Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАРҒА ЖҰЛДЫЗНАМАСЫНА ҚАРАП БІЛІМІН ТЕРЕҢДЕТУГЕ БАҒЫТ БАҒДАР БЕРУ


Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі: Джумабеков Данияр 1 санат

ЖҰЛДЫЗНАМАЛЫҚ ӘДІС

Оқушылардың білім алуға деген белсенділігі де жұлдызнамалық мінез құлқы да байланысты болады. Сондықта біз ұстаздар қауымы сыныпта 25 оқушы отырса, сол 25 оқушының барлығынан үздік оқушының прототипін талап етеміз, көптеген ұстаздар әр оқушыға жеке жеке мінез құлқына сипаттама бергенмен ғана шектеледі. Ол жазылмаған бірақ ауызша айтылатын айқын шындық, бірақ сол әр түрлі мінез құлқына байланысты 25 оқушыға 25 түрлі әдіс тәсіл тауып белсенділігін сабаққа арттыру үшін жұлдызнаманы қолдану тұрғысында ешкім ізденбейді, біздің ұстаздардың іздену бағыты мен бағдары көбінесе психолгиялық, педагогикалық және тәрбиелік тұжырымдамалар мен кемридждік қағидадағы методикаларға негізделген. Осы күнге дейін сабақты игерудегі оқушылардың мінез құлқына ешкім жұлдызнамалық теория мен практиканы қолданып ұсынып көрмеді. Сондықтан мен осы ой тұрғысында көптен бері ойланып жүріп зерттеп зерделеп практикада оқушылармен интеграциялық өз ара байланыс барысында диагностика жасап қолданып көрдім. Нәтижесінде сабақты меңгеру барыснда оқушылардың керемет табыстылығына қол жеткіздім. Сондықтан сіздермен тәжірбие алмасу мақсатында мен өзімнің тәжірбиемді бөліскелі отырмын.
Қазақы жыл санауымызда он екі жыл он екі жануардың атымен аталған. Сондықтан кім қай жылы туды, оның мінез — құлқы сол жыл аталған жануардың мінез-құлқына ұқсайды. Әлқисса, ендігі әңгіме адамның туған жылына тұспа — тұс келетін мінез — құлық нышандары хақында.

№1. Тышқан жылы туылғандар
Олар үсті — басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан — той, ырду — дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш.

№2. Сиыр жылы туылғандар
Ұстамды келеді. Туған-туыстарының, өзінің қайғысына қатты күйзеліп, кімге болсын көмегін аямайды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қарайды.

№3. Барыс жылы туылғандар
Қызба мінезді, ашулан — шақ, басқаға билік жүргізгенді ұнатады, ешнәрсеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, ренжітіп тастайды.

№4. Қоян жылы туылғандар
Қорқақ. Кез — келген нәрседен үрейленеді, сыр сақ — тауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл — күйіне қарай әрекет ететін жан.

№5. Ұлу жылы туылғандар
Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тырысатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үн — сіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.

№6. Жылан жылы туылғандар
Сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез — құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр.

№7. Жылқы жылы туылғандар
Олар – «жұмыс аты» сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным таппайды. Әйтеуір, күні бойы тыпырлап, мазасыз күй кешеді.

№8. Қой жылы туылғандар
Сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.

№9. Мешін жылы туылғандар
Олар — өзіне — өзі ғашық жан — дар. Сәнқой, ырду — дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден ар — тық санайды.

№10. Тауық жылы туылғандар
«Үйкүшік». Үй — үйелменіне қамқор болып, кез-келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл — ойы бір басына жетерлік.

№11. Ит жылы туылғандар
Мінезі сөзшең, талас — тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда еш — кімге зияны жоқ.
12. Доңыз жылы туылғандар
Оңаша, табиғат аясында, бау — бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТУҒАН АЙЫНЫҢ ӘСЕРІ

Бір жылда он екі ай бар болса, олардың әрқайсы көктем, жаз, күз, қыс мезгілін білдіреді. Соған сәйкес ол кездегі ауа — райы қалай әр — түрлі болса, сол айларда туылғандардың да мінез — құлқы әрқилы. Біз енді сол жөніндегі болжамдарға назар аударалық.

