Еңбекке баулу. Аппликация жасау


Молдаханова Лаура Аскерхановна

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы Берел ауылы

«Берел орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Еңбекке баулу сабағы

Тақырыбы: Аппликация жасау

Мақсаты: 1. Білімділік: Ою -өрнек элементтерін пайдаланып, түрлі

бұйымдарды әшекейлеуге үйрету. Жоба бойынша

оюды қағаз бетіне түсіру, бүктеу, қию тәсілдеріне

машықтандыру. Оюға лайықты түсті таңдау,

бұйымға жапсырмалауды меңгеру.

2. Дамытушылық: Ою -өрнектер тарихы, қолданылуы, ортамен,

табиғатпен байланысын түсіндіру арқылы

оқушылардың дүниетанымын, эстетикалық талғам

көкжиегін кеңейту.

3. Тәрбиелік: отаншылдық рухқа баулу, қазақтың салт- дәстүрін

құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: оюдың жобасы, ақ және түсті қағаздар, қайшы, желім, қатты қағаз.

Көрнекіліктер: ұлттық әшекейі бар бұйымдар, «Ою- өрнектер» буклеті, нақыл сөздер:

Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы (оюлардың шығу төркініне байланысты), дүниетану (олардың бәрі табиғаттан алынғандығы), бейнелеу өнері, математика, ана тілі (оюлардың атын дұрыс айта білу, мақалдар, өлеңдер оқу).

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрнекілік, ойын, өз бетімен

жұмыс, іздену.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

— мақсатын хабарлау

— құрал-жабдықтардың әзірлігін тексеру;

— өлең оқу: Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең –еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

II. Ойын: «Сен білесің бе?» (дебат түрінде әр заттың жақсы және жаман жақтарын айтқызу)

Қайшы-

Қағаз-

Желім

III. Жаңа сабаққа дайындық

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері алуан түрлі. Олардың әрқайсысының өз атауы бар. 200-ге жуық түрі белгілі. Мүйіз бейнелі айшықтар қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерінің басы болып табылады. Мәселен, қошқармүйіз, арқармүйіз, қосмүйіз, алқа, құсқанаты т.б. Әр шебер өрнекке өзі ат қойып отырған. Алайда ою-өрнектердің мазмұнында, композициясында малшы, аңшы, егіншілер тіршілігі көрніс тапқан. Ою өрнектер текемет, сырмақ, түскиіз секілді үй жиһаздарында, басқа да көптеген бұйымдарда қолданылатынын хабардар етеді

— Көрнекіліктермен жұмыс (буклет)

IV. Оюлар еліне саяхат.

1. Мүйіз оюы ертеден бізге дейін сақталып жеткен басты өрнектердің бірі.

2. Қошқар мүйіз — әл- қуатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі. Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады: арқар, сыңар, қос мүйіз.

3. Құс мұрын – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.

4. Түйе табан – алыс сапар белгісі, «жүргенде жөргем ілінеді» дегені.

5. Түйе мойын – қайраттың, қажымас еңбекқорлықтың белгісі, еңсеңді көтер деген сөз.

6. Омыртқа – бірліктің, ынтымақтың, беріктіктің белгісі.

7. Құстаңдай – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық болсын деген тілекпен өнер адамдарының шапанына кестелеп тігіледі.

8. Қолтық ою – қазақ халқы жерге төселетін текеметке салатын нақышы. Бұл төсегің жайлы болсын дегенді меңзейді. (ою ойып көсету)

— үлкен тостағанды көрсету

V. Айшықтау үшін таңдалған еңбек объектісінің пішініне талдау жасау;

VI. Жапсырмалау үшін қажет сюжеттер мен дәлелдерді көрсету және талдау; (жапсырмалап көрсету)

VII. Сарамандық жұмыс.

Тостағанды әшекейлеу (жобаны тарату)

— оюдың жобасын түсті қағаздың ішкі жағына көшіру;

— Пішінді қиып, кесу;

— Желімдеу;

VII. Дайын болған жұмысты талдау.

— көрме арқылы жұмыстарын салыстыру.

— өздеріне талдау жасату

IX. Ойын: «Кім көп біледі»

— Еңбек туралы мақал- мәтелдерді айтуы бойынша

А.Македонский: «Қай үйге кірсем де жердегі киіздің бетінен оюдың бір ғана түрін көрем. Сөйтсем, мен қазақтың киіз кітабінің үстінде дем алып отырған екем. Біз қазақ деген халықтың адамгершілігін күннің мейірімділігімен теңеуге болады екен».

Әлкей Марғұлан: «Қазақ халқы кілең ою- өрнек дүниесінің ортасында өмір сүреді».

X Бағалау.

XI. Қортынды жасау.

— оюдан өрнек жасау арқылы. (жобадан дөңгелек құрастыру)

— Оюды сыйлау

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s