolp.

Қазір біз осы «Ақымақ қасқыр» ертегісін зейін қойып тыңдапкөрейік.Экранға назар аударайық. Балалар , осы ертегіде қандай сөздер түсініксіз болды. Өріс- Мал жайылатын шөбі мол кең дала Жылы-жұмсақ- семіз, еті тіске жұмсақ. Сұрақтарға жауап беру.
1. Ертегі кейіпкерлерін атаңдар.
2. Қасқыр қандай жағдайда болды?
3. Қой қасқырды қалай алдап кетті?
4. Ешкі қалай алдап кетті?
5. Ертегі қалай аяқталды? Балалар қой мен ешкі жыртқыш аң ба? Жоқ, қой мен ешкі үй жануарлары. Дұрыс Қой мен ешкінің төлін қалай атайды? Қозы мен лақ Ал,балалар қой,ешкі, қасқыр туралы мақал- мәтелдер,жұмбақтар білесіңдер ме?

Жұмбақ жасыру: Секен-секен етеді,Таумен тасқа жетеді. Кішкене ғана бойы бар Айналдырып киген тоны барӨте жақсы. Тамаша, балалар. Ал, енді балалар осы ертегі кейіпекерлері болып ертегіні сахналап көрсетейік.

Үй жануарлары мен жабайы жануарларды айырады.
Сурет арқылы ертегіні жалғастырады.
Қасқыр жыртқыш аң, ол үй жануарларын жеуге әуес.

Шаттық шеңбер:

Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық сыйлаймыз. Балалар шеңбер бойымен тұрып барлығына жақсылықтар сыйлайды.

Қыс мезгілі

Күн суық болады, боран болады, қар жауады.

Қасқыр

Қой

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Әмір:

Қасқыр-волк-wolv.

Балалар ертегіге зейін қойып тыңдайды.

Лақ

Қозы

«Қонақ қойдан жуас», «Семіз қой түстен кейін маңырайды», «Таңбасыз тай енсіз қой болмайды», «Ешкі жейді ебелек, ешкіні жейді кебенек», «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан», «Қасқырдың ойлағаны арамдық, қойдың ойлағаны амандық»

Балалар ертегіні өздері сахналайды.

Рефликсиялық түзетушілік Өте жақсы, балалалар, сендер бүгінгі оқу іс әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Ал енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы ,
Cау-саламат болайық.

Күтілетін нәтижеБіледі: Ертегінің мазмұнынИгерді: Жабайы жануар мен үй жануарларының қылықтарын.Меңгерді: Жануарлар дауысын салуды біледі

«Қош келдің, Жаңа жыл!» ертеңгілік сценариі.

Тәрбиеші: Амансын ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті ата-аналар, әріптестер ортаңғы топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

1)Қыздар биі: (балалар екі-екіден қол ұстасып кіреді )

Шал залға кіреді.Балалар атаймен амандасады.

Шал: ой бой балар мен жаңа жылға кемпіріме балық аулап апарайын деп едім.

Балалар маған балық аулауға көмектесесіңдер ме?

Жүргізуші: Қ/о: Балық аулау.

Балалар атайға балық аулауға көмектесеміз бе?

Балалар балық аулауға көмектеседі.

Атай балаларға рахмет айтып шанасын сүйреп үйіне қарай келе жатырады.

Атайды көріп тұрған түлкі:

Түлкі:ах мына шалыды алдап,қолындағы балықтарын жеп алсам деп келе жатқан шалдың жолына жата кетеді.

Жерде жатқан түлкіні көрген шал,түлкіні әрлі-берлі жұлқылап оятып алады.

Түлкі шалмен амандасады.

Шал:Түлкі жан Негип жатсын жаңа жыл болса келді сенікі не ұйқы?

Мен достарымды күтіп отырғанмын.Сол кезде ұйықтап кеткенмінгой деп түлкі шалды алдайды.

Шал: Қане олай болса менімен жүр,мен көп балық аулап келе жатырмын бізбен бірге балық же,қонағым бол дейді.

Сол кезде түлкі: Жарайды рахмет жүр десеңіз қуана –қуана жүремін.

Шал: Олай болса сен менін шанама сыймайсын сондықтан сен маған көмектесіп менің шанамды итеріс дейд.

Екеуі келе жатады.Түлкі болса балықтарды бір-бірден жерге лақтырып отырады да,өзі де қашып кетеді.

Шал үйіне келеді,

Шал:қуанғанынан алды-артына қармастан кемпіріне мен саған балықпен бірге қонақ әкелдім деп кемпіріне шанадағы балықтар мен қонағын көрсетіп жатса ешқандай балықта,түлкі де жоқ.

Кемпір:Сен шал мені алдадың

Кемпірі шалына ренжіп қалады.

Жүргізуші: Атай-әжей сендер көңіл-күйлеріңді түсірмеңдерші.Бүгін жаңа жыл мерекесігой.Біз балалар сіздерді жаңа жыларыңызбен құттықтап тақпақ айтып береді.

2)Балалардың тақпақтары

Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр ақша қар

Көптен күткен сағынып

Көше бойы омбы қар

Жиналамыз топтала

Демей бетім домбығар

Соғамыз зор аққала

Бейне ақ бұлт қоныпты

Аулаға қар толыпты

Атам аңға шығатын

Нағыз сонар болыпты

Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жан ашыр

Ата-әже,ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл

Атай мен әжей біз шаршадық,үйімізге барып демалайық,сендерге рахмет жаңа жылды жақсы өткізіңіздер деп кетіп қалады.