№1
Қаңтар айында туылғандар Олар – шыдамды да жігерлі. Тағдырдың қандай тауқыметін тартса да туған — туыстарына салмақ түсірмейді, барлық ауыртпалықты өзі көтеріп, қайсарлық танытады.

Бұларға қолданатын әдіс тәсілдер мен тапсырмалар күрделі болу керек , себебі бұл айда туғандар өз бетімен белсенді әрекет етіп даму аймағын айқын көрсете алады

№2
Ақпан айында туылғандар Олар – тік мінезді, ұстамсыздық танытатын кездері көп. Мінезі көңіл күйіне байланысты өзгеріп отырады. Жан — дүниесіне тән қасиет: қиындықтардан қорқуды білмеу, тез шешім қабылдау, қандай шығынға батса да, оны өтеген соң қынжылмай ұмытып кету. Бұл айда туылғандар кекшіл, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді, әлсіздерді менсінбейді, үнемі ақкөңілдік, мейірімділік таныта қоймайды. Біреудің арамдығын іштей сезіп тұрса да, білмеген сыңай танытады. Өзі сыйластық танытқан адамы сыйластықпен жауап қайтармаса, ол туысы ма, досы ма, бәрі бір, кейде онымен қарым — қатынасы «қатып» қалады. Негізінен, мұның бәрі осы айда туылған ер адамдарға тән. Олар сұлулықты, тазалықты, әсем әуен, суреттерді, табиғатты сүйеді.

Ақпанда туылған оқушыларға көбінесе тең дәрежеде сөйлесуге жағдай жасап әдіс тәсіл арқылы бірте бірте тапсырмаларды күрделендіре отырып беру керек .Мақтау, қошемет сөздерді бұл айда туған оқушылар жағымды қабылдайды.

№3
Наурыз айында туылғандар Олар – өте сезімтал және әсершіл. Тек сәтсіздіктерге мойығыш, б Егерде мойығыш, уайымшылдығын қойып, бірбеткейлік, табандылық танытатын болса, алмайтын асуы аз.
Наурыз айында туылған оқушыларға оңай тапсырмалардан бастап бірте бірте жеңіл қысқа әдіс тәсіл арқылы тапсырмаларды күрделендіре отырып беру керек. Сол кезде сенімсіздіктен толық айырылады, қолдау сөздерді ұмытпау керек мадақтап қошеметтеп.

№4
Сәуірде туылғандар Көкек (сәуір) айында жарық дүние есігін ашқандардың мінезі – қатал. Олар өз мақсатына жету үшін батылдық, табандылық танытады, шешімді тез қабылдайды, өзіне — өзі есеп беріп, қателігін, кемшілігін, жетістігін саралап, салмақтап отырады. Өздерінің тұрмыс жағдайы оларды қатты толғандырады. Бірқалыпты өмір сүргенді қалайды.

Сәуірде туылған оқушылар кез келген әдіс тәсіл арқылы кез келген тапсырманы орындауға аса құлшыныспен кіріседі, түсінбеген жерін сұрап отырады.Бұл айда туғандар өте белсенді.

№5
Мамырда дүниеге келгендер ашық мінезді бірақ кекшіл, өзіне жамандық жасағандарды оңайлықпен кешіре алмайды.

Сондықтан бұл жылы туылған оқушылармен сөйлесу барысында жылы сөйлеп жан дүниесіне үңіле отырып тапсырманы орындауда бағыт бағдар беріп әдіс тәсілдерді өзгертіп отырған дұрыс.

№6
Маусым айында туылғандар Олар – уайымшыл, жаны тез жараланғыш, өз істеріне байыппен, сергектікпен қарайтындар. Дарындылық пен алғырлық, мейірімділік мінез-құлқына, бойына тән қасиеттер. Жақындары мінез — құлқын көп тани бермеуі, оларды тұйық санауы мүмкін. Олар туыстарының олай ойлауына жол бергенімен, сырт адамдармен ашық — жарқын қарым — қатынаста болады, шешіліп сөйлеседі. Дау — дамайды ұнатпайды, одан бойын аулақ ұстайды.

Маусым айында туылған оқушылар ізденпаз болады, айтқан тапсырманы күрделі болсада орындауға тырысады және де білмегенін қысылмай сұрай алады , кез келген тапсырманы қызықтырып берсеңіз әдіс тәсілдерге сәйкестендіріп тез түсініп алып кете алады.

