Тәуелсіздік – ұранымыз» тақырыбында өткен мерек елік іс-шара мен шығармашылық көрме жұмыстарыны ң мен есебі.


Шымкент қаласы
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектептің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Оспанова Қалима

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектеп оқушыларының «Тәуелсіздік- ұланымыз, Тәуелсіздік – ұранымыз» тақырыбында өткен мерекелік іс-шара мен шығармашылық көрме жұмыстарының мен есебі.

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты мектепішілік «Тәуелсіздік- ұланымыз, Тәуелсіздік – ұранымыз» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара барысында тарихқа шолу жасалынды. Оқушылардың қатысуымен «Жоңғар шапқыншылығынан» және «Кіші жүздің Ресейге кіруі», «Ұлт азаттық көтерілісі», «1986 жылғы желтоқсан оқиғасы» туралы көріністер көрсетілді. Желтоқсан оқиғасына арналған «Қара бауыр қасқалдақ» әні мен «Желтоқсан желі ызғарлы» әндері хор түрінде және жеке дауыста орындалды. Іс-шара соңы оқушылардың патриоттық әндерімен және күйлеріне жалғасты. Соңында қатысушылар мен мектеп әкімшілігіне сөз берілді.

Іс-шараның екінші бөлімі мектебіміздің екінші қабатында оқушылардың шығармашылық көрме жұмыстарымен жалғасын тапты.

Шығармашылық көрме жұмыстарына 8-10 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Қазақстан Республикасының патриоттары ретінде көрмеге жақсы ат салысты. Келген қонақтар оқушылардың жасаған жұмыстарына өз ризашылықтарын білдіріп, тілектер мен ұсыныстар жазып қалдырды. Мысалы келген қонақтардың бірі, 8 «д» сынып оқушысы Дүйсенбек Аделяның «Семей полигоны» саласымен байланыстыра жасаған жұмысына былай деп жазыпты; «Сіздің «Семей полигоны» саласында жасаған жұмысыңыз

статистикалық деректермен нақтыланған, жұмысыңызға сәттілік тілеймін» деп өзінің шын жүректен айтылған лебізін білдіріпті.

Оқушылардың жұмыстарына мектеп әкімшілігі де өз тілектерімен ұсыныстарын білдірді. Мектебіміздің директоры Сапаркулова Зарета Халиловна осы ғылыми жобаға қатысқан оқушыларға былай деп тілек қалдырыпты: «Оқушылар өздерінің жобаларын жоғары деңгейде қорғай білді, еңбектерің жана берсін. Осындай жаңашылдықтарыңмен қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өз жұмыстарыңмен көріне білулеріңе тілектеспін! Тәуелсіз елдің жастары қанаттарың талмасын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік, баянды болсын! Тарихты ұмытпайық!» — деп жазған әсерлі тілегі оқушыларға да ұнады. Келген қонақтар өткен тарихымызды еске алып, өзара әңгіме дүкен құрды. Осы ғылыми жобаның ішінде «ЭКСПО – 2017» жобасы ерекше көзге түсті. 10 «В» сыныптың ұл балалары кіші (мини) көрме жасап, келген қонақтарымызды Астана қаласында өтетін «ЭКСПО — 2017» көрмесіне барғандай сезімдерде қалдырды. Келген қонақтарымыздың

мәлімет 25 жыл.docx

Advertisements

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s