Қасқыр шығады: Сәлеметсіздерме балалар?-Қандай мерекені тойлайындеп жатырсыңдар?

Ой менің қарным ашты ,менде мерекені тойлайыншы сендермен бірге.

Алдынан түлкі шығады

Түлкі:Қасеке,қасеке қарның аштыма,қарның ашса құйрығыңды мұзға малып отыр.

Қасқыр құйрығын мұзға малып отырып,ұйықтап кетеді.

Түлкі алдынан өлеңдетіп өтіп барады.

Түлкіні көрген қасқыр ызаланып,түлкіге жабысады құйрығы мұзда қалып қояды.

Түлкі: қулыққа салып қасқырдан кешірім сұрайды. қасеке кешірші енді мен сеніде мына балаларды да алдамаймын.Уәде беремін.Менде мына балалар сияқты жаңа жылды тойлағым келеді.

Жүргізуші: Қасқыр түлі бұл мерекегой,ал жаңа жылда ешкімді ренжітуге болмайды.

Жүрг: Қасеке Не қалайсыз? Бүкіл тілектерінізді орындаймыз.

Қасқыр:( таяғымен жерді бір ұрып)
Көңілімді көтергім келіп тұр.

Мерекенің сәнің келтіріп бір би билеңдер,ән айтыңдар,тақпақ айтыңдар.
менің көңілімді көтер дейді.

Түлкі Балалар сендер маған көмектесесіңдер ме? Қасқырдың көңіл күйін көтеруге.

Жүргізуші:

Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерге
Құттықтаймыз ән салып Кәне тұрындар , тұрындар қасқырдың көңілін көтерейік.Түлкі балалармен бірге

3Ән айтып береді.
Жүргізуші: Қасқыржан, қалай, көңілініз көтерілді ме?
Қасқыр: Жоқ, әлі көңілім толмай тұр
Жүргізуші: Балалар мүмкін жаңа жылға арнап, тақпақтар айтып берерміз.
№4 Тақпақтар: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Жылдың әнің бастайық

Аяз ата кеп қалды

Аппақ тоңға оранып

Базарлықты мол алып

Аппақ аппақ жапалақтап

Қар жауады тыңбастан

Қалың орман қар жамылған

Маужырайды тыңбастан

Жаңа жылда барлық үйге

Аяз ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеп береді
Жүргізуші:
Қалайсыз, ұлы мәртебелім Қасқыр, ұнадыма балалардың тақпағы?
Қасқыр:Жаман емес, бірақта сонда қөңілім толмады
Жүргізуші: Ой, қасеке сізге ештене ұнамады ғой. Олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырсақ қайтеді?
Түлкі: Ұлы мәртебелім қалай қарайсыз, мүмкін аяз ата мен Ақшақар сіздің көңілінізді көтерер?
Қасқыр: Келсе,келсін,
Маған сыйлық әкелсін
Жүргізуші: Кәне дауысымызды қатты шығарып, Аяз атаны шақырайық
Балалар: Аяз ата ауууууу! Ақшақар аууууу!
(Бірнеше рет қайталайды)
(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Аяз ата:

Амансыңдар ма, балаларым-балғындарым!

Жаңа Жылдарың құтты болсын!

Денсауылықтарың мықты болсын!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларын!

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан! (шыршаға қарап) Мына әсем шыршаның шамдары неге жанбаған? Қане, мен шырша шамдарын жарқыратып жіберейін!

Қуант бізді, таңырқат!

Шамдарыңды жарқырат!

Балалар сол сөздерді Аяз Атамен бірге қайталайды. Аяз ата таяғымен 3 рет еденге соғады.Шырша шамдары жарқырап жанады.

Аяз Ата: Міне, шыршамыз да әсем шамдарын бізге жарқыратты.

Ал, қане, енді тұрмаңдар!

Ән салыңдар, жырлаңдар!

Ақшақар.— Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын
Ақшақар:Балалар жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Тәрбиеші:Аяз ата біздің балалардың сізге арнаған биі бар сол биді тамашаласақ .

5 Би: «Ұлпа қарлар»

Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

6 Ойын: «Кім жылдам »

Жүргізуші:қаске,қасеке көңіліңіз көтерілді ме?

7 Тақпақтар

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттамыз бәріміз

Өлеңде әзір,ән әзір

Ойында әзір-бәрі әзір

Қайда қызық думан болса

Аяз ата сонда болар

Балалармен бірге ойнап

Балалармен бірге болды.

Келді тағы жаңа жыл

Қуантуға біздерді

Құтты болсын,құтты болсын

Құтты болсын жаңа жыл.

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Тақпақ айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр

Жаңа жылды қарсы алдық

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым бейге де

Безендіріп шыршаны

Ел қуантты баршаны

Жаңа жылым келіп міне

Аяз оны басақарды.

Ақ қырауға малынған

Сақалы да,мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп

Түлкі.— о — о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи — хи — хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек

Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдадың ,меніде алдадың енді атаны да балаларды да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында таяығы)

8 Ойын: «Шаңғы тебеміз» (ата-аналармен)

10 Ән «Ақшақар »

Тәрбиеші: — Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой — буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір….
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз — Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!Бізді сендер сияқты басқада балалар күтіп отыр ,оларғада баруымыз керек.(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s