№7
Шілде айында туылғандар Олар — өзімшіл, ұстамсыз, шыдамсыз болып келеді. Тәкаппар, өзін өзгелерге тәуелді етпейді. Алайда дос, жолдас, құрбыларының айтқанынан шыға алмайтын көнбіс.

Бұл айда туылған оқушыларға сенікі дұрыс дей отырып тапсырма беріп әдіс тәсіл қолданғанда көбінесе диалогтық әдіс тәсілдерді қолданғангөрі топтық жұмыс жасағаны тиімді шығады.

№8
Тамыз айында туылғандар Олар – бірбеткей, қуатты, әсершіл. Жемісті еңбек етеді, кейде аңғал. Бұл айда дүние есігін ашқан оқушылар сезімтал, айналасындағылардан мақтау күтетін, өзін сынағандарды жек көретін жандар

Бұл айда туған оқушыларға қошемет көрсете отырып ең қиын тапсырмаларды берсеңізде игеріп кете алады, егер тапсырмаларды дұрыс орындамаса қатқыл ескертулер беруден сақ болыңыз.

№9
Қыркүйек айында туылғандар Олар – қызуқанды, әсершіл, мақсат қойғыш, жанжалқой, ақшаны үнемдеп жұмсайтын, өзін — өзі жақсы көретін, есепке өте жүйрік жандар. Үнемі алдына белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің жолын іздестіріп жүреді.

Бұл айда туылған оқушылардан байқағаным жеке жұмыс жасау мен диалогтық тапсырмалар мен әдіс тәсілдерге бейім екен.

№10
Қазан айында туылғандар Олар – қарапайым. Бұл олардың басты ерекшелігі. Қазанда туылған ер балалар өтірікке жақын, оның сөзінің қайсы шын, қайсы жалған, сезу қиын. Ақылды да достықты жоғары бағалайтын, қаржымен байыпты жұмыс істейтін, шешімді көп ойланып қабылдайтын, оның алдында ақылды адамдармен сөйлесіп алатын, алайда көбінесе өз көзқарасын дұрыс санайтын адамдар. Қазанда туылған қыздар – принципшіл. Сатқындық пен екіжүзділікті кешірмейтін, есте сақтау қабілеті жоғары, Сыныптағы ұйымдастырушылыққа пысық. Өзін сынағандарды жек көреді.

Бұл айда туылған ұл балалар оқушылар сылтауды көп айтады екен, сондықтан үнемі берген тапсырмаларды қадағалап жиі жиі тексеріп қадағалап отыру керек.Кез келген әдіс тәсіл мен тапсырмаларды үстірт орындайды сондықтан бақылауда ұстаған жөн.
Ал осы айда туылған қыз балалар яғни оқушылар сабақ барысында тапсырманы орынауда әдіс тәсілдерді игерту барысында құбылмалы сондықтан мадақтама айтып үнемі бақылауда ұстау қажет.

№11
Қараша айында туылғандар Бұлар – есепке жүйрік, өз тұрмыс жағдайы үшін ұнамсыз істерге де баратын, қасындағыларға құбылмалы қарайтын бірақта одан қорытынды шығармайды.

Сондықтан бұл айда туылған оқушыларға сабақ барысында көбінесе көшбасшылық қызыметтерді ұсыну керек. Арбаны да сындырмайтындай өгізді де өтірмейтіндей талап пен жауапкершілікті арту керек.

№12
Желтоқсан айында туылғандар Олар – сезімтал және көңілшек. Сонымен қатар сәл нәрсеге қабақ шытып, айқай — шу шығаруы мүмкін. Мінезінде ұрыншақтық бар. Жағымсыз жайларға жиі себепкер болады. Бірқалыпты өмірден тез жалығады, қызуқанды, дос — жолдастарының көп болғанын қалайды.

Бұл айда туылғандарға көбінесе мадақтап қошеметту арқылы сабақ барысында кейбір дұрыс емес жауап берген жағдайда дұрыс еместігін өзгеге емес өзінде дәлелдетіп шешімін таптыруға бағыт бағдар беру керек.

Авторы: Тарих пәні мұғалімі Данияр Джумабеков

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s