Жаңа сабақтар

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы


ШҚО, Жарма ауданы, Шалабай ауылы

«Н.Крупская атындағы орта мектебінің» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Корпебаева Қарлығаш Мұхтаргазиевна

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбектің «Ақбілек» романы.

(ХІ сынып.Көркем шығарманы талдау сабағы)

Сабақтың мақсаты:Ақбілек образының қайшылықты тағдырының психологиялық образ дәрежесіне көтерілуін, сондай-ақ бейнеттен, қорлықтан құтылған» күнәдән» тазарған Ақбілектің психологиялық жан сезімін ұғындыру; адам мен табиғат, өмір мен өлім арасындағы табиғи заңдылықты басты кейіпкер басына түскен ауыртпалықпен байланыстыра түсіндіру (психологиялық параллелизм).

Әдістмелік мақсаты: көркем шығарманы талдауды үйрету, сол арқылы өмірді таныту; өмірге көзқарасын қалыптастыру, мінез-құлқына ықпал ету.

Сабақ көрнекілігі: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы, слайд.

Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

Қазақ халқының «Бес арыстың» біріЖүсіпбек Аймауытов

Топтық жұмыс. Оқушыларға ұяшықты таңдату арқылы өткен тақырыпқа жауап алу.

1(20)Жүсіпбек Аймауытов кім? Жүсіпбек Аймауытов дарынды жазушы, драматург, ғалым, аудармашы, көсемсөз шебері. Ол ақын, жазушы ретінде танылумен қатар, көрнекті қоғам қайраткері,саясаткер.

2. (30)Қашан, қай жерде дүниеге келген?

3. (40)Ж.Аймауытовтың саяси көзқарасы қалай қалыптасты? Репрессияға ұшыраған Жүсіпбекке қандай айып тағылған еді?

4.Қай жылы ауылда мұғалім болып істейді?

5.Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі болып қай жылы жұмыс істейді?

6«Қазақ тілі» газетінде Аймаутов қандай қызмет атқарды?

7.Бес томдық шығармалар жинағында қандай туындылары бар?

8.Жүсіпбек Аймауытовтың пьеса, романдарын ата

9.Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны қай және кім атындағы институтының ғалымдары жинастырды? М.Әуезов

ІІ.Жаңа сабаққа көшу.

«Ақбілек» — қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды көркем, бастан-аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісі ретінде жазылған реалистік роман. Қазақ әдебиетінде реалистік роман ұстанымдарын алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек ХХ ғасыр басындағы саяси-əлеуметтік жағдай жəне шығармада суреттелген өмір шындығы. Адамдардың сана-сезіміндегі өзгерістерді бейнелеудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Ақбілек образының ұлттық сипаты жəне психологиялық күйзелісінің шығармада көркем жинақталуы.

«Ақбілек» романы Аймауытов шығармашылығының шыққан биігі деуге болады. Ол стиль, композиция тәрізді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді. Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау дәстүрлерін еркін пайдаланды. Жазушының бар таланты биік қырынан көрінеді.

Жазушы бұрын сыры жұртқа айтылған тақырып емес, соны,мүлде тың, тіпті сирек оқиғаларады романға арқау еткен. Натурализм үлгісінде жазылған шығарма

Сұрақ: Натурализм дегеніміз не?

Жауап: Натурализм XVIII ғасырдың ІІ жартысында Францияда пайда болған. Натурализм – талдау, анализ жасау деген сөз, мұнда адамның өмірін сынақтан, эксперименттен өткізу арқылы оның мінез-құлқындағы,ой-санасындағы қайшылықтарды шешу,қалтарыстарын таныту ниеті байқалады.Бұл бағыттың негізін салған – белгілі жазушы Эмиль Золя.

Натурализмнің ерекшеліктері:

Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді.Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің бойында болатын психологиялық өзгерістерді бақылау идеясы.

Өмір мен өлімнің күресі немесе тіршілік үшін күрес.

Табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын қатар суреттеу.

«Ақбілек» романын ашқан кезде тамаша табиғатымен Алтай тауы қарсы алады (кітаптан үзінді …)

Жеке жұмыс: (Нашар оқитын екі оқушыға карточка тарату)

Жинақтау.Сұрақтарға жауап алу

1. Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?

2. Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?

3. Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуі нені аңғардыңдар?

4. Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінеді?

5. Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?

6. «Қызын бүркітше бүріп жатқан 2 орысты анасы екпінмен келіп итеріп тастап, балапанын басқан ана құстай баласын бас салды» деген көріністің аяғы немен тынды?

7. Қазақтың бас араздығынан кек туатыны қай көрініс арқылы сипатталған?

8. Ақбілектің көрген зәбірін, арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз?

9. Ақбілекке екі офицердің таласуы, Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?

10. Оқиға барысында Қарамұрт офицер қай қырынан байқалады?

Ақбілек жолға шығады. Оған диуана Ескендір кездеседі. Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді?

Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр. Ақбілек неге мұңаяды?

11. Ақбілектің басына түскен қайғысы неде?

12.Автор Ұрқия мен Ақбілектің жасырын сырын қандай мақсатта пайдаланған?

13. Өгей шешенің тепкісін қандай суреттер арқылы сипаттаған?

14. Ақбілектің Ақбаламен махаббаты.Оның сәтсіздікке ұшырау себебі неде?

15. Ақбілектің елге оралуы,ағасы мен жеңгесінің қарсы алуы қалай суреттеледі?

16. Ақбілектің Бекболат ауылына соғуы, Бекболатты пішіні Ақбілек арқылы сипатталуы неліктен?

Топтық жұмыс.

І топ: Романның тақырыбы, идеясы

ІІ топ: Шығарманың тілі, құрылысы

ІІІ топ: Романда кездесетін ұлттық наным-сенімдер

Қолдану. Постер:

І-топ. Ақбілек тауда жалғыз. Елестетіп көріңіздерші.қою қараңғылық.Түн.Су арқырап ағып жатыр. Жел гуілдеп тұр. Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда. Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді.Олар бірте-бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды.

Қасқыр ненің белгісі?

ІІ топ.Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді. Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе.

Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті?

ІІІ топ. Шоқ ненің рәмізі деп ойлайсыз?

Бекіту. Жинақтау

Міне, балалар, романды оқып аяқтадық. Шығарманың шарықтау шегі қай жерде, биігіне жетеді деп ойлайсыз? Қай тұстары сіздерді әр түрлі күйге салды:қуантты, ренжітті, күлдірді, жылатты, толғандырды, ойландырды.

Роман несімен ұнады немесе неге ұнамады? Бұл – қиын сауал.

  • Үй тапсырмасы:

Ойтолғау: “Ақбілектің заманында мен өмір сүрсем”

  • Бағалау.
  • «Ақылдың алты қалпағы»
  • Оқушыдан интервью алу парағы.

Ақбілек романы.docx

Реклама

Добавить комментарий

Заполните поля или щелкните по значку, чтобы оставить свой комментарий:

Логотип WordPress.com

Для комментария используется ваша учётная запись WordPress.com. Выход / Изменить )

Фотография Twitter

Для комментария используется ваша учётная запись Twitter. Выход / Изменить )

Фотография Facebook

Для комментария используется ваша учётная запись Facebook. Выход / Изменить )

Google+ photo

Для комментария используется ваша учётная запись Google+. Выход / Изменить )

Connecting to